Масабаева А. Н. Ақтөбе, 2020



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#14725
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6

Қолдану түріне байланысты субөнімдер тағамдық жəне техникалық болып бөлінеді. Тағамдық субөнімдерге бас жəне оның құрама бөліктері, құйрық, желін, қарын, бауыр, өкпе, жүрек, бүйректер, көкбауыр, ет бөліктері, жұтқыншақ пен көмей жатады. Техникалық субөнімдерге дене бөліктері жəне тағамдық құндылығы жоқ мүйіз, бас сүйегі, жыныс органдары жатады. Бірінші санатты субөнімдер етке тең. Субөнімдерінің тағамдық құндылығы олардың морфологиялық жəне химиялық құрамына байланысты. Морфологиялық құрылысына байланысты субөнімдер сүйек-етті (тілі жəне миы жоқ сиыр басы, қой жəне сиырдың құйрығы) етті (бауыр, жүрек, тіл, ми, желін, диафрагма), жүнді (шошқа жəне қой басы, құлағы, ерні, қой сирағы т.б.) жəне шырышты (ұлтабар, шошқа қарны т.б.) бөлікке бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет