Мұғалімдерге іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау ұсынылады. 1-топқа: Сынып ішінде жүргізілетін іс-әрекеттегі зерттеу жоспары;
2-топқа: Әдістемелік бірлестік ішінде жүргізілетін іс-әрекеттегі зерттеу жоспары;
3-топқа: Мектепішілік бір проблемаға байланысты жүргізілетін зерттеу жоспары.
Жоғарыда берілген жоспардың үлгісі бар, өздерінің іс-тәжірибесі бар, соларға сүйене отырып топтар жұмыс жасайды.
ІV. Түйінді идея. Мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі.
Коуч қатысушыларға проблеманы дұрыс анықтап, зерттеу сұрағын нақты қою жолдарын слайдтармен көрсетеді.
Қорапшалардағы іс-әрекеттегі зерттеу этаптарына байланысты әртүрлі заттарды рет-ретімен орналастырады.
Диалогқа қатысады, осы тақырып бойынша не білетіндерімен бөліседі.
Ойлана отырып жауап іздеп, өз ойларын ортаға салады.
Зерттеу жүргізуде қадамдарын нақтылап, аса ептілік, жауапкершілік қажет және тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, мұғалімерді ойлануға ынталандыру, қолдау көрсету керектігін түсінеді.
Жоспар үлгісі
Әр топ өздеріне қатысты бір проблеманы анықтап, зерттеу тақырыбын, зерттеу сұрағын, зерттеу мақсатын, күтілетін нәтиже, әрекет жоспарын құрады.Постер қорғайды.
Мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі туралы түйінді идея нақтыланады.
Кері байланыс 5 мин Мақсаты: Коучинг өткізу тиімділігі мен құндылығын білу, алған білімдерін саралау.
Әдіс-тәсілі: "Координаттар жүйесі"
Қатысушылардың кері байланысы "Координаттар жүйесі " әдісі арқылы жүргізіледі. Коучингке қатысушылар координаталар жүйесіне іс-әрекеттегі зерттеу жайлы білетіндерін 3 баллдық жүйеде белгілеп көрсетеді.
Координаталық жүйе (кері байланыс) Қатысушының аты-жөні: _________________
3
2
1
Зерттеу Дереккөздер Зерттеу
кезеңдері құралдары
Коучингтің тиімділігі- мұғалімдер өздерін мазалаған сұрақтарына керекті мағлұматтар алған, алмағандығы жайлы өз ойларын білдіреді.
Құндылығы- іс жүзінде көрсетілген үлгі бойынша жоспарлаудың қыр-сырын түсіну екенін білдіреді.