инфрақұрылымдарын (бүкіл дүниежүзі үшін жаһандық, ұлттық
немесе өңірлік) құру жəне дамыту проблемасын шешуге мүмкіндік
берді. Жаһандық немесе корпоративтік желілер арқылы ұжымдық
пайдалану үшін берілетін ақпараттық қорларды, ашық жүйелер идео-
логиясы мен стандарттар негізінде құрылған АЖ қалыптастырады
жəне қолдайды. Сондықтан ақпараттық инфрақұрылымдар пробле-
масы, жекелей алғанда оны жүзеге асыру, əрбір АЖ-ге ғана емес,
сонымен бірге инфрақұрылымдар шеңберлерінде өзара бірлесіп
жүзеге асыратын жиынтық АЖ-ге ашық жүйелер идеологиясын
таратуға саяды.
Бүгінгі күні ашық жүйелер тұжырымдамаларында ОЖ мен
мəліметтер қорлары (МҚ) стандарттарына ғана емес, сонымен
бірге қолданылатын жүйелерді, қосымшалар мен пайдалану-
шыларды біріктіретін стандартталған интерфейстерге де назар
аударылған. Бұл көзқарас дүниежүзінде танылған стандарттарды
интерфейстерге, хаттамаларға, мəліметтер алмасу форматтарына
шоғырландыруды талап етеді. Қазіргі ашық АЖ-нің гетерогендік
ортасында мэйнфремдер (əмбебап ЭЕМ) мен суперкомпьютерлер, Unix жəне
Windows платформаларда серверлер, жергілікті жəне
жаһандық желілер арқылы байланысқан дербес компьютерлер
мен жұмыс стансалары біріктірілуі мүмкін. Осылардың барлығы
желілерге жəне желілердің өзіне қосылатын əрбір жүйедегі ашық
жүйелер стандарттарын таңдау мен жүзеге асыру үшін жүйелік
əдіснамалық негіздерді қажет етеді.
Осыдан ары қарайғы тақырып мазмұны осы əдіснаманы зерделеу-
ге арналған жəне оған мыналар кіреді:
• ашық жүйелердің негізгі анықтамасы мен қасиеттері;
• ашық жүйелердің тұжырымдылық моделі (жүйелер тəртібінің
моделінен өзгешілігі референстік модель деп түсіну керек);
• пəннің əдіснамалық негізі болып қабылданған OSE/RM (Open
System Environment/Reference Model) эталондық модельдердің
интерфейстері;
• ашық жүйелердің негізгі қасиеттерін қамтамасыз ету құралдары;
• ашық жүйелер профильдерін қалыптастыру жəне қолдану
əдіснамасы;
• ашық ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың
базалық стандарттары.
Осы пəнді оқып үйренетін студенттер, құрылымдық жəне
объектіге бағдарланған талдау жасау мен ақпараттық жүйелерді
жобалау жəне осы жүйелер үшін қолданбалы бағдарламалық
кешендерді бағдарламалау əдіснамаларымен таныс деген ұйғарым
жасаймыз. Осы пəнді оқып үйрену, олардың қолданылатын
стандарттар мен спецификациялардың ұшы-қиыры жоқ шексіз
мұхитынан, нақты қолданбалы сала үшін қажетті жəне жеткілікті
стандартталған ортаны таңдай алуына жəне ең соңында, құрылатын
АЖ-ні қандай стандарттар қанағаттандыруы тиіс деген сұраққа жа-
уап беруге көмектеседі.
АЖ-ні жобалау барысында алынған, осы сұраққа берілген толық
жауап, құрылатын қосымша ұзақ өмір сүретін, жаңа жобаларда
жəне аталған АЖ-ні дамыту кезінде қайталап пайдалануға бола-
тын жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл, онсыз ай-
налып өтуге болмайтын, оны сүйемелдеу жəне дамыту қиын (кейде
мүмкін емес) бұрынғы жүйелерден «мұра болып қалған» проблема
болашақта туындамас үшін қажет.