Қазіргі АЖ-нің екінші маңызды ерекшелігі – бөлінген мəлі-
меттерді өңдеу, атқарымдық ықпалдасумен байланысты.
Бірыңғай АЖ-ге ықпалдасатын функциялар мен ішкі жүйелер,
бір-бірінен аумақтық алыс тұруы мүмкін кəсіпорын бөлімшелерінде
орналасқан, гетерогендік (грекше. heterogenes – əртекті) бағдар-
ламалық-ақпараттық платформаларда жүзеге асырылуы мүмкін.
Компьютерлердің сыныптары мен типтеріндегі, операциялық
жүйелердегі, мəліметтер қорларын басқару жүйелеріндегі (МҚБЖ)
жəне өзге де жүйелік бағдарламалардағы айырмашылық, я осы
платформалардың шешілетін есептер сыныптарының талаптарына
сəйкес келу керектігінен, я осыған дейін пайдаланылған техникалық
жəне бағдарламалық құралдарды пайдалану қажеттілігінен болады.
Осындай гетерогендік платфор малардың сипатты мысалы – бұл
кəсіпорынның жергілікті немесе корпоративтік желісі арқылы бай-
ланысатын пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орын-
дарынан (дербес компьютерлерден немесе жұмыс стансаларынан)
жəне серверлердің (қосымшалар серверлері, мəліметтер қорлары
серверлері, файлдық серверлер жəне т.б.) жиынтықтарынан тұратын,
«клиент-сервер» архитектурасымен бөліктелген ақпараттар өңдеу
кешендері.
Осындай бөліктеліп ықпалдасқан АЖ-ні жобалай отырып,
жүйелік ықпалдастырушы (интегратор), əртүрлі операциялық
жүйелер қолдайтын қосымшалардың өзара əрекетін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін шешімді табуы тиіс. Бұл ретте, бөліктелген
өңдеу ортасы қызметімен желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді
жүзеге асыратын, аралық қабаттың (қосымшалар мен операциялық
жүйелер арасындағы) бағдарламалық қамтамасыз етуі пайдаланы-
луы тиіс. Осындай гетерогендік ортада бірлесіп жұмыс жасауға
арналған қолданбалы бағдарламалар, қызметтер интерфейстеріне
жəне осы ортаның қызметтеріне сəйкес келетін бағдарламалық ин-
терфейстерге ие болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: