Қорытынды
1. Ақшалар инфляциялық үрдістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-теңдікке жету механизмін, тауар және ақша нарықтарының тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория ретінде саналады.
2. Ақшаның негізгі қызметтері бар:
• құн өлшеу құралы ретінде – тауарлардың бағалар түріндегі құндарын өлшеу және салыстыру үшін қызмет атқарады;
• айналым құралы немесе жалпылама айырбастау құралы ретінде – айырбас кезінде делдалдық қызмет атқарады;
• жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде – болашақта сатып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады;
• төлем құралы ретінде – несиелік төлемдерді қайтару үшін қызмет атқарады;
• әлемдік ақшалар ретінде – әлемдік нарыққа қызмет көрсету үшін қолданылады.
3. Ақшаның бағасы ақша нарығында ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының нәтижесінде қалыптасады. Ақшаға деген сұраныс (Мd) – тұрғындар мен фирмалардың берілген уақыт мезетінде белгілі бір төлем операцияларын жүргізу үшін нақты қара-жаттар көлемін өз қолдарында ұстағысы келетінін білдіретін қалаулары; нарықтың ақша қаражаттарына деген жалпы қажеттіліктері.
4. Ақша ұсынысы (MS) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M1 ақша агрегаты деп қарастыруға болады.
5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Орталық банк реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |