Мақсаты: Балалар және ересектер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру. Міндеттері



бет2/6
Дата01.03.2023
өлшемі28,52 Kb.
#70716
1   2   3   4   5   6
Жүргізуші/автор сөзі: осы көріністе көрсетілгендей, адам өмірінде барлық эмоциялар керекті болып табылады. Бірі біздің көңілімізді көтеріп, жақсы психологиялық қалыпта болуымызға көмектессе, бірі сол жақсы сәттерді бағалауға итермелейді. «Қараңғылық болмай жарық көрінбейді» демекші, өміріміздің әр сәті біз үшін маңызды болып табылады. Қиындық көрген кездеріміз бізге тәжірибе болып, бақытты кездеріміз біздің өмірімізді көркейтеді. Жақсы көңіл-күйде болу, өмірге позитивті көзқараспен қараудың маңызы көп. Жақсы көңіл-күй бізге қиындықтарды жеңе білуге көмектеседі, әр күнімізден ләззат алып, бақытты сәттерді өзіміз құрып алуға ықпал етеді. Жақсы көңіл-күйде жүрген адам басқаларға тарттымды көрінеді, өзінің жағымды сезімдерін жанындағы адамдарға «жұқтырады». Жақсы көңіл-күй иммунитеттің жоғары болуына әсер етеді, ағзаның сыртқы ортадан келетін стреске қарсы тұра білу қабілетін көтереді.
Жүргізуші: Бүгінгі «Жақсы көңіл-күй рецепті» тақырыбындағы психологиялық бір күндік іс-шараға қош келдіңіздер! Бүгінгі күннің бағдарламасымен таныстырып кетсек:
«Қатып қалған ескерткіш» жаттығуы
Нұсқау: қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Ортаға бір қатысушы шығып, қалған қатысушыларды күлдіруі қажет. Бірінші болып күліп қойған адам, келесі болып басқаларды күлдіруі қажет.

«Кім болғым келеді? Заманауи мамандықтар атласы»


тренингі
Өткізілетін сынып: 8, 9 «А»
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау.
Міндеттері:

Көрнекілік құралдар: доп, плакат, А4 ақ парақ, стикерлер, түрлі-түсті карточкалар, түрлі-түсті маркерлер, интерактивті тақта, мұғалімдердің сілтеу таяқшасы (указка).
Құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

  3. Негізгі бөлім.

1-жаттығу. «Мамандық добы».
Мақсаты: тренингтің тақырыбын ашу.
Нұсқау: Оқушыларға кезек-кезекпен доп берілу арқылы сұрақтар қойылады:
1) «Болашақта қандай іспен айналысқың келеді?»
2) «Өзіңнің қандай іске икемділігің бар деп санайсың?»
3) «Қазіргі таңда талап етілетін мамандықтар қандай деп ойлайсың?»
2-жаттығу. «Менің арманымдағы мамандық».
Нұсқау: Тақтаға «Менің арманымдағы мамандық» жазуымен плакат ілінеді. Оқушылар таратылған стикерлерге өз армандарындағы мамандықты және оны ұнату себебін жазып, плакатқа жабыстырады.
3-жаттығу. «Мен көрсеткен жерге қарама» ойыны.
Нұсқау: Жүргізушінің алдына бір оқушы тұрады. Жүргізушінің қолында сілтеу таяқшасы (указка) болады. Ол үшке дейін санап, жоғары, төмен, оңға немесе солға таяқшаны бұрады. Оқушы таяқша көрсетіп тұрған жерге қарамауы шарт. Ойын тез жылдамдықта ойналады.
4-жаттығу. «Жасырылған мамандықты тап!».
Нұсқау: Оқушылар бір-бірлеп ортаға шығып, белгілі бір мамандықты іс-қимылмен көрсетіп, түсіндіреді. Қалған оқушылар ол қандай мамандықты жасырғанын табуы қажет.
5-жаттығу. «Әріпті мамандық».
Нұсқау: А4 парағы үшке бөлінеді. Бір бөлігіне «М» әрпі, екінші бөлігіне «Д», үшінші бөлігіне «С» әрпі беріледі. Оқушыларға үш түсті карточкалар таратылады. Жасыл түсті карточка түскен оқушылар «М» әрпінен басталатын, қызыл түсті карточка түскен оқушылар «С» әрпінен басталатын, ал көк түсті карточка түскен балалар «Д» әрпінен басталатын мамандық атауын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет