Мақсаты: «Балдырған» тобының мектепке, білімге деген қызығушылықтарын


Балалардың білімін тексеру көрінісі



бет2/2
Дата25.05.2023
өлшемі22,45 Kb.
#97454
1   2
Байланысты:
Коштасу

Балалардың білімін тексеру көрінісі:
«5» деген жазуы бар бестік баға есік қағып кіреді.
Жүргізуші: Балалар, «5» деген бағаны білесіңдерме?
Балалар: Хормен «Білеміз» деп жауап береді.
Жүргізуші: Ал, қане айтып беріңдерші «5»- тік баға қандай балаларға қойылады?
Балалар: Тәртіпті, сабақты өте жақсы оқыған балаларға қойылады.
«5» - тік баға: Сүйкімді балақайлар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балаларды мектепке барар алдында білімдерін тексеріңдер деп жіберді. Менің қолымда тапсырмалар жазылған билеттер бар. Сол билеттердің жауабының орындалуын талап етеміз. Мен сендердің жауаптарыңа қарап мектепке даярлықтарыңды тексеремін. Тәрбиеші апайларың билетті алып, оқиды, ал сендер сол сұраққа жауап бересіңдер.
Тәрбиеші: Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан мемлекетінде
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар: Қ. К. Тоқаев
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата?
Балалар: Туымыз, Елтаңба, Әнұранымыз.
Тәрбиеші: 1-5 ке дейін тура және кері санаймыз?
Бір аптада неше күн бар?
Пішіндерді ата?
Түстерді ата?
Тәрбиеші: Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір қай мезгіл? Айларын ата?
Тәрбиеші: Қандай ертегілерді білеміз?
Бестік: Балалар сіздерге үлкен рахмет. Менің сіздермен қоштасатын кезім келді. Мен «Білім ханшайымына» сіздердің мектепке дайындықтарыңды жақсы екенін айтып барайын.
Ал, балалар, сабақты жақсы оқып, тек «бестік» деген баға алыңдар, деп балалармен қоштасып, «бестік» шығып кетеді.

Ортаға тәрбиеленушіміз Нұрлыбек Абылды «Оқуда озат боламын»әнімен қарсы алайық.


Жүргізуші: Құрметті ата аналар, тәрбиеші апайлар, балғын бүлдіршіндер, бүгін біздің бүлдіршіндеріміз өздерінің алғыс тілектерін өлең шумақтары арқылы білдіреді.
Рабил: Гүлдендірген бақшаны
Бөбекжай директоры жақсы апай.
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Света Нұржанқызына мың алғыс!

Раяна: Баулап баптап өсірдіңіз


Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді
Тәрбиеші апайлар Дариға, Мария
Апайларға мың алғыс!
Жансая: Әдіскер Гүлфайруз апайға
Алғыс айтып барамыз.
Қабыл алып гүлімізді
Әдемі болып жүріңіз.
Айбар: Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Ақшуақ апайға мың алғыс!
Аяна: Жүгіртіп бізді алатын
Доптай шапшаң секіртіп
Шынықтырып денеңді
Шымыр болуға үйреткен
Айгүл апайға мың алғыс!
Ортаға «Қамажай» әнімен тәрбиеленушіміз Оразғұлова Ақеркені шақырамыз.
Бекназар Динара «Біз мектепке барамыз» әнімен қарсы аламыз.

Дінмұхаммет: Ақ төсекке жатқызған


Тәтті тамақ жасаған
Бала болып ойнаған
Айзада апайға мың алғыс!

Адина: Біздің гүл бөбекжайда


Бар әсем асхана
Бар онда аспазшы
Ақкөңіл жақсы адам.
Әлде май, қаймақ па?
Борщ па, сорпа ма?
Тұрады ортада қаламқас апайға мың алғыс!

Абыл: Төсек орны тап-таза


Аппақ жуған сүлгісі
Жанар, Күләш апайларға мың алғыс!

Тобымыздың биші ұлдарының орындауында «Джентельмендер» биі


(Сағынжан, Абыл, Хақназар, Мүсілім)


Ортаға тобымыздың үлгілі бүлдіршіні Арыстанбек Еркеназды «Анама» атты өлеңін оқуға шақырамыз.

Хор: «Балабақша»


Балаларды марапаттау.
Осымен «Балдырған» тобының «Қош, бол бөбекжай» ертеңгілігі аяқталды, тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!
Ата-аналарға сөз береміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет