Олай болса, балалар, көкпар тартысты бастайық. Қойылған сұраққа дұрыс жауап берсе, өз қазандығына 5 ұпай салған болып есептеледі.
«Тапқырлар» тобы 4 қойдың неше аяғы бар? (16)
1дм = ?см (10)
Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
Ұзындығы 4см, ені 2см тіктөртбұрыштың периметрі нешеге тең? (12см)
Қабырғалары 3см болатын шаршының периметрін тап. (12см)
1сағ = ?мин (60)
1апта = ?күн (7)
х+35= 59, х-тің мәнін тап. (24)
Өздерің оқып жатқан мектеп-интернатының математик мұғалімдерін атаңдар.
Фигураның көлемін қалай табамыз? (Ені, ұзындығы, биіктігін көбейтеміз)
«Алғырлар» тобы 6 мысықтың неше аяғы бар?(24)
1 ц - ? кг (100)
Ең үлкен 3 таңбалы сан?(999)
Ұзындығы 5см, ені 4см тіктөртбұрыштың периметрі нешеге тең? (18см)
Қабырғалары 6 см болатын шаршының периметрін тап. (24см)
1 тәулікте неше сағат бар? (24)
х : 2=25, х- тің мәні нешеге тең? (50)
Өздерің оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы?(Шыныбеков Ә.)
Неше рет арттырса да өзгермейтін сан? (0)
Сағат тілі неше рет тік бұрыш жасайды? (төрт)
2-кезең: «Дода» (Есептерді шығарып, ұяшықтарды толтыру)
Көкпар кезінде жерге түскен серкеге жаппай таласу дода деп аталады.
Ендеше 2 топ додаға түссін. Әр топ мүшесіне есептер беріледі. Қай топ мүшелері шапшаң, әрі дұрыс орындаса, сол топ серкені іліп алды деп есептейміз және қазандыққа 10 ұпайдан 40 ұпай салады.