Мақсаты: Ежелгі дүние мен Орта ғасырлар өтпелі кезең. Қытай өркениеті. Қытай дамуының циклдық кезеңдері. Көшпенділер және Қытай. Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы



бет3/7
Дата19.02.2022
өлшемі45,63 Kb.
#25919
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тақырып 2

Жапония.

Мақсаты:.

1.ІІІ-ІҮ ғасырдағы Жапония энникалық құрамы.

2.Ямато патшалығының құрылуы.

3.Мемлекеттік басқару жүйесі.

4.Агрорлық қатынастар.

ІІІ-VI ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жапонияның неғұрлым ертеректегі тұрғындары қазіргі айнулардың ата-бабалары эбисулар деп есептелді. Жаңа эраның басында олар Хонсю аралының солтүстік-шығысында өмір сүрді. Олардың этникалық шығу тегі әлі анықталмаған, бірақ кейбір зерттеушілер олардың оңтүстіктен шығуын Малаямен, Үндіқытай түбегімен және қазіргі Индонезия аралдарымен байланыстырады. Жапон аралдарына бірнеше рет корейлер, қытайлықтар және әртүрлі манчжуртунгус тайпалары қоныс аударып, эбисуларды солтүстікке ығыстырды.

Кескілескен күрестер барысында бір тайпаны екінші біреуінің бағындыруы нәтижесінде біртіндеп араласу процесі жүрді. Күшті тайпалардың арасынан Ямато тайпалары іріктеліп шықты. ІІІ ғасырдың соңы мен ІV ғасыр ортасында олар барлық қарсыластарын жеңіп, Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде Ямато тайпалар одағын құрды.Осы атаудан Япония атауы пайда болды.

Қазіргі жапондықтардың ата-бабалары егіншілікке жарамды, құнарлы аудандарға қоныстанды. ІІІ-VІ ғ.ғ. өзінде-ақ негізгі ауылшаруашылық өнімі құрғақ және игерілген жерлерде өндірілетін – күріш болды. Суландыру каналдары мен тоғандар сала бастады. Негізгі дақыл күріш пен дәнді дақылдармен бірге, V ғасырдан бастап жібек өндіру басталды.

Қытайлықтардың Жапонияға қоныс аударуы ІІІ ғасыр аяғында Қытайдың батысынан көшпенділердің шабуылы нәтижесінде күшейіп, V ғасырда корей-қытай қоныс аударуы қарапайым құбылысқа айналып қалды. Қонысаударушылар тұрғындардың әртүрлі тобына жатып, “бэ” деп аталды. Бұларға тағы жеңіліп қалған қауымдардың басшылары, пұтқа табынушы абыздар, “грометейлер” – яғни қытайша оқып, жаза алатын қалыптасып келе жатқан мемлекеттің алғашқы чиновниктері, сонымен бірге қылмыс істеп құлға айналған қауым мүшелері жатты. Үй шаруашылығында құлдар еңбегі қолданылды, дегенмен олардың саны аз болды.

Қарапайым сауда қатынастарының даму нәтижесінде V ғасыр басында рыноктар пайда болды. Ең алғашқы рынок Хонсю аралының орталық бөлігіндегі қазіргі Осака қаласы ауданындағы “Қытай рыногы” болды. Жапон қорғандарынан табылған қытай тиындары осы континентпен сауда қатынастарын жүргізген деп болжауға мүмкіндік береді. Қоғамдық еңбек бөлінуінің негізінде мүлік теңсіздігі өсіп, аристократтық отбасылар бөлініп шыға бастады және құлдар мен бэлерді қанау күшейді. ІV ғасыр соңы мен V ғасырда патша функциясын атқаратын тайпа одақтарының көсемдерінің билігі күшейді. Оның билігі маңызды жер көлемін иелену, қауым мүшелеріне салық салу, құладар жаулап әкелу, егінші, қолөнерші бэлердің еңбегін пайдалану болды. Дамыған таптық қоғамда егіншілікпен шұғылданушы қауымның ролі күшті болды.

Жеке-жеке ақсүйектер отбасыларының билік үшін күресі барысында Сого әулеті 592 жылы патшаны өлтіріп, билеуші жағдайды егеленді. Өздерінің ықпалдарын күшейту мақсатында елге корейліктер мен қытайлар әкелген, VІ ғасырдан кең тарқай бастаған буддизмді қолданды. Сонымен бірге жапон тайпаларының ежелден келе жатқан пұтқа табынушылық діні синтоизмге (құдайлар жолы) үлкен соққы берді. Буддизм қалыптасып келе жатқан ерте феодалдық қоғамның алғашқы қауымдық қалдықтарына қарсы қолданған идеологиялық қаруы болды.

Билік үшін кескілескен күресте бұрынғы патша үйінің өкілі Сетоку Тайси билікке келеді. Сетоку-Тайси қызметінің атақты ескерткіші 604 жылы жасалған “17 статьялық заңы” болды. Бұл ескерткіште буддалық және конфуцилік діннің ықпалы күшті болды. Мұнда алғаш рет жапон аұсүйектерінің талабына сай мемлекеттік құрылысы анықталды. Бұл заң патша билігін күшейтуге жағдай жасады. Сетоку Тайси саяси тіректі сырттан табуға тырысты. 607 жылы Қытайға елшілік жіберді. Мәдени байланыстар орнатты. Сога әулетінің қарсыластары бірігіп, төңкеріс ұйымдастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет