Бақылау сұрақтары
1
Будда дінінің қалыптасу ерекшелігі?
2
Будда дініндегі адамгершілік қағидалар мен уағыздар?
3
3
4
4
Ведизм, брахманизм және джайнизм ілімдері мен діндерінің мазмұны?
Үнді-буддалық мәдениеттің адамзат өркениетіндегі алатын орны?
Ведизм - вед діні- б.д. дейінгі 2-1 мыңжылдықтың басында қалыптасқан, Үндістан халқының едәуір бөлігі табынатын діни сенімі және ырымы, ол қасиетті сөздер жинақтары Ведтерде (сөзбе -сөз- білім) жазба түрде көрсетілген. Ведтер ежелгі гимндердің, дұғалардың, садақа (самхит) тұрады. Ригведа, Яджурведа, Самаведа және Атхарваведа. Ведизм дінінің барлық құдайлары алғашқы кездері табиғаттың күштері мен құбылыстарын жандандырып белгілеуден тұрады.Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, таптардың пайда болуы және мемлекеттің құрылуы дәрежесіне қарай құдайлардың атқаратын қызметі күрделілене түседі. Садақа беруді алдымен тайпалардың, қауымдардың, отбасылардың басшылары, ал кейінірек - кәсіпқой абыздар, брахмандар басқарды. Ведизм дінінің одан әрі дамуы брахманизм болып табылады.
Джайнизм. Негізін салушы – М.Джина, б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген.Джайнизм теориясы адам жанының өз тәнінен басым болу принципінен туындаған. Карманың қарғысы жан үшін де,тән үшін де қауіпті. Сондықтан да, өмірдің мақсаты –кармадан босау (мокша).Бұл ағымды ұстананатындар бес діни антты қабылдайды:Ешбір тірі жанға залал келтірмеу;Ұрлық жасамау; Зинақорлық жасамау;Пайда іздемеу; Өтірік айтпау.
Брахманизм - өзіндік ерекшелігі жоқ абсолютті барлық заттардың негізі деп білетін үнді идеалистік фиософиясының негізінен алғанда веданталық ұғым. Брахман ұғымының мазмұны кеңейе келе Брахманизмнің басты ұғымына айналды. Брахманның Махабхарт, Брахман атты т.б. діни кітаптарында Брахман жөніндегі ілімнің қалыптасуы айтылады. Мұнда Брахман - бүкіл заттардың негізінде жататын өзіндік ерешедігі жоқ, түр сипатсыз, сапасы жоқ субстанция. Брахманның негізінде жатқан құдретті күштің әсерінен дүние оқтын-оқтын апатқа ұшырайды да, қайта дамиды. Бұл дүние әуелі Брахманғасоғып, одан қайтадан жаңғырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |