Мақсаты: Жастар мен оқушыларға ұялы телефонның зиянды және пайдалы жақтары жақтары жөнінде білімін жетілдіру. Оқырманның өз ойларын, тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей


Кітапханашы: «Ұялы телефон зиянды ма?



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі134,97 Kb.
#13924
1   2
Байланысты:
Ұялы телефон зиянды ма

Кітапханашы: «Ұялы телефон зиянды ма?» баяндама
Менің әжем: «Біздің кезімізде ұялы телефон болмаған. Қазір ғой елдің бәрі ұстайды. Бар ауру осы пәледен екен. Онымен ұзақ сөйлеспе. Ойнама. Саған тек қайда жүргеніңді білу үшін ғана алып бердік», – деп отырады.

Ұялы телефон шынымен-ақ зиянды ма? Осы сұраққа жауап іздеп көрейікші.

Ең алғашқы ұялы телефон осыдан 50 жыл бұрын жасалыпты. Оны швед өнертапқышы Стюре Лаурен ойлап тапқан екен. Аппарат-тың салмағы 35 келі тартса керек. 1973 жылы Motorola DynaTAC компаниясы ең алғашқы портативті ұялы телефонды жасап шығарды. 1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының қызметкері Мартин Купер өзінің бәсекелесі Джоэло Энгелоға қалтафон арқылы қоңырау шалады. Бұл ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болған екен.

Қазіргі кезде ұялы телефон кір жуғыш мәшине немесе теледидар секілді күнделікті тұрмыста қолданатын құралға айналды. Кішкене ғана төртбұрышты аппарат арқылы керек адамдарыңмен хабар алмасуға, фотоға түсіруге, интернетке кіруге, радио тыңдауға болады. Жапон елінде үйдің есігі ұялы телефонның көмегімен ашылады. Ал Оңтүстік Кореяда масаларды үркітетін функциясы бар қалтафондар бар екен.

Енді негізгі мәселеге көшейін. Бүгінде ұялы телефонның денсаулыққа әсері туралы жиі айтылуда. Мәселен, венгр ғалымдары ерте кезден ұялы телефонды пайдаланған жеткіншектердің миында ісік пайда болады деген пікірде. Брита-нияның ғалымдары қалтафон баланың психикасына әсер етіп, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеп соқтырады деп есептейді. Неміс педиатрия академиясы балалардың ұялы телефонды қолдануына шектеу қоюды ұсынып отыр. Ал Бангладеште арнайы заң қа-былданып, 16 жасқа толмаған балаларына телефон алып берген ата-аналарға айыппұл салынады екен.

Әрине, ұялы телефонды шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Алайда, кейбір ата-аналар ұялы телефонды кішкентай балаларға ойыншық ретінде беріп қояды. Бала оны аузына салады, жалайды. Сөйтіп, үлкендер үйде де, түзде де қолданатын құралдағы микробтар сәбидің ішіне түседі. Бұл – сөз жоқ, бала денсаулығына қауіпті. Мұны бір деңдер. Екіншіден, көптеген балалар қалтафонды қолдан тастамайтын әдет шығарды. Осылайша алтын уақыттарын бостан босқа сарп етеді. Бір тәулікте 24 сағат болса, соның 12-13 сағатын осы ұялы телефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы ұялы телефонды сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, бейнеклип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне «хат» жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке қарай, үйге келген соң да қайталанады. Ұялы телефонның жарқыраған экранына телміріп отыру ең алдымен көз жанарын әлсірететіні айтпаса да түсінікті. Өткен жылы британиялық көз дәрігерлері осы мәселені алға тартып, дабыл қаққан болатын. Олардың айтуынша, британиялық жастар арасында алыстан көрмеушіліктің (миопия) белең алуы ұялы телефонға тікелей қатысты екен.

Осыған қарап-ақ, ұялы теле-фонды бейберекет пайдаланудың айтарлықтай зияны бар екеніне көз жеткізесің. Әрине, ғылыми-техникалық дамуды тоқтату қиын. Ол күн санап даму үстінде. Ұялы телефонсыз бүгінгі өмірді елестету мүмкін де емес. Бірақ оның электромагнитті толқын шығаратын құрал екенін ұмытпауымыз керек. Ал электромагнитті толқын есту мүшесі мен миға әсер ететінін көптеген зерттеулер дәлелдеп берген. Тіпті, ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан шыққан өріс ми жасушаларын қыздырып, кейін олардың жұмысын бұзады деген болжам айтыпты.

Сондықтан да ұялы телефонды пайдаланудың төмендегідей ережелерін ұсына-мын:

1. Телефонды сөмкеде ұстау керек;

2. Сөйлесу уақытын барынша қысқартқан жөн;

3. Сөйлескен кезде телефонды өзіңнен әрірек ұста;

4. Телефонмен ұзақ ойнама.

Ұялы телефонның зияндары



    Соңғы жылдарда өмірімізге жылдам кіріп келген ұялы телефондардың көптеген пайдалы жақтары болғанындай, зиянды жақтары да көріне бастауда.  


●Ұялы телефон радиация тарататыны үшін өте зиянды. Бір сәттік үшін зияны аңғарылмауы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт қолданылғанда зияны өте көп.
● Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде дегенерация пайда болады.
● АҚШ дәрігері Девра Давис былай деген: «Ұялы телефонымен сөйлескен кезде ми жасушаларының бір бөлігі өле бастайды...»
● Жас балаларға, жүкті әйелдерге және егде жастағы кісілерге өте зиянды.
● Оны көйлекте емес, сыртқы қалтада алып жүру керек.
● ДНК-ның бұзылуына да себеп болады.
● Есте сақтау қабілетіне және шаш тамырларына зиян келтіреді.
● Бір күнде 20 минуттан көп сөйлеспеу керек.
● Ұялы телефондар әсіресе желі ұстамай тұрғанда және батарейкасы азайған кезде көп радиация таратады.  
● Жатарда да телефонды өзінен кемінде 1-1,5 м алыстау қою керек.  
● Сөйлескенде құлақты жиі ауыстыру керек.

Кітапханашы:



  1. Ұялы  телефон  оқушыларға  қажет.

 2. Егер  боранды  күні  жолға  шығып,  далада  машинаң  жүре  алмай         қалса, соткамен  хабар  бересің  де,  құтқарушы  келеді.  3. Ата – анамыз  жұмыста  болғанда,   біз  сабаққа  кетеміз.  Олар  бізді       ойлайды. Сол  кезде   ұялы   телефонмен  жағдайымызды  біліп        отырады.  

4. Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  халқымызға  арнаған                       жолдауында   « Қазақстан  болашақта  бәсекеге  қабілетті, дамыған  елу               елдің   қатарынан  табылатын  болады » деп  алдымызға  үлкен  міндет               қойған. Дамыған  елу  елге  теңесу  үшін  әрбір  оқушы  телефонды  да,                компютерді   де   меңгеру  керек.  

Даттаушы  топ.

Кіріспе:   Ал  біз сіздердің   пікірлеріңізді  қолдамаймыз.     Ұялы   телефонның  қаншалықты  зиян  келтіретінін  неге  ойламайсыздар.    Бекерге  қызыға  бергенше  бізді  тыңдап, ойланыңыздар  достар.  

Сіздердің  қарарларыңыз ?

Хормен : « Ұялы  телефон  оқушыларға  қажет  емес.»

Критерилеріңіз ? Критериіміз: «Салауатты  өмір  салтын  ұстану.»    1. Біздің  пікіріміз, ойымыз.   Оқушыларға  ұялы  телефон  қажет  емес.  

2. Денсаулыққа  зиянды  радиациялар  бөледі.  

3. Ұялы  телефон  алуға  және  бірліктерге  яғни  идиницаға  қаншама         қаражат қажет.

4. Ұялы  телефонның   көбі  Қытайда  жасалады  оның  зиянының  көптігін                тіпті тарақан,  қоңыз  тәрізді  жәндіктер  де  біліп,  үйлеремізден  қашып                 кетті.   Бірақ  олардың   үйде  болмағаны  бізге  жақсы  ғой.  Дегенмен                 біз  ұялы  телефонның   зияны  жайлы  айтып  отырмыз.  

Жақтаушы  топ.

1 .Алыстағы  ата –  әжелерімізге  хабарласып,  құттықтаймыз

2. Тойларда,  мерекелерде  суретке  түсеміз.

3. Сабақтан  аурып  қалап  қойсаң,  ұстазыңа  хабарлап  айтасың.        Достарыңнан  сабақ  сұрайсың.

4. Ата – анамыз  ерте  жұмысқа  кетеді .

Бізді  кім  оятады ? 

Әрине  анамыз     соткаға  тұратын  уақытымызды  белгілеп  кетеді. 5. Музыка  тыңдап,  ойын  ойнайсың.  

4.  Даттаушы.

1.Сабақта  шырылдап,  көңіліңді  бөледі,  басқа  балаларға  кедергі     болады.

2. Ұялы   телефонды  жатса да,  тұрса да  қолынан  тастамайтын  бала      тұйық,  жеке  жүретін,  көп  сөйлемейтін  болды .

3. Жүргізушілерге   соткамен  сөйлесуге  болмайды.  Апаттың  көбі  қазір      соткамен  сөйлескендіктен  болып  отыр.

4. Кейбіреулер  балаларды  төбелестіріп,  соткаға  түсіріп  алады. 5.Соткамен  көп  сөйлессең, музыка  тыңдасаң ,  құлағың  аурады.  Ал одан      ойындарды  көп  ойнасаң,  көзің  аурады.  

1.Егер  отбасының  қаражаты  жетпесе,  сатып  беріңдер  деп  мазалаудың     қажеті  жоқ.  Сотка  қажеттілік  емес,  онсыз да  өмір  сүре  аласың.

2.Ұялы  телефонның  денсаулыққа  зиянды  екенін  ескеру  керек.  Сондықтан   тек  қажетті  кезде  ғана  қолдану  керек.

3.Сабақ  кезінде  соткаларыңды  сөндіріп,  немесе  ешкім  сабақ       уақытында   қоңырау  соқпауын  ескертіп  қойсаңдар  дұрыс  болады.

4.Ұялы  телефонға  көп  бірлік  кетірмей  ,  ең  керекті  сөздермен    шектелу  қажет. Бос  әңгіме  айта  бермеу  керек.

5.Төбелестерді  соткаға  түсіріп,  оны  басқаларға  тарату ,         тәртіпсіздің  ісі.

6. Сотка  қажет  екені  жасырын  емес.  Қажет  кезінде  тез  хабарласа       аласың.

7. Жүргізуші   жүріп  келе  жатып,  соткамен  сөйлеуге  болмайды.

8. Адасып  кетсең,  сотканың  көмегі  өте  қажет.  

Ұсыныс:  Екі  жақты  тыңдай  келе , біз  мыныдай  шешімге  келдік.  Әрине,  заман  талабына  сай,  ұялы  телефон  қажет.  Бірақ,  жаңағы  даттаушы  топтардың  айтқандарын  да  жоққа  шығара  алмаймыз.  Ұялы  телефонның  зиянды  кездерін  де  ескеру  керек.  Ұялы  телефонды  қажетті  кезде  ғана  қолданғанымыз  дұрыс. Қонақтардың   ұсынысы  қандай ?  

«Ұялы телефон зиянды ма?»

/ой қозғау кеші/



БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. Кіріспе

  2. Ұялы телефонды пайдалану

  3. Ұялы телефонның кемшіліктері

  4. Ұялы телефонның артықшылығы

  5. Ұялы телефон мәдениеті

  6. Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет