Мұғалім: Балалар Қазақ жастары 16 желтоқсанда нені талап етті?
Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Ойланайық. Пікірлесейік айдарында
Татулық
Достық
Ауызбірлік
Ынтымақтастық
Бірлік – деген сөздер берілген. Осы сөздердің ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
Біздің еліміз өзге ұлт өкілдеріне несімен ұнайды?
Мақал- мәтелдер:
1. Ынтымақ түбі – береке.
2. Ынтымақ түбі-игілік
Тірлік, тірлік түбі –бірлік
3. Татулық- достық кілті
4. Бірлік, ынтымақ-байлық бақ.
5. Ынтымақ істі бітірер.
6. Ақылдассаң кесерсің,
Ақылдаспасаң кем кесерсің.
Қорытынды:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел.Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Бірлігі берік, ынтымақтастығы жарасқан елдің болашағы баянды. Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!,-деген тілекпен бүгінгі «Күш - бірлікте» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |