Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу



бет1/4
Дата08.04.2023
өлшемі29,17 Kb.
#80558
  1   2   3   4

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі 
болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
Барысы:
1 - жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Біздер – көпұлтты халықпыз» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!
2 -жүргізуші
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
1 - жүргізуші
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
2 - жүргізуші
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
1 - жүргізуші
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келе әр ұлттың өкілдерінен шыққан оқушыларды қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші
Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
1 - жүргізуші
Оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр - дей келе әнге кезек берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет