Мақсаты: Оқушыларға көркем сөз оқу өнерінен жан-жақты мәлімет бере отырып, сөз өнері мен сөйлеудің әдіс-тәсілдеріне төселдіру, сөйлеу техникасы-дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы), дауыс сапасын дамыту жолдарын көрсету. Міндеті



бет2/2
Дата24.04.2022
өлшемі49,17 Kb.
#32066
1   2
Байланысты:
Түсінік хат

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады, көркем сөйлеу мәнері, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін орнымен қолдану қабілеттері дамиды. (аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)

«Сөз өнері» гимназиялық компоненті

5 «д» сынып

Жылдық сағат саны – 68

Апталық сағат саны – 2

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


Енгізулер

1

Кіріспе

2







2

Сөз өнері жайлы ғылым

2







3

Сөзбен сомдалған тұлға (образ, көркем бейне, метафора, көркем шығарма)

2







4

Әдеби тектер (эпос, лирика, драма

2







5

Сөз өнеріндегі тек пен түр

2







6

Сө з өнеріндегі бет пен бағыт

2







7

Сө з

2







8

Сөз сыры

2







9

Сөз сарасы (буын, тармақ)

2







10

Көркем сөздің қоғамда атқаратын рөлі

2







11

Мәнерлі сөйлеу техникасы

2







12

Дауыс және оның өзіндік бояуы

2







13

Дикция

2







14

Екпін

2







15

Сөйлеу әуені (мелодикасы)

2







16

Жүргізушілік қабілеттерін тексеру

2







17

Сахнада сөйлеу, жүру мәдениеті

2







18

Өзін-өзі еркін ұстау

2







19

Сөйлеу нақышы (тембр)

2







20

Бағдарламамен жұмыс

2







21

Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

2







22

Монологтік оқу әдісі

2







23

Диалогтік оқу

2







24

Прозалық шығармаларды мәнерлеп оқу

2







25

Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу

2







26

Сахнада мәнерлеп оқу, оны жүргізу әдістері

2







27

Мәдени шаралар, оны жүргізу әдістері

2







28

Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары

2







29

«Өнер алды – қызыл тіл» ойталқы

2







30

Әдеби тілде ажарлап сөйлеу

2







31

Тіл тазалығы

2







32

Кейіпкерлердің тілі. Жанама мінездеу.

2







33

Сөздіктермен жұмыс

2







34

Қорытынды сабақ

2








Пайдаланылған әдебиеттер мен көмекші құралдар:

1. «Сөз өнері» (әдебиет теориясы негіздері) оқулығы. З. Қабдолов

2. «Мәнерлеп оқу» арнайы курс бағдарламасы. Қазақ тілі мен әдебиет журналы №12 2009ж.

3. «Мың бір маржан» А.Сейдімбеков «Өнер»

4. «Қазақтың би шешендері» «Жалын»

«Мәнерлеп оқу» гимназиялық үйірмесінің бағдарламасы

6 «В», 6«Г», 6«Д» сынып



Түсінік хат

«Мәнерлеп оқу» үйірмесі 6-сынып оқушыларына арналған. Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттырады.

Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп аша білетін оқушылар тартылады.

Үйірменің оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді.

Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу көзделеді.

Үйірменің мақсаты:

Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.



Үйірменің міндеті:

- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;

- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;

- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;

- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.





Тақырыбы

Сағат саны

 мерзімі

1

Шығармашылыққа бейімі бар оқушыларды іріктеу, бейімдерін анықтау

1




2

Ауыз әдебиетті. Түрлері

1




3

Салт өлеңдері мен бата-тілек жырлары

1




4

Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлар.

1




5

Наурыз туралы өлеңдер.

1




6

Мақал-мәтелдерді тақырыптық жағынан іріктеу, жинау

1




7

Шешендік сөздер. Билер сөзі - нақылдың көзі.

1




8

М.Өтемісұлы «Соғыс», «Қызғыш құс»

1




9

Ы.Алтынсарин. «Өзен» өлеңін оқыту жаттау.

1




10

Шығармашылық жұмыс.

1




11

Абай Құнанбайұлы «Табиғат туралы әндер»

1




12

Абай Құнанбайұлы. «Қыс» өлеңі

1




13

Т. Айбергенов «Ана»,

1




14

 Көркем тәсіл – сөз бояуы. С. Сейфуллин « Сыр сандақ»

1




15

 Поэзия! Сен менімен егіз бе едің»

1




16

Табиғат ғажайыптары саяхат сабақ.

1






17

ІІІ тоқсан



Жұмбақтар құрау, жинақтау

1




18

Өтірік өлең жазуды үйрету.

1




19

Өлең жазуды үйрену.

1




20

 Мәнерлеп оқу сайсытарына қатысуға дайындық

1




21

Жерлес ақын Н.Шолтырұлымен кездесу.

1




22

Н.Ә. Назарбаевтың ұлағатты сөздерінен кітапша жасау

1




23

Абайдың қара сөздерін оқу, талдау

1




24

Менің сүйікті шығармам (өлең)

1




25

М.Жұмабаевтың жастар туралы өлеңдері

1




26

Ж.Нәжімеденов өлеңдері

1




27

Ф.Оңғарсынованың өлеңдері

1




28

«Жас қалам» газетін шығаруға дайындалу.№2

1




29

«Өлең, мен сені аялап өтем!» көркемсөз оқу сайысы

1




30

«Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!»эссе жазу.

1




31

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




32

Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




33

Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




34

Аңыз адам.

1





«Қазақ тіл білімі» гимназиялық үйірмесінің бағдарламасы

7 «Б», 7«В» сынып

Түсінік хат

«Мемлекеттік тілді үйрену заман талабы» - дей келе, ана тілінің көсегесін көгертуді көксеп, елінің егемендігі жолында алғашқы қадамдарын жасап отырған республикамыздың жағдайы, мәні бұрынғы қай кездегіден де арта түспек. Өйткені іс тұрғысындағы тіл тынысын түлетіп, оның қолданылу аясын кеңейтуге, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалтқысыз қызмет етуіне жарқын жол ашары сөзсіз. Жаңа замандағы жаңа Қазақстанды өркендету мақсатында Республикамыздың «Білім туралы» заңында балаларды үш тілге үйренуге талпыныстарын арттыру, жан-жақты тәрбиелеу, адамгершілікке, сыйластыққа, елін, жерін сүюетін білікті азаматы ретінде танылуына демеу, көмек беру. Мектептегі білімін одан әрі шыңдай түсуге үйірменің беретін көмегі көп.

«Жеті елдің тілін біл, алға сені жетелер,

Жеті елдің өнері, көкке сені көтерер» - деген халқымыздың дана сөзіменен ой – санасын қалыптастыру. Осы тұрғыда «Қазақ тілі» үйірмесі ашылуда. Өзге ұлт өкілдерінің, мектеп оқушыларының 9 – 16 жас аралығындағы балаларына арналған. Сабақ топ бойынша өтіледі. Бір топта 10 бала. Үйірме бағдарламасы мектеп бағдарламасына көмекші құрал ретінде жасалынған. Бағдарлама осы жылға жоспарланған.



Үйірме жұмысының мақсаты:

Жасөспірімдерді өз Отанын қорғауға, туған еліне мекеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, Отанының нағыз патриоты болуына және халықтар достығын құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақ тілінің маңызы мен қоғамдағы орыны, жас ұрпақтың мемлекеттік тілдің қадір –қасиетін түсіне білуіне тәрбиелеу. Тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу, тілін, ой-өрісін дамыту. Қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру; поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;



Міндеттері:

  • оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

  •  оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;

  • зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

  • әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;

  • оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1.

«Тілден артық қасиет жоқ, тілден артық қазына жоқ». Фонетика бөлімін қайталау.

1




2.

Ата мұраң – асыл қазынаң. Жалғау түрлері. Көптік жалғау.

1




3.

Мақал – мәтел – сөз маржаны. Жіктік жалғау.

1




4.

101 жұмбақ 1001 мәтел. Септік жалғау.

1




5.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тәуелдік жалғау. Қайталау.

2




6.

Отаным – орманым, мәңгілік қорғаным. Сөйлем мүшелері.

1




7.

«Тіл туралы» Заңның негізгі баптары. Бастауыш, баяндауыш.

1




8.

Қазақ халхының ұлттық тағамдары. Анықтауыш, пысықтауыш.

1




9.

Қуырдақ, бесбармақ. Толықтауыш. Қайталау.

2




10.

Қазақ халқының салт – дәстүрлері. Зат есім.

1




11.

Азан шақыру салты. Етістік.

1




12.

Қазақ халқының ұлттық ойындары. Сын есім.

1




13.

Көкпар, бәйге. Есімдік.

1




14.

Қазақ халқының мерекелері. Үстеу.

1




15.

Рамазан айы, құрбан айт. Жай сөйлем.

1




16.

Желтоқсан желі. Құрмалас сөйлем.

1




17.

Желтоқсан құрбандары-Қайрат, Ербол, Сабира, Ләззәт. Құрмалас сөйлемнің түрлері.

1




18.

ІІІ тоқсан

ҚР тұңғыш Президенті. Синтаксис. Қайталау.



2




19.

Поэзия әлемі.

2




20.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Абай өлеңдері.

2




21.

Даланың дауылпаз ақыны. Махамбет поэзиясы.

2




22.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Шәкәрім поэзиясы.

2




23.

Ақиық ақын. Мұқағали поэзиясы.

2




24.

Оралхан Бөкей.

2




25.

Қайталау.

1





«Поэзия әлемі» гимназия компонентінің бағдарламасы 

8 «В» сынып

Түсінік хат

  Білім беру жүйесінің талаптары бойынша қазақ әдебиетін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі ақындардың поэзиясын тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр.

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Бағдарлама 34 сағатқа жасалған. Апталық жүктеме – 1 сағат.

Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.

Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;


  • Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;

  • Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;

  • Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;

  • Лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.

 Осы мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:

  • оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

  • бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;

  • зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

  • жазушы шеберлігіне көз жеткізу;

  • әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;

  • оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.

 

Аталған курс бойынша білім алған оқушы оқу жылының соңында күтілетін нәтиже:



  • Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;

  • Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады;

  • Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай алады.

 



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

Жалпы сағат саны




Кіріспе

1

Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

1




З.Қабдолов.

«Сөз өнері»



Махамбет поэзиясы

2

Даланың дауылпаз ақыны

1




«Өттің дүние», «Махамбеттің жебесі», «Исатай – Махамбет»,  «Махамбет Өтемісұлы»  т.б.

3

Махамбеттің туған жер туралы өлеңдері

1




4

Ақынның батырлық, ерлік туралы отты жырлары

1




5

Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері

1




Абай поэзиясы

6

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы –

Абай Құнанбайұлы



1




«Абай» журналы

7

Ақын Абайдың  табиғат  лирикасы

1




«Абай». Шығар-маларының толық жинағы. 1,2,3,4 томдар

8

Ақынның азаматтық  лирикасы

1




9

Көңіл-күй  лирикасы

1




10

Саяси  лирика

1




11

Философиялық  лирика

1




12

Махаббат  лирикасы

1




13

Абайдың  поэмалары

1




14

Ақынның  аудармалары

1




Шәкәрім поэзиясы

15

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы

1




«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық…» атты Ш.Құдайберді-ұлы шығармала-рын оқытуға арналған авторлық бағдарлама

16

Саяси-әлеуметтік лирика

1



17

ІІІ тоқсан
Азаматтық  лирика


1




18

Махаббат лирикасы

1







19

Философиялық  лирика

1




Мұқағали поэзиясы

20

Ақиық ақын

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы



1




М.Мақатаев. Толық шығармалар жинағы. 1,2,3,4 томдар

 

 



 

21

Саяси-әлеуметтік лирика

1




22

Азаматтық лирика

1




23

Махаббат лирикасы

1




24

Философиялық  лирика

 


1




25

Ақынның поэмалары

 


1




Жерлес ақын Қуандық Шаңғытбаевтың  поэзиясы

26

Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы

1




Қ.Шаңғытбаев «Шайыр»

жинағы


27

Туған жерге арнаған жырлары

1




Қ.Шаңғытбаев «Ар», «Лирика», «Махаббат пен ғадауат» жинақтары және А.С.Пушкин «Евгений Онегин» (ауд.)

28

Ақынның арнау өлеңдері

 


1




29

Табиғат лирикасы

 


1




30

Аудармалары

1




31

Ақын өлеңдеріне жазылған әндер

1




Төлеген поэзиясы

32

Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы

1




«Төлеген» электронды оқулығы

33

Табиғат  лирикасы 

1




34

Азаматтық  лирика 

1








Әдебиеттер тізімі:

  1. З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы, 1991 ж.

  2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, 1970 ж.

  3. Р.Нұрғалиев. Өнер алды – қызыл тіл. Алматы, 1974 ж.

  4. Р.Сыздықова. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж.

  5. Р.Сыздықова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1997 ж.

  6. Б.Кәрібаева. «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы».

Алматы, 1988 ж.

  1. Қ.Сыдыиқов. «Көркемдік өрнектер». Алматы, 1992 ж.

  2. Х.Қожахметова. «Мәнерлеп оқу». Алматы, 1982 ж.

  3. С.Тілешева. «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру». Алматы, 1984 ж.

  4. Ә.Нұрмаханова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1971 ж.

  5. Ә.Нұрмаханова. «Мәнерлеп оқу мәселелері». Алматы, 1976 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет