Мақсаты: Саяси ойдың көне, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірінде дамуымен танысу. Саяси ғылымның теориясының қалыптасуын, негізгі кезеңдеріне қатысты ғалымдардың



Дата27.10.2022
өлшемі24,2 Kb.
#45851
Байланысты:
саясаттану 1 лек


1. Ежелгі дүниедегі саяи ойлар
2. Орта ғасырлардағы саяси ілімдердің қалыптасуы
3. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ой
мақсаты:Саяси ойдың көне, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірінде дамуымен танысу. Саяси ғылымның теориясының қалыптасуын, негізгі кезеңдеріне қатысты ғалымдардың саяси көзқарастары мен еңбектерін қарастыру және саясаттану ғылымының теориясының қалыптасуына кезең –кезеңіне өкілдерді мысал келтіріп сипаттама беру.
міндеттері:Дерекпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру.
1. Кез келген ғылым сияқты саясаттанудың да өз тарихы бар. Саяси ғылымдық білімнің элементтері ұзак уакыт бойы жалпы философиялық, кейінірек әлеуметтанулық, құқықтық теориялар шеңберінде қалыптасып дамыды. Саясаттанудың тарихы болмайынша, саясаттанудың да болмайтынын айтуға толық негіз бар. Оның казіргі ілімдері мен теориялары өткен замандардағы саяси ойлардың жаңа тарихи жағдайлардағы жалғасы ретінде дамуда. Ол материалдар жинақталынбайынша жаңа саяси теориялардың пайда болуы мүмкін емес.
Әрбір дәуір адамзат өмірінде өзіндік ерекше саяси мәселелерді қойып, оларды өзінше шешті. Егерде ойша кейінге үңілетін болсак, онда XXI ғасырға бізбен бірге кірген көптүрлі шексіз саяси жүйелерді, ілімдерді, бағыттарды, көзқарастарды көруге болады. Оларды дұрыс бағдарлау мен олардың мәнін түсіну үшін төмендегідей белгілі бір методологиялық әдіс-тәсілдерді басшылыққа алу кажет: біріншіден, кез келген саяси ілім еріксіз "ойдан шығарылған", кімнің болса да, тіптен кемеңгердің болса да акыл-ойымен табылған нәрсе емес, керісінше ол тарихтың кайсыбір кезеңінде өмірлік жағдаймен қойылған қоғамдық практиканың қажеттілігінің сұрақтарына қайтарылған жауап сияқты. Адамдардың саяси практикасы саяси теориялардың, ілімдердің пайда болуы мен дамуының себепшісі болды және олардың шыншылдығының жәнс өміршеңдігінің басты өлшем бірліктері болды. Өмірдегі қайсы бір мәселелерге ғылыми негіздеме жасау үшін, теория немесе ілім жасау үшін, сөйтіп саяси практикаға "жарық" жол салу үшін ойшыл сол практиканы терең танып білуі кажет. Адамдарды ойландыратын сұрактарды алдын ала көре біліп, оларға теориялық негізделген жауаптар беруі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана теория немесе ілім адамдарға, халыққа, қоғамға қызмет ететін болады.
Екіншіден, саяси ілімдерде тікелей немесе жанама түрде болсада қоғамдық топтардың, басқа да әлеуметтік күштердің шоғырланған экономикалық мүдделері көрінеді. Бұл экономикалық мүдделер оларды мемлекеттік биліктің қорғауын кажетсінеді. Сондыктан саяси теориялар осындай коғамдық саяси жүйенің қажеттігін негіздеді, сол тұста үстемдік етуші, әлеуметтік күштердің экономикалық мүдделерін жақсы қорғайтын мұндай мемлекеттік құрылыстың заңдылығын дәлелдеді.
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап, шалқитын, құлдырап түсетін де кездері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр, Вавилон, үндістан, Қытай, Парсы елдеріне келеді. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде жақсы дамыды. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық үкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отыратын. Саяси өмір қызу дамыды, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Платон б.з.б.427-347 ж.ж.өмір сүрді. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б. Оның ойынша,адамдар қажеттіліктерін жеке - дара өтей алмайды. Көп адам бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа: 1)әкімдер; 2)қорғаушылар; 3)өндірушілер етіп бөлді. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы бар дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5түрге бөлді: аристократиялық, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды .Себебі, онда парасаттылық билейді, оның принциптері –адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Ертедегі гректің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып философиясын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель болды. Ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афинылық политея», «Этика», «Риторика» деген еңбектері. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотельдің ойынша, мемлекет-қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны, политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, демократияны бұрыс түрі деп санады. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі заң парасаттылығын жоймайды. Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон өмір сүрді. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі. Ол мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі –адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия, демократия етіп үш түрге бөлді. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды. Қоғамдық - саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

2. Орта ғасырлар (б.д. ІУ-ХУ ғғ.) адамзат тарихында ежелгі дүниемен салыстырғаида коғамдық ойдың, әсіресе прогрессивті ойдың тоқырауымен сипатталады. Бұл саяси ілімдерге катысты да айтылған.
Орта ғасырлар үшін діни-этикалық формада анық көрініс тапқан саяси мәселелерге теологиялық тұрғыдан келу негізгі белгісі болып табылатын саяси ойлардың ерекшелікті типі тән.
Саяси ойлаудың орта ғасырлық типі феодализмнің пайда болып дамуының барлық кезеңінде үстемдік етті.
Саяси ойлардың айтарлыктай дамуы ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапты. Аса көрнекті өкілдері болып Әл-Кинди, Бируни, Әл-Фараби, Иби-Сина, Омар Хайям, Ганджеви Низамм, Әлішер Науаи және басқалары саналды.
Кіндік Азияда, Шығыста, Еуропада ғылымның философиялық және әлеуметтік-саяси ойдың дамуында үлкен рөл аткарған Сырдариядағы (Қазакстан) Фараб қаласында туған ұлы ғалым Әбунасыр Мүхаммед әл-Фараби (870-950) болды.
Әзірбайжандық прогрессивті қоғамдық-саяси және философиялық ойдың көрнекті өкілі ойшыл Ганджеви Низами (1141-1203) болды, ол феодалдық ақсүйектердің зорлық-зомбылығына қарсы шығып, езілген халық бұкарасына жанашырлығын танытты. Оның негізгі шығармасы — "Хәмсо" ("Бес казына") бес поэмадан тұрады. Олар: "Кұпиялар қазынасы", "Ләіілі мен Мәжнүй" «Жеті Сұлу» және "Ескендір-наме".
Орта Азия мен Шығыстағы қоғамдық-саяси ойдың дамуында өзбектің көрнекті акыны әрі ойшылы Әлішер Науаидын (1441-1501) шығармашылығы зор прогрессивтік рөл атқарады. Науаи тарихпен, философиямен, кескіндемемен, сәулетпен, музыкамен айналысты.
Науаидың шығармашылығы Мауереннахр мен Алдыңғы Шығыстың көп ғасырлық мәдениеті мен қоғамдық-саяси идеяларын сіңірді. Ол "Шардиван" (Төрт лирикалық жинақ). "Хәмсә"(Беспоэма); '"Махбубәл кулуб (Ғашык жүректер), "Мухакамат әл лугатайн" (Екі тілдің салмағы) және басқа да қызықты шығармалар жазды. Олар орта азиялық және дүниежүзілік мәдениет, сонымен қатар қоғамдық-саяси ой қазынасына қосылған кұнды үлес болды.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан философиясының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары “Құдай қаласы туралы “деген еңбегінде баяндалған. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары “Билеушілердің басқаруы туралы “, “Теологияның жиынтығы “ деген еңбектерінде қаралды. Оның ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғарғы діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек.
3. Кайта өрлеу дәуірінің жарқын саяси ойшылдарының бірі итальяндық Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Ол – антикалық әдебиеттің үлкен білгірі, дипломат және саясаткер. Н.Макиавелли өзінің жүйеге келтірілген саясн идеяларын "Мемлекет", «Тит Ливидің бірінші тоқсан туралы пікірлері", "Флоренция тарихы", "Князь", «Соғыс өнері» атты еңбектерінде баяндады.
Н.Макиавелли өз дәуірінде қалыптасқан көптеген саяси мәселелерді шешуде аса манызды, бірегей идеяларды айта білді. Оның пайымдауынша белгілі бір тұжырымды кұрайды, онда мемлекеттің табиғатына, оның мәніне мемлекетгік кұрылыстың формаларына, сонымен катар мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдеріне және басқа да саяси мәселелерге түсініктеме берілген. Бұл оларды Кайта өрлеу дәуіріндегі алғашкы анық жүйелі және салыстырмалы терең түсіндіру еді. Сондыктан Н.Макиавеллиді жаңа заманның саяси ғылымын негіздеуші деп атайды.
Ол ұсынған саяси шыншылдық принципі Макиавеллидің саяси көзқарастарындағы ең бастысы болып табылады. Саясатта нағыз ақиқат жағдайларды, саяси әрекеттердің практикалық мүдделерге бағындырылуын есепке алу көрсетілген.
Макиавеллидің пікірінше, саясат - бұл қоғамда билікті жүзеге асыру жөніндегі әртүрлі әлеуметтік күштердің (коғам жіктері, адамдар тобы, жекелеген тұлғалар), өзара қарым-қатынасы. Сайып келгенде саясат адамдар арасындағы қоғамдык қатынастар ретінде баяндалады. Сөйтіп, саясатты тек адамның табиғи жаратылысының көрінісі ретінде түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді. Макиавелли қазіргі уакытта хрестоматиялыққа айналған ережені, атап айтканда, саясаттың негізгі мәселесі билік туралы мәселе тұжырымдамасын анық қалыптастырды.
Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші болып енгізді. Мемлекеттік билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым –қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады, түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді.
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың көрнекті өкілдерінің бірі француз ойшылы Жан Боден. Ол бірнеше еңбек жазды, соның ішінде ең бастысы - "Республика туралы алты кітап". Онда Ж.Боден мемлекеттің шығуы, оның функциялары, мемлекеттік баскарудың формалары, сонымен қатар сол замандағы қоғамның саяси өмірінің басқа да проблемаларына өзінің көзкарастарын жан-жақты баяндады.
Ж.Боденнің саяси теорияны дамытудағы негізгі үлесі оның мемлекеттік егемендік мәселесін көтеруі. Ол "егемендік ұғымын саяси ғылым айналымына енгізді және казірге дейін саяси пікір-сайыс тудырып, саяси практикада колданыста жүрген егемендік теориясын жан-жакты жасап шыкты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет