Дидактикалық ойынның атауы: « Қуыршақты киіндір»
Мақсаты: Қуыршақтың жетіспейтін киім-кешегін қиып жасауды, ретімен киіндіруді үйрету. Ұқыптылыққа, әсемпаздыққа тәрбиелеу
Құрал – жабдықтары: конверт ішінде қатырма қағаздан қиылған жалаңаш қуыршақ бейнесі, киімнің 2-3 түрі, түрлі-түсті қағаздар, қарындаш, сызғыш қайшы, желім
Ойын шарты: Тәрбиеші әр балаға конверт үлестіріп береді. Балалар конвертті ашып, қуыршақтың жетіспеген киімдерін мөлшерлеп, суретін салып,қияды. Қиылған дайын киімдердіалып, қуыршақты ретімен киіндіреді.
№12 Әдістемелік куәлік
Бөлім: Сурет салу
Білім беру саласы: Шығармашылық
Дидактикалық ойынның атауы: «Моншақ тізейік»
Мақсаты: Заттардың түсін, көлемін, пішінін анықтауға үйрету.
Құрал – жабдықтары: Әр түрлі геометриялық пішіндер: кішкене шеңберлер- қызыл, көк, қоңыр: үлкен шеңберлер- қызыл, көк: кішккене төртбұрыштар-жасыл, сары: Үлкен төртбұрыштар- қызыл, сары: үлкен ұшбұрыштар- қызыл, сары
Ойын шарты: Тәрбиеші балалармен бірге сызбаны қарап, пішінді атап шығады(үлкен,сары ұшбұрыш, үлкен көк төртбұрыш, кішкене сары дөңгелек т.б.) Сызбаға сәйкес геометриялық пішіндерді алқа болып шығатындай етіп жіпке тізу тапсырады.Алдымен бірінші ойыншы тізбектейді, екіншісі бақылап, келісетінін не келіспейтінін айтады.Осыдан кейін керісңнше, екінші ойыншы тапсырманы орындайды.
№13 Әдістемелік куәлік
Бөлім: Сурет салу
Білім беру саласы: Шығармашылық
Дидактикалық ойынның атауы: « Жыл мезгілдері»
Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы білімін бекіту
Құрал – жабдықтары: Жыл мезгілдерінің суреттері.
Ойын шарты: Балалар жылдың төрт мезгілі жайлы суреттер үлестіреді. Олар суерт бойыншатжыл мезгілдерін ретімен қойып шығады
№14 Әдістемелік куәлік
Бөлім: Сурет салу
Білім беру саласы: Шығармашылық
Дидактикалық ойынның атауы: «Ғажайып дорба»
Мақсаты: Балалардың қолмен сипап сезу әрекеттерін дамыту, көкөністер жайлы білімін тереңдету
Құрал – жабдықтары: Көкөністер салынған дорба
Ойын барысы: Балалар кезекпен келіп қолын ғажайып дорбаға салып, сипалап сезу арқылы көкөністі таңдайды. Қолын дорбадан шығармай тұрып, сол көкөністің атын атайды және одан не жасауға болатыны жайлы әңгімелейді
Достарыңызбен бөлісу: |