Дидактикалық ойынның атауы: «Есіңе сақта және суретін сал»
Мақсаты:бірлесе суретсалу барысында сыйластық қарым-қатынас орнату.
Құрал – жабдықтары: көкеністер, дәнді дақылдар бейнелеген сурттер.
Ойын шарты:Тәрбиеші бірнеше суреттерді үстел бетіне жаып қояды. Балалар қарап шығып, көкеністерді, дәнді дақылдарды ойына сақтауға тырысуы керек. Есінде қалған көкеністерді,дәнді дақылдарды бейнелейді.
Ойын шарты: Үстел басында балалар отырады, орталарында-жарты парақ альбом беті. Парақ ортасында - төртбұрыш немесе дөңгелек пішіндегі бейнелер. Белгіден кейін парақ шеңбер бойынша келесі балаға беріледі. Парақ айналып қайтадан алғашқы балаға келеді.Тәрбиеші әр баладан не салғысы келгенін және бір-бірінің ойын жалғастыра алды ма? деген мақсатпен әңгіме құрастырады.