Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің



Дата31.03.2023
өлшемі25 Kb.
#77887
Байланысты:
әлеуметтану сөж Максутова Г.


Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің,
мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері

XXI ғасыр жаһандану ғасыры деп айтсақ, артық айтқанымыз болмас. Соған сәйкес қоғамда масс медиа мен бұқаралық коммуникацияның қолданыс аясы күн өткен сайын дамып келеді. Қазіргі таңда адамдар тек бір нәрсені сендіріп қана қоймай, бір нәрсені жеткізуге де тырысады. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекетке және азаматтарға әлемнің адекватты және толық бейнесін құруға және қоғам ішінде ашық диалог алаңына айналуға көмектесетін идеялар мен ақпараттарды бейтарап және шынайы жеткізуі керек. Интернеттің, теледидардың, радионың және баспа БАҚ-тың тәуелсіз және өз миссиясын еркін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін ортаны сақтау демократиялық мемлекеттің міндеті. Қазіргі таңда бұл нәрсеге әлемде зор мүмкіндіктер бар. Телевизия саласында түрлі бағдарламалар ойластырылып, жарыққа шығып жатыр. Кез-келген түкпірде отырып тамашалай алуға болады. Мас медиа секілді бастамалар адамның дамуы үшін пайдалы деп айтар едім. Себебі қазір ютуб, инстаграмм секілді әлеуметтік желілер бар. Күніне кем дегенде 5 млн адам статистика бойынша инстаграмм желісіне кіреді екен. Ойлай беріңіз адамның өмірінің бір бөлігіне енген кәдімгідей. Сондықтан бұл желілердің пайдасын білу керекпіз. Мысалы инстаграмм арқылы бизнес бастауға болады немесе түрлі пайдалы ақпараттар алмасуға болады.


Небір-небір пайдалы деген сабақтарды қарап, түрлі мінез-құлықты танытатын видеоларды көріп отырсақ, ол жақсы әсер етеді деп ойлаймын. Жалпы әлеуметтік желідегі кез-келген ақпаратты адам шынайы қабылдап қалуы мүмкін. Ол жақсы дүние болғаны жақсы әрине, алайда жағымсыз дүниелер де көптеп кездесетінін жасыра алмаймыз. Меніңще, адам тек өзіне керегін алуы тиіс, қажетсіз дүниелерге энергия, уақытты кетіріп керегі жоқ.
Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі ақпараттың негізгі көзі бола отырып, қазіргі кезде де коммуникацияның негізгі құралы бола отырып, дәстүрлі түрде маңызды әлеуметтік функцияларды, соның ішінде коммуникативті, білім беру, хабар тарату және әлеуметтендіру функцияларын орындайды.  Менің қазіргі еліміздің БАҚ-ға менің көңілім толып келеді, себебі көптеп ана тілді қолдау жолға қойылған. Ана тілде сөйлеу , тіл тазалығы түзелгені құлаққа жағымды келеді бұл-қуантарлық жағдай. Әлеуметтік-психологиялық сипаты күннен күнге еселеніп келеді. Оның қоғамдық қарым-қатынаста атқаратын саяси-әлеуметтік рөлі де алуан түрліеген нәрселерді соның ішінде жоғарыда атап өткен әлеуметтік желі, БАҚ деген секілді дүниелер әсерімен өзгереді. Барлығы адамның өз меншігіндегі нәрсе, адам тек барлығын жақсы қабылдай білуі керек.
Максутова Гүлсана «әдебиттану» мамандығы, 1-курс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет