Психологиялық дайындық
Музыка ырғағымен белгі бойынша қимылдар жасау жасау.
«Жұмыртқа жинау» әдісі бойынша өткен сабақты қайталау.
1.Электр тоғын ең жақсы өткізетін металл? Жауабы: Күміс
2.Өз бойынан электр тоғын өткізетін денелерді ата? Жауабы: Электрөткізгіштік
3. Өз бойынан электр тоғын өткізбейтін денелерді ата? Жауабы: электроқшаулағыш
Жаңа тақырып
«Заттар және олардың қасиеттері.Табиғат ресурстары» бөлімімен таныстыру.
Қызығушылықты ояту
Ай мектеп бейнебаян
«Пайдалы қазбалар»
Көрген видеодан қандай құнды ақпарат алдыңдар?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады
Дескриптор:
-бейнебаян мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
ЕСІҢДЕ САҚТА
Пайдалы қазбалар жер астында да, жер бетінде де, тіпті су ішінде де болады. Оларға көмір, газ, мұнай, алтын, күміс, қорғасын, әктас, гипс, бор, гранит, ас тұзы сияқты ресурстар жатады
«Жануарларды тамақтандыр» әдісі бойынша Топтық жұмыс
Табиғат ресурстары деген не? ·
Жер қыртысынан алатын табиғи ресурстар
Табиғат ресурстарын не үшін пайдаланады? ·
Адам өміріне қажетті болған соң
Табиғат ресурстарын қайдан алады?
Оларды жер асты мен су ішінен, жер бетінен ал
1-тапсырма.Ұжымдық жұмыс
«Мен зерттеушімін» әдісі
Үстелдің үстінде тұрған пайдалы қазбалардың атауын ата, сипатта және картадан көрсет.Кестені толтыр
( тұз,алтын бұйымдар,көмір ).
Дескриптор:
-бірінші пайдалы қазбаның атауын атайды,сипаттайды (1б)
- екінші пайдалы қазбаның атауын атайды,сипаттайды (1б)
-үшінші пайдалы қазбаның атауын атайды,сипаттайды (1б)
- пайдалы қазбалар Қазақстанның қай қалаларында өндірілетінін картадан тауып,жазады(1б)
2-тапсырма Жұптық жұмыс
«Суретті кесте» әдісі
Суретті кестедегі сұрақтарға жауап жаз
1.Берілген фотосуреттерде қандай үдерістер бейнеленген?
2.Бұл жерлерден қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?
3.Пайдалы қазбаларды қалай қазып алады?
4.Пайдалы қазба өндіруге байланысты қандай мамандықтарды білесің?
5.Пайдалы қазбалар қандай әдістермен өндіріледі?
Дескриптор:
- фотосуреттерде қандай үдерістер бейнеленгенін жазады(1б)
- бұл жерлерден қандай пайдалы қазбалар өндірілетінін анықтайды(1б)
- пайдалы қазбаларды қазып алу жолдарын жазады(1б)
- пайдалы қазба өндіруге байланысты мамандықтарды анықтап,жазады(1б)
- пайдалы қазбаларды өндіру әдістерін жазады(1б)
|