өзіңнен баста!
Иманбекова Шолпан Сембекқызы
2009 жылдың 18 қарашасынан ба-
стап «Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы №5
қалалық емханасы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері.
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы – 269 615 теңге.
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында – 2 036 131 теңге.
атында үйі, пәтері, автокөлігі жоқ.
Майлыбаева Бағдат Асаубайқызы
Жеке кәсіпкер. Тараз қалалық
мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы – 100 000 теңге.
2015 жылдың қаңтарына зейнетақы
аударымдарында – 356 948 теңге.
Өз атында Тараз қаласы, Королев
көшесіндегі «аю» тойханасы, 0,4352
га жер телімі, 2008 жылғы «Lexys LX
570», 2010 жылғы «Tауota Avensis»
автокөліктері бар.
Мырзахметов Марат Асанұлы
«саФ» сК аҚ филиалының
б а с қ а ру ш ы с ы . Та р а з қ а л а л ы қ
мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы – 230 000 теңге.
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында –3млн. теңге
Үйі жоқ.
Өз атында 2012 жылғы «Audi A8»,
1998 жылғы «Nissan Patrol», 2012 жылғы
«Toyota Hilander» автокөліктері бар.
Умаров Гулам Мұхтарұлы
2 0 0 9 ж ы л д ы ң 5 ма м ы р ы н а н
бастап №2 қалалық ауруханысы бас
дәрігерінің орынбасары. Тараз қалалық
мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы - 243 000 теңге.
2015 жылдың қаңтарына зейнетақы
аударымдарында –2454799 теңге
Өз атында Тараз қаласында «астана»
мөлтек ауданында пәтері, 2013 жылғы
«Daewoo nexia» автокөлігі бар.
Болысбаев Қуанышбек Шәріпбекұлы
1996 жылдың 2 маусым айынан
бастап «ақ бота» ПИК-тің төрағасы. «Ше-
бер Тараз» ЖШс-нің құрылтайшысы.
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы - 160 000 теңге.
2015 жылдың қаңтар зейнетақы ауда-
рымдарында – 934986 теңге.
Өз атында Тараз қаласы, Фрес-
но көшесінде үйі, «мыңбұлақ» м/а,
шеберханаға арналған ғимарат (2 сот),
1991 жылғы «Nissan Sanny» автокөлігі
бар.
Досымбаева Анар Абжапарқызы
2008 жылдан бастап «Тараз аква-
2030» ЖШс директоры. Тараз қалалық
мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы - 70000 теңге.
Өз атында Тараз қаласы, абай көшесі,
134 үйде пәтері бар. автокөлігі жоқ.
Исаев Төлепбек Әділбекұлы
2007 жылдың 7 маусымнан бастап
«минералды тыңайтқыштар» «Каз-
ФОсФаТ» ЖШс ТФ директоры. Тараз
қалалық мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы-584 591 тенге
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында - 5 233481теңге
Өз атында Тараз қаласы, Қарасу
көшесінің 1бұр., 68а үйі, 2001 жылғы
«Mercedes Benz S550» автокөлігі бар.
Мананов Талғат Шәймерденұлы
«сириус» ЖШс-нің құрылтайшысы.
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы - жоқ.
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында – 144 444 теңге.
Өз атында Тараз қалсы, Қазыбек би
көшесі, 167 мекенжайында үйі, сулей-
менов көшесі мен Қойгелді көшесінің
қиылысы (21 сот.), сатпаев көшесі, 7
«б» (30 сот) жер ителімдері, 2013 жылғы
«Nissan qashqai», 2008 жылғы «Toyota
Land Cruiser 200» автокөліктері бар.
Жексембиев Жақып Түзелбайұлы
2004 жылдың 27 қыркүйегінен
бастап «Жамбыл облысы әкімдігінің
ден с аул ық с ақт ау басқармасы
Жамбыл облыстық наркологиялық
диспансері» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынының бас дәрігері. Тараз
қалалық мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы – 334 614 теңге
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында – 2140302 теңге
Өз атында бағбаншылық жүргізу үшін
жер тілімі (кадастырлық номері -06-087-
047-358), 1976 жылғы «зил 130», 1994
жылғы «уаз 315126», 1992 жылғы «уаз
3303» автокөліктері бар.
Кан Руслан Анатольевич
1998 жылдың 20 шілдесінен бастап
«автотранссигнал» смЭу ЖШс-і
директорының орынбасары. Тараз
қалалық мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы - 133 650 теңге.
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында – 1 365 792 теңге.
Өз атында үйі, пәтері, автокөлігі жоқ.
Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы
2006 жылдың 25 тамызынан бастап
«Жамбыл-Тараз» газеті редакциясы»
ЖШс-нің директор-бас редакторы. Тараз
қалалық мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы – 120 000 теңге.
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында – 719 216 теңге.
Өз атында үйі, пәтері, автокөлігі жоқ.
Ниязбекова Айша Бердешқызы
2001 жылдын 3 мамырынан бастап
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
б. момышұлы атындағы №45 қазақ
классикалық гимназиясяның директоры.
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы - 129 447 теңге
Өз атында алматы қаласы Жарокова-
Дунаевский көшесінің қиылысында 1
бөлмелі пәтері бар. автокөлігі жоқ.
Бөлекбаев Жұмабек Әбдікәрімұлы
2011 жылдың 23 тамызынан бастап
«Жамбыл облысы әкімдігінің энер-
гетика және тұрғын үй-коммуналдық
ш а р у а ш ы л ы қ б а с қ а р м а с ы н ы ң
шаруашылық жүргізу құқындағы «Жам-
был Жылу» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры. Тараз қалалық
мәслихатының депутаты.
айлық жалақысы – 291 500 теңге.
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында – 3 135 458 теңге.
Өз атында үйі, пәтері, автокөлігі жоқ.
Абаев Марат Есімұлы
2013 жылдың 12 мамырынан
бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене
шынықтыру және спорт басқармасы
басшысының орынбасары.
айлық жалақысы - 129717 теңге.
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында – 1 225504 теңге.
Өз атында үйі/пәтері жоқ.
Жеке басына 2001 жылғы «Audi 100»
автокөлігі тіркелген.
Алиев Досмаханбет Касымович
2015 жылдың 26 қаңтарынан
бастап Жамбыл облысы әкімдігінің
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының басшысы.
айлық жалақысы - 189 627 теңге.
2015 жылдың мамырына зейнетақы
аударымдарында – 2 772 245 теңге.
Өз атында Тараз қаласы, Желтоқсан
көшесі 77/58 мекенжайда орналасқан
(жалпы көлемі 55 шаршы метрді
құрайтын) екі бөлмелі пәтері бар.
Жеке автокөлігі жоқ.
Әбдіре Марат Әбдірәсілұлы
Қр аШм аӨК мИК Тараз қалалық
аумақтық инспекциясы басшысы
Жылдық табысы - 1 590 014 теңге.
зейнетақы жарнасы -182 648 теңге.
Өз атына Тараз қаласы с.Дәненұлы
көшесі 75 «а» үйі және 2001 жылғы «лек-
сус -300» автокөлігі тіркелген.
Тұрысов Әлімқұл Мәметәләұлы
Қр Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі «Еңбек, әлеуметтік
қорғау және көші-қон Комитетінің Жам-
был облысы бойынша департаменті»
рмм басшысы.
Жылдық табысы – 3 403 324 теңге.
зейнатақы жарнасы – 2 317 063 теңге.
Өз атында Тараз қаласы, Перепелкин
көшесі 32 мекен жайында үйі, 4 бұрылыс
Қапал 2 «в»/68 мекен жайында ипотекаға
алған пәтері бар.
Катилевская Ольга Георгиевна
Қр Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі «Еңбек, әлеуметтік
қорғау және көші-қон Комитетінің Жам-
был облысы бойынша департаменті»
рмм басшысының әлеуметтік сұрақтар
бойынша орынбасары.
Жылдық табысы – 2 762 592 теңге.
зейнатақы жарнасы – 2 087 919 теңге.
Депозиттегі қоры – 1 557 546 теңге.
Өз атында бір бөлмелі пәтері бар.
алаң
13
// «ЖАМБыл - ТАРАз» // №23 (1258), 3 МАуСыМ 2015 Жыл //
g
Егемен еліміздің мемлекеттік Туы шет мемлекетте екі жағдайда
көкке көтеріледі. Біріншісі - мемлекет басшысының сапары кезінде,
екіншісі - байрақты спорттық бәсекелерде жеңімпаздар анықталған
сәтте. Шүкір, қазақ елінің мерейін үстем етіп, олимпиада және
әлем біріншіліктерінде топ жарып жүрген толағайларымыз аз емес.
Соның бірі - Жасұлан Қыдырбаев. Былтыр Алматыда өткен әлем
біріншілігінде Жасұлан батыр қос сайыс нәтижесінде 408 келіні
еңсерді. Сөйтіп, қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы ата-
нып, алаш баласының зілтемірді ұршықша иіре алатынын төрткүл
дүниеге көрсетті. Жасұлан Қыдырбаев 2016 жылы Бразилияның
Рио-де- Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарында көк
байрағымызды көкке желбіретіп, әнұранымызды әлем алдында
шырқатады деген сенім артылып отыр.
«ел абыройы -
ер Мойнында»
«Өмірде жақсылық та
жамандық та – сынақ»
- Жасұлан, ауыр атлетика-
дан қазақтан шыққан тұңғыш
Әлем чемпионы атанып,
халықтың ұлына айналдың,
есімің қазақ спорты тарихында
алтын әріптермен жазылары
да сөзсіз. Бұл жауапкершілікті
қалай көтеріп жүрсің?
- бізге ата-бабамыздан аманат
болған тұғыры биік тәуелсіздікті
көзіміздің қарашығындай қорғау,
Отан ананың тыныштығын
сақтап, оған қалтқысыз қызмету
ету – ер-азаматтың борышы.
соның ішінде, қазақтың намы-
сын, бұла күшін әлемдік арена-
ларда паш ету – спортшылардың
міндеті. Егер халықтың сенімін
ақтап, абырой биігінен көрініп
жатсам, егемен елімнің дамуына
қосқан теңізге құйған тамшыдай
үлесім деп білемін. Әрине, сіздің
сауалыңыздың төркінін түсініп
отырмын. мойнымда тұрған
жауапкершіліктің жүгі жеңіл
емес. Әр спортшы үшін бірінші
жеңістің дәмі қандай тәтті бол-
са, сол жетістікті қайталау,
бағындырған белесіңді ұстап
тұру, чемпиондық атағыңды
қорғау – қиынның-қиыны. мен
мұны терең сезінемін және
осы мақсат жолында ерінбей
еңбектеніп, тер төгемін...
- Жалпы, бүгінгі бейбіт күннің
батыры кім десек, көпшілігі
спортшыларды тілге тиек
етіп жатады. Жеңіс тұғырына
көтерілгенде, өзіңді қоғамның
бір қаһарманы ретінде сезіндің
бе?
- мұндай сезім менде
мүлде болған жоқ. себебі,
«мен-мендік» адамның ойын
бұзады. «Құдайсыз қурай да
сынбайды». менің бойыма
күш-қуат, қажымас-қайрат бер-
ген бір аллаға мадақ айтамын.
Жоғарыда айтқанымдай, қазақ
халқының бір перзенті ретінде,
ұлтыма пайдам тисе деймін. бір
ғұлама: «Тауға шығу қиын, бірақ
одан түсуің әп-сәтте» деген екен.
рас, қай қалада жүрсем де, қалта
телефоныма тыныштық бермей,
төрінен орын ұсынып мейман
еткісі келетін кісілердің, өзіңіз
секілді сұхбатқа шақыратын
журналистердің де қарасы қалың.
мына дүниеде ойдан жүйрік
ештеңе жоқ қой. сондай кезде
үлкен шаруаның басын қайырған
азаматтай кеудемді мақтаныш
сезімі кернейтінін қалай жасы-
райын?! біз көктегі періште
емес, жердегі жұмырбасты,
жақсылыққа тез бейімделетін
пендеміз. рас, ақылың,
жүрегіңдегі иманың мұндай
арам пікірдің қалыптасуына
жол бермейді. менің өмірлік
ұстанымым – жақсылық та,
жамандық та - сынақ. алла
тағаланың берген мол нығметін
күпірліксіз көтерсең, одан да
үлкен бақытқа кенелесің. Шамам
келгенше, асыл дінімізді берік
ұстанып, шариғат шарттарымен
ғұмыр кешемін.спорттық ба-
бымды сақтау үшін белгілі күн
тәртібі бойынша жаттығып, өзім
де босаңсуға жол бермеймін...
- Бокстан қазақтың салмағы
«69 келі» десек, ауыр атле-
тикада «94 келі» деп айтуға
әбден болады. Қазіргі таңда
баршамызды мазалап отырған
бір сауал бар. Рио-де-Жанейро
олимпиадасында ел намысын
кім қорғайды? В.Седов па,
А.Өтешов пе, әлде өзің бе?
- Ш ы н ы н д а , б ұ л к ү н
тәртібінде тұрған басты сұрақ
(күліп). бұл салмақта Влади-
Жасұлан ҚЫДЫРБАЕВ,
ауыр атлетикадан әлем чемпионы:
мир седов пен алмас Өтешовтен
бөлек тағы мықты спортшылар
бар. Жаттықтырушылар құрамы
соңғы екі жылдың нәтижесін
ескеріп, бірінші нөмірге мені
қойып отыр. Өз басым есімдері
аталған ағаларымнан сескенбеймін.
Керісінше, өкшемізді басып келе
жатқан жастардан жүрексінуге
болады. Әлбетте, спортшылардың
арасында ішкі бәсекенің болуы
– заңды құбылыс. бірақ, шын
жүрегіммен басқа бауырларымның
да үлкен дүбірлі додаларда топ
жаруларына тілекшімін. бұйыртса,
қыркүйек айында әлем чемпионаты
жалауын көтереді. сол байрақты
бәсекеде үздік шыққан зілтемірші
олимпиаданың жолдамасына ие
болады. Егер Қазақстаннан барған
үш спортшының көрсеткіштері
бірдей болған жағдайда, тағы басқа
жарыста бақ сынайтын боламыз.
мен рио олимпиадасына досым
Владимир седовтың барғанын
қалаймын.
- Жалпы, төрт жылда бір
келетін бәсекеде, оның үстіне,
олимпиаданың теңдессіз жүлдесі
сарапқа салынған сәтте достық
болуы мүмкін бе?
- Владимир седов – өзге ұлттың
өкілі болғанымен, жаны таза,
жүрегі кең азамат. бір командада
жаттыққаннан кейін, жігіттердің
арасында көреалмаушылық, аяқтан
шалушылық арагідік кездеседі.
бірақ алматыда өткен әлем
біріншілігінде Владимир менен
бір келіге кем көтеріп, оған күміс
медаль бұйырды. Жарыс біткен
соң, үлкен конференцияда сөз алған
адал досым: «мен басқадан емес,
қазақтың баласынан ұтылғаныма
еш намыстанбаймын, өкінбеймін
де. себебі, бұл менің де жеңісім» -
деп, мерейімді бір тасытты. мұндай
кең жүректілік, еркөңілділік – нағыз
текті азаматқа ғана тән қасиет.
Владимир – тәжірибелі, кәсіби
біліктілігі, интеллектуалдық ой-
өрісі жоғары спортшы. Қандай
сұрақ қойсаңыз да тосылмайды.
Тіпті, кәсібилік тұрғыдан Илья
Ильинді басып озады. Жаттығу ба-
рысында үнемі бізге ақыл-кеңесін
айтып, қолынан келген көмегін
аямайды. лондон олимпиадасының
чемпионы светлана Подобедова
екеуі бас қосып, чемпиондар отба-
сында кішкентайлары өсіп жатыр.
мен бұл азаматты барлық жағынан
үлгі тұтамын.алдағы олимпиадада
кімнің бағы жанса да, Қазақ елінің
мемлекеттік туы көкте желбіреп,
айбыны асқақтасын деп тілеймін.
«Мезгілсіз ажалдан
қорқамын...»
- Бүгінде екі дүркін олимпи-
ада чемпионы Илья Ильиннің
командасында жаттығып
жүрсің. Әлем чемпионатында қос
сайыста 408 келіні бағындырдың.
Бұл көрсеткіш өзгерді ме?
- Дүниежүзілік статистикаға
зер салатын болсақ, 408 келіні
Илья Ильиннен басқа ешкім
еңсере алмаған. Жерлесіміздің
бұл рекордтық көрсеткішін ешкім
бұза алмай келген-ді. міне, осы
үлкен салмақты бағындыру – мен
үшін үлкен м
әртебе. Демек, бұдан
ауыр салмақты көтеру –қолымнан
келеді деген сөз. Құдайға шүкір,
оған мүмкіндігім бар. Тап қазір
бұл көрсеткішті пәленше есеге
арттырдым деп айта алмаймын.
себебі, спортшының физикалық
күш-қуатын арттыру үшін арнайы
жаттығулар жасалады. бұлшық
етімізді қатайту мақсатында суда
жүземіз, жүгіреміз. Тек жарыстың
алдында ғана зілтемір көтеріп,
шама-шарқымызды байқаймыз.
бірақ алдыма қойып отырған меже
– 414-415 келі.
- Жасұлан, былтыр ұлттық
құрамадағы бірнеше ауыр атлет-
допинг дауына ілігіп, спорттан
шеттетілді. Әріптестеріңнің
мұндай қадамға баруларына не
себеп?
- мен бұл мәселеге алып-
қосарым жоқ. Әр адам өз ар-
намысының алдында есеп береді.
- Жамбылдық зілтеміршілердің
бет алысын қалай бағалайсың?
- мен Таразға 2010 жылы
келдім. араға бір жыл салып, об-
лыс орталығында ауыр атлетика
секциясы ашылып, бас бапкеріміз
мирас Қожахметовтың қоластында
жаттыға бастадық. уақыт өте
жұмысымыз жемісті болып,
келісімшартқа отырдық. сөйтіп,
көптеген айтулы жарыстарға
ш ы ғ ы п , ө з ш е бе рл і г і м і зд і
таныттық. бүгінде ұлттық құрамада
77 келі салмақта жаттығып жүрген
жамбылдық Жәнібек зермұхамедов
есімді талантты жігіт бар. Осы
спортшының болашағынан зор
үміт күтеміз.Негізі тау көтеретін
толағайлар ауылдан шығады ғой.
Облыстағы шалғай елді мекендерге
ат басып бұрып, қарадомалақтарды
спорттың осы түріне тартсақ,
тиісінше баптасақ, талай бала-
лар жарқ етіп шығар еді. спорт
еркелікті көтермейді, тек ерік-
жігері мықтылар ғана соқпағы
көп жолда жығылмай, белгілі бір
жетістікке жетеді.
- Сіздер жарыс алаңына
шыққанда, зілдей темірді
көргенде, экранның арғы жағында
отырған біз, жанкүйерлер,
демімізді ішімізге тартып, тақым
қысамыз. Өзің қорқынышыңды,
қобалжуыңды қалай жеңесің?
- мен жарыс алаңында уайымға
бе р і л і п , қ о р қ ы н ы ш қ а жол
бермеймін.
ба ла күнімде бұл фоби-
ямды жеңгенмін. Жарысқа
дейін дайындық барысында
психологиялық тұрғыдан көп
жұмыс жасаймыз. спорттың қай
түрін алсаңыз да, спортшы сезімге,
яғни эмоцияға ерік бермей, тек
мимен жұмыс істеуі тиіс. адам
миға қандай дабыл жіберсе, дене
сол функцияны орындайды. мен
жұмыстың басын емес, тек соңын,
яғни нәтижесін ғана ойлаймын.
- Мына өмірде неден қорқасыз?
- Әуелі бір алладан қорқамын.
«Ұйқы – ажалдың інісі» деген сөз
бар. Кейде ұйқыдан тұрмай қалып,
мезгілсіз ажалға душар болудан
жүрексінемін.
- «Отан – отбасынан баста-
лады» дейміз. Бір жанұяның
отағасы ретінде отбасы
құндылығы мен бала тәрбиесіндегі
негізгі ұстанымыңыз қандай?
- Өте орынды сұрақ. Дінімізде ата-
анамыз бізге парыз деп есептелсе,
өз отбасымыз сүннет болып табы-
лады. Парызды өтеу - міндетімізге
жатса, сүннетті орындау арқылы
үлкен сауапқа кенелеміз. мен
үшін отбасымның берекесі, әке-
шешемнің разылығын алу, асыл
жарым мен қызымды бақытқа
бөлеу – үлкен жауапкершілік.
Құдайға шүкір, сүйген жарым
менің барлық жағдайымды жа-
сап, жан дүниемді түсінеді. Әйел
ер азаматын сапарға шығарып
салып, күтіп алуы өте маңызды.
Келіншегім – Шудың қызы, өзі
де бокспен айналысқан. бүгінде
екі жасар кішкентай қызымыз
бар. бала тәрбиесінде ұстанатын
басты қағидам – перзентіме терең
білім беру. Қызымды қатты жақсы
көремін, қазірдің өзінде оның
жат-жұрттық екенін ойласам,
қиналамын, қимаймын. балапаным
иманды, білімді болып бойжетсе
екен деп дұға етемін...
- Әңгімеңе көп рахмет! Тек
жеңіс тұғырынан көрін!
Сұхбаттасқан
Индира БАЙҚОНЫСОВА
саламат
12
// «ЖАМБыл - ТАРАз» // №23 (1258), 3 МАуСыМ 2015 Жыл //
Үй жағдайында санаторий
жасауға бола Ма?
Пайдалы, ыңғайлы және ең бастысы— ТИІМДІ!
артроз, артрит, тамыр тапшылығы,
остеохондроз және т.б. сияқты көптеген
созылмалы аурулар кезінде емханалық
терапия ғана емханалық сауығуға қол
жеткізуге немесе кем дегенде ауруға
бақылау жасауға мүмкіндік береді. Физио-
емдеу шараларын амбулаториялық өткізу
белгілі қиындықтармен үйлесетіндіктен,
науқас өте жиі толыққанды (яғни кешенді)
ем қабылдай алмайды. Жұмыс істейтін
адамдар емханаға бару үшін жұмыстан
сұрануға немесе науқас парағын аштыруға
мәжбүр. Қарт кісілерге де салқын немесе
ыстық ауа-райы кезінде қоғамдық көлікпен
емханаға жету қиын, әсіресе ауру белгілері
жағдайды
ушықтыруы мүмкін, ал жақын
адамдарының үнемі қолы тимеуі мүмкін.
Қазіргі таңда бұл мәселенің шешімі
бар - тағайындалған физиоемдеуді
үйде қамтамасыз етуге болады, яғни өз
үйіңде физиокабинет жасауға болады.
ақша бекер жұмсалмағанына сенімді
болу үшін бар мәселе қандай физио-
аппараттарды сатып алу керектігіне
сенімді болуға негізделеді. Өзіңді
жалған медициналық аспаптардан
қалай қорғауға болады? бұл өте оңай.
сіз Елатом аспап зауытының бір ғана
алмаГ-01 магниттік-терапиялық аппа-
ратын сатып алып, өз физиокабинетіңізді
жасай аласыз. бұл аппарат сенімге
кірген, себебі оны қолдану тәжірибесі
айтарлықтай жоғары, ол 15 жыл бұрын
өндірілген болатын. біздің еліміздегі ем-
деу мекемелеріндегі физиокабинеттердің
80%-дан астамы алмаГ-01 аппара-
тымен жабдықталған және оны тірек-
қозғалу аппаратын, жүрек қан тамырын,
неврологиялық, бронх-өкпе және басқа
мүшелердің патологиясын емдеу үшін
белсенді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |