МақтанышыМ, айбыныМ! №23 (1258)



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата12.03.2017
өлшемі4,25 Mb.
#8978
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

МақтанышыМ, айбыныМ!

 №23 (1258)   3

 маусым 


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„

4 маусым – Қазақстан Республикасы рәміздерінің күні. Бейбіт күнде ұлт 



пен ұлыстың айбыны асқақтаған елімізде рәміздерге деген құрмет – барша 

қазақстандықтардың жүрегінен орын алды. Еңбектеген баладан, еңкейген 

қарияға дейін сонау тарих тереңінен қанына сіңген намыс пен өр рухтың 

ізі бүгінде Ұлт рәміздеріне деген ізеттің биігінде тербеледі. Бұл - біз үшін 

мақтаныш, ұрпақ үшін айбынды жол.

                                         



                                                    

5 бет.

434 жаңа жұМыс орындары құрылды

2015 жылдың 1 маусымына тараз қаласында

қарағайлар қара суға 

мұқтаж

 

„



Шаһардың 

басты көшелеріне 

отырғызылған қарағай 

мен шырша ағаштары 

бүгінде қураған қу ағашқа 

айналуда. Басты себеп...                                    

  

4 бет.

бала еңбегі 

бейқамдықты көтермейді

 

„



Балдәурен балалықтың 

рахатына бататын шақта 

қаракөздеріміз неге күйбең 

тіршіліктің қамын күйттеп кетті?                                                                                                                                           

                                       

  

8  бет.



70 жыл күткен хабар

 

„



Майдангер 

О.Досжановтың қарындасы 

Алтын апай бауырының 

зиратын тапты.                               

  

7 бет.


қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №23  (1258),  3  маусым  2015 Жыл // 



Арсен БАЙЗАҚ

мұнда  өндіріске  енгізілген  жаңа  техно-

логиялар  жүйесімен  танысты.  сондай-

ақ,  кәсіпорынның  әкімшілік  ғимаратында 

«Қазфосфат» ЖШс және «Тараз химиялық 

паркі»  еркін  экономикалық  аймағы 

негізінде  химия  өнеркәсібінде  индустри-

алды инфрақұрылымды қалыптастыру мен 

жобаларды  жүзеге  асыру»  тақырыбында 

Қр  Парламенті  сенатының  экономикалық                   

саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік 

комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда облыс 

әкімінің орынбасары Тимур Жанке сөз сөйлеп, 

Ерболат САУРЫҚОВ,                                              

Тараз инновациялық-гуманитарлық 

университетінің ректоры (ТИГУ),  филология 

ғылымдарының докторы, профессор

бүгінде  «Қазақстан-2050»  стратегиясының       

басты мақсаты – әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің 

қатарына енуге қол жеткізу жолында жұмыс жүруде. 

соңғы  төрт  жылда  көзделген  бірқатар    міндет-

мақсаттарға қол жеткізілді. Әуелі ішкі жалпы өнім 

көлемі өсіп, үдемелі индустриялық-инновациялық 

дамудың бірінші бесжылдық жоспары аяқталды. 

аграрлық сектор даму үшін қуатты серпінге ие бол-

са, инфрақұрылымдық салаларда үлкен өзгерістер 

орын  алуда.  Елімізде  шағын  және  орта  бизнес 

дамып келеді. Қазақстан әлеуметтік жаңғыру жо-

лына бет бұрды. Құқық қорғау органдары мен сот 

жүйесінде терең реформалар жүзеге асып, сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізілуде. 

Конфессияаралық  келісім  мен  тыныштықтың 

негізі  ретінде  мемлекеттің  зайырлылық  сипаты 

нығайтылды. Қазақ елінің халықаралық беделі күн 

санап артып келеді. бүтіндей алғанда, алға қарай 

қарышты қадам жасалды. 

мемлекет  басшысы  Н.Назарбаев  «бес 

институттық  реформа  –  дәл  осындай  ізділікпен 

өтуі тиіс бес қадам» деп қадап айтқанындай, әлем 

елдерінде түрлі саяси ахуалдар орын алып жатқанда, 

біз осындай реформалар арқылы тиімді әрі дұрыс 

жолға бағыт аламыз. сонда ғана қоғам мен мемлекет 

біртұтас және тұрақты болады. 

б е с   и н с т и т у ц и о н а л д ы   р е ф о р м а -

да  атап  көрсетілгендей,  мемлекеттік  органдар 

басшыларының  есептілігі  тәжірибесін  кеңейту, 

шешім  қабылдау  үдерісінің  мөлдірлігін  қамту, 

мемле


кеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы 

қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту, азаматтық 

бюджеттендіруді  енгізу,  шағым  жасау  жүйесін 

нығайту, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет 

көрсетулер  сынды  бағыттардағы  жұмыстардың 

тамырына қан жүгірту қажет. Осы бес реформа 

жинала келіп, Қазақстан мемлекеттілігін нығайту 

мен әлемдегі дамыған озық 30 елдің қатарына ену 

үшін жағдай жасайды. бұл реформа ұзақ мерзімді 

«Қазақстан-2050» стратегиясын  іске  асырудың 

алғашқы қадамдары іспетті. бес институционалды 

реформаның  әрбірі  ел  үшін  үлкен  жұмыс  және 

орасан жауапкершілік жүктейді.

Елбасы  осыдан  оншақты  жыл  бұрынғы 

еңбектерінде бүгінде әлемде бой көрсетіп жатқан 

күрделі мәселелердің орын алатындығын сездірген 

болатын. Қазақстанда дүркін-дүркін қолға алынған 

реформалар елімізді осы тығырықтан шығаруда 

үлкен  рөл  атқарды.  Ел  Президенті  мемлекеттік 

мәселе деңгейінде көтерген бес институттық ре-

форманы қатардағы жәй реформа емес, іргетасы 

мықты, қабырғасы берік, мақсат-мүддесі биік ре-

форма деп түсінуіміз қажет және мемлекетіміздің 

жаңа биіктерді бағындыруына Қазақстан азаматтары 

ретінде атсалысуымыз керек.

Г.ҚОЙБАҒАРОВ,                                  

Жамбыл мемлекеттік мүлік және 

жекешелендіру департаментінің кадр 

жұмысы және    құқықтық қамтамасыз 

ету бөлімінің басшысы

с о ң ғ ы   ке зд е р і   б ү к і л   ә л е м д е 

экономикалық  дағдарыс  саябырсымай 

келе  жатқаны  белгілі. бірақ  Елбасының 

көрегендігі арқасында еліміз әзірге оны сезе 

қойған жоқ. Дегенмен, «сақтықта қорлық 

жоқ» демекші, Нұрсұлтан Назарбаев тағы 

да даналық танытып, халқының келешегін 

әріден  ойлап,  қаржы  тапшылығын 

болдырмаудың, оның алдын алудың жол-

дарын өз Жолдауында көрсетіп берді.

Елбасы Қазақстанның ұлттық идеясы 

болмай,  болашақтың  дамуына  бағдар 

жасамай, елді дамыту мүмкін еместігін 

баса айтты. Халықтың бірлігін нығайту, 

елдің  тыныштығын  сақтау  керектігін, 

бүкіл әлемдегі қаржы дағдарысынан елді 

аман алып шығудың жолын толық ашып 

көрсетіп берді. бұл — ел үшін, халқымыз 

үшін жасалған үлкен қадам. Елбасының 

барлық  жағдайды  қамтып,  жан-жақты 

ойлауы ел халқының қамы деп ойлаймын. 

біздің ендігі міндетіміз — Елбасы Жолда-

уында көрсетілген жайттарды жадымыз-

да ұстап,  өз  жауапкершілігімізді сезіне 

білуіміз қажет.

Жолдау нағыз уақыт рухын сезіндірді, 

бүгінгі күннің әрқайсымызды толғандырған 

мәселелерін алдымызға алып шықты.

Президенттің  Қазақстан  халқына 

осыдан бұрын жолдаған Жолдауларының 

барлығымен де таныспыз. Елбасы соның 

барлығында  да  уақыттың  сипатын  дәл 

анықтауымен және болашақты алдын ала 

көре білуімен ерекшеленген еді. бұл жолғы 

Жолдауы да алдағы уақытқа талпындырды, 

болашаққа деген сенімді нығайтты. 

Жо л д ауд а   Е л б а с ы   е л і м і з д і 

экономикалық дағдарыстан қиындықтарға 

ұрындырмай алып шығудың сара жолда-

рын айқындап, басым бағыттарын белгілеп 

берді десе де болады. Егемен еліміз алған 

биіктер мен табыстар ұлтаралық татулық, 

өзара  келісім  мен  бірліктің  арқасында 

келіп отырғанын жастардың ойына сіңіру 

керектігі туралы пікірі де көптің көңілінен 

шықты. Еліміздің басты құндылығы елдегі 

бейбітшілік  пен  бірлік,  экономиканың 

тұрақтылығы, этносаралық татулық пен 

толеранттылық  екенін  жастар  түсінуі 

тиіс.  Отбасындағы  береке,  адамдардың 

қауіпсіздігі, еңбекпен қамтамасыз етілуі, 

яғни бейбіт өмірдің іргетасының беріктігі 

сайып  келгенде  тыныштыққа  тәуелді 

екенін ешқашан ұмытуға болмайды. 

Жолдау  біздің  еліміздің  ертеңінің 

жарқын, болашағының бақытты екеніне 

тағы  да  сендіре  түсті.  Жолдау  әрбір 

адамның өміріне әсер етуімен де бағалы. 

бұл Жолдауда алға қойылған міндеттерді 

ынтымағымызды  ұйыта  түсетін, 

ілгерілеуімізге  серпін  беретін,  рухани 

жаңғыруға жағдай жасайтын нұрлы жол 

деп білу керек.

 

„

Жамбыл өңіріне келген ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаттары Химия 



қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Қазфосфат» ЖШС жаңа Жамбыл 

фосфор зауытының агломерат және №5 фосфор шығаратын цехтарында болды. 

 

„

Т



а р а з   м е м л е к е т т і к 

педагогикалық  институтында 

Қ Р   М е м л е к е т т і к   қ ы з м е т 

і с т е р і   ж ә н е   с ы б а й л а с 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

Агенттігінің  Жамбыл  облысы 

бойынша  Департаментінің 

ұйымдастыруымен  «Сыбайлас 

ж е м қ о рл ы қ   –   б і л і м   бе ру 

сапасына  кері  әсер  етуші 

фактор» тақырыбында ғылыми-

практикалық конференция өтті. 

 

„

Елбасының биылғы «Нұрлы жол»: Жаңа 



Экономикалық Саясаты туралы жариялаған 

кезекті Жолдауы өзінің сан түрлі бағдарлылығымен 

ерекшеленеді. Бұл Жолдауда Елбасы еліміздің 

экономикасындағы құрылымдық реформаларды 

жалғастыруға бағытталған игі бастамалар мен үлкен 

жобалардың іске асуына нақты тапсырмалар берді.



Химия кластері: бүгін және ертең

Мүддесі биік реформа

«Нұрлы жол»:                                  

Жаңа Экономикалық саясат

сала келешегі келісілген күн.

 

суретті түсірген Виктор барбаш



басқосуды экономикалық саясат, инновациялық 

даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы 

Талғатбек  абайдилдин жүргізіп отырды. Ол 

мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар жол» Жолдауы мен бес халықтық ре-

формадан  туындайтын  міндеттерді  алдыға 

тартты. сонымен қатар жиында кәсіпорынның 

технологиялық жағынан қайта жаңғырту және 

ірі  кәсіпорындардың  бәсекеге  қабілеттілігін 

арттыру  жолын  талқылауда  Қр  Инвестиция 

және даму министрлігінің индустриялық даму 

және  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  комитетінің 

төрағасы аманияз Ержанов хабарлама жасады. 

ал химия салысының өңірдегі даму жолына 

облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялды-

инновациялық  дамыту  басқармасының  бас-

шысы, алмас мәдиев тоқталды. Оның айту-

ынша  аймақтағы  өнеркәсіптеріндегі  химия 

кәсіпорындары үлес салмағының 24,5 пайызды 

құрайды  екен.  Ұзатылған  жылы  облыстағы 

химия өндірістерінің өнім өндіру көлемі 2013 

жылмен  салыстырғанда  4,6  пайызға  артып, 

69,8  миллиард  теңгеге  жеткен.  ағымдағы 

жылдың алғашқы тоқсанында 15,2 миллиард 

теңгенің өнімі өндірілген. алдағы жылдары 

облыста химия кластерін дамытуға серпілісті 

жобалардың құны – 2 миллиард аҚШ долла-

рын құрап отыр. Оның қатарында 2020 жылы 

облыста өндірілетін химия өнімдерінің көлемі 

2013 жылмен салыстырғанда бес есеге ұлғаяды 

екен. сондай-ақ, жиында «Қазфосфат» ЖШс 

бас директоры мұқаш Ескендіров, «Қазфосфат» 

ЖШс-індегі инвестициялық жобалар, «Евро-

Хим удобрение» ЖШс бас директоры Дмитрий 

Валышев химиялық зауыттардың құрылысы 

жайында, Елубай Орынбаев «Евро-Хим удо-

брение» ЖШс тау-кен кешенінің құрылысы 

жайында,  «Тараз  химиялық  паркі»  еркін 

экономикалық аймағының басқарма төрағасы 

алмас Әбжапаров инвестициялық жобаларды 

іске асырудағы алғашқы қадамдар жайында, 

«Қазазот» ЖШс бас директорының орынбаса-

ры Тахмина Нагуманова кәсіпорын өнімдерін 

өткерудегі мәселелер төңірегінде ой қозғады. ал 

жиын соңында Химия қызметкерлерінің кәсіби 

мерекесіне орай облыстық мәслихаттың бір топ 

депутаттары Қр Парламенті сенатының Құрмет 

грамотасымен марапатталды. Жалпы, аталмыш 

жиында келешекте облыста, оның қатарында Та-

разда химия кластерінің даму даңғылының сара 

жолы анық айтылды. бұл жамбылдықтардың 

әлеуеті тасиды деген сөз.



қала-қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №23  (1258),  3  маусым  2015 Жыл // 



 

„

Тараздықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өткенге тағзым етті.



 

„

Достық үйінде «Білімгерлер арасында толерантты қарым-қатынасты құруға құқықтық білім негізінде қалыптастыруға ұмтылу» 



тақырыбында семинар-тренинг өтті.

таМұқтан өткен тағдырлар

Берері мол бастама



Нұрсұлтан РАХЫМБАЕВ,       

ТарМУ студенті

 семинар-тренинг барысында  жа-

стар  арасындағы,  қоғамдағы  келелі 

мәселелер  қамтылды.  атап  айтқанда, 

құқықтық  сауаттылық,  ұлтаралық 

келісімнің  жетістіктері,  облыстық 

арнайы ЖОО –ның  жастармен тығыз 

жұмыс жасау қорытындысы жене ке-

лешекте атқарылар істері де қамтылды. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

әлемдік бағдарлама деп танылған «100 

нақты  қадам»  Ұлт  жоспары  да  на-

зардан  тыс  қалмады.  сонымен  қатар 

тренинг аясы жатар арасында құқықтық 



Айсана НҰРБАП 

«Ұлттық  еркiндiк  пен  азаттыққа  талпыну 

табиғаттың  болмай  қоймайтын  заңы  тәрiздi 

нәрсе»  дейді  мұстафа  Шоқай.  Ұлты  мен  діні, 

тілі  мен  діліне  қарамастан,  мыңдаған  адамдар, 

тоталитарлық  жүйенің  диірменіне  түсіп,  өзгеше 

ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен 

аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмды. 

бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның 

әрбір  азаматы  үшін  оларды  еске  алу  және  есте 

сақтау қасиетті парыз. 1932-52 жылдары Жамбыл 

облысында 5 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге 

ұшырап, олардың 845-і қаза тапқан еді. Осыған орай 

2000 жылы 31 мамырда облыс орталығында саяси-

қуғын  сүргін  құрбандарына  арналып  ескерткіш 

қойылған  болатын.  Ескерткіштің  мүсіншілері 

–  Д.Әлдеков,  Н.рүстемов,  архитекторлары  – 

Н.баскеев,  Д.медеттегі.  Ескерткіш  биіктігі  1  м 

болатын  дөңестің  үстіне  қойылған.  Ескерткіш 

абақтыны  бейнелейтін  қабырғадан,  қайғырған 

ана  мүсінінен  (биіктігі  2,4  м)  тұрады.  Тарихи 

деректердің айтуынша, 1916 жылы 6 миллионға 

жеткен  қазақтың  1933  жылы  2  миллионы  ғана 

қалды.  1918-22  жылдардағы  ашаршылық  1 

миллион  700  мыңдай,  1932-33  жылдардағы 

ашаршылық 2 миллион 300 мыңға тарта кісінің 

өмірін жалмады. бұлар негізінен ауылдағы қазақ 

шаруалары еді. 1933 жылға дейін қазақ даласында 

болған 40 миллион малдың, 1933 жылдан кейін 

15 миллионы ғана қалса, 1929 жылғы аштықтың 

салдарынан 123 300 000 дихан шаруашылығының 

саны 1936-1937 жылдары 56 500 болып қалған.

1997 жылы Қр Президентінің Жарлығы бойын-

ша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын 

еске алу күні болып жарияланды, ал Қр үкіметіне 

жыл  сайын  31  мамырда  саяси  қуғын-сүргін 

құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу 

тапсырылған.  Он  сегіз  жыл  бойы  қазақ  жұрты 

осы  күнді  ерекше  құрметпен  атап  өтіп  келеді. 

Тараз қаласындағы қаралы ескерткіштің маңына 

облыс  әкімінің  бірінші  орынбасары  бекболат 

Орынбеков бастаған бір топ аймақтың атқа мінер 

азаматтары  жиналып,  гүл  шоқтарын  қойды. 

салтанатты түрде үнсіздік жарияланып, өскелең 

ұрпақ елінің өткеніне тағзым жасады. Қариялар 

бұндай қасіреттің енді болмауын тілеп, жастарға 

естеліктер айтып тарқасты.

Хабарландыру

«Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен 

қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің  Тараз  қалалық  белгілі 

тұрағы жоқ тұлғалардың әлеуметтік 

бейімделу орталығы» коммуналдық 

мемлекеттік  мекемесінде  қызмет 

алушылар үшін кітаптар (қазақ және 

орыс  тіліндегі  әдеби  шығармалар) 

қабылдайды.

мекенжайымыз:  Тараз  қаласы, 

а.асқаров көшесі №20  үй.

байланыс телефоны: 51-05-45

мәдениетті  қалыптастыруда  негізгі 

мәселелері жайлы құқықтанушылардың 

баяндамаларын  талқылап,  шеберлік 

сыныбын өткізу, семинарға ұсынылған 

материалдар  бойынша  тренинг  іс-

шараларын көрсетумен жалғасын тапты.

Жиынды  «ЖасТар-  зЕрТТЕу» 

жастар  қоғамдық  бірлестігі  басшысы, 

философия  ғылымдарының  канди-

даты  Парида  мамедова  ашып  берді. 

алғашқы  сөз  тізгінін  алған  Жамбыл 

облысы Қазақстан Халқы ассамблеясы 

хатшылығының меңгерушісі лариса лы-

сова жиынға қатысушыларға өз лебізін 

жеткізді. 

-  бүгінгі жастарымыз нағыз заман тала-

бына сай білім алуда. Өзіндік ағартушылық, 

ғылыми-практикалық  ізденістерін 

жетілдіруде.  Оған  мемлекет  тарапынан 

толықтай жағдай жасалған. Әрине, талап пен 

ізденіс тәрбиеден бастау алары хақ.  «Тәрбие 

– тал бесіктен» Қазіргі ЖОО студенттерінің 

болашақта қандай маман иесі болып шығуы 

саналы тәрбие мен сапалы білімге келіп 

тоғысады. б.момышұлының бір сөзінде 

« Тәртіпке бағынған құл болмас» деген.  

біз,  орта  буын  ағалар  кейінгі  ұрпақ 

жастарға үлгі болуымыз тиіс, - деді ла-

риса анатолиқызы. сондай-ақ, Тарму 

доценті,  философия  ғылымдарының 

кандидаты режеп баярисов: «Елбасының 

«мәңгілік Ел» идеясын кең түрде наси-

хаттау керек.  Яғни, бұл дегеніміз - ел 

азаматтарының  саяси  сауаттылығын 

арыттыру.  Еліміз  көп  ұлтты  мемле-

кет.  бәріміз  бір  аспанның  астында 

болғандықтан,  бір  жеңнен  қол,  бір 

жағадан бас шығара, жұмыла жұмыс 

жасауымыз  керек.  себебі,  бірлігі 

жарасқан  ұлттың  іргетасы  берік  бо-

лады.  айрандай  ұйыған,  татулығы  

мызғымаған  елдің  болашағы  айқын 

болары анық» - деді. семинар соңында 

қатысушыларға сертификаттар табыс 

етілді.


тіршілік

4

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №23 (1258), 3  МАуСыМ 2015 Жыл  //



Қарағайлар Қара 

суға мұҚтаж

 

„



Жыл сайын көктем басталғалы бері қаланың әр аумағында мыңдаған ағаш 

отырғызылып, шаһар ажарын ашу мақсатында бірталай жұмыстар атқарылып-

ақ жатыр. Десек те, осыдан бірер жыл бұрын ғана қаланың басты көшелеріне 

отырғызылған қарағай мен шырша ағаштары бүгінде қураған қу ағашқа 

айналуда. Басты себеп...

талшыбық тағдыр.

 

суретті түсірген Владимир алсуфьев 



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ                                                   

Киелі Тараз қаласы осыдан бірталай ғасырлар 

бұрын, бүгінгідей суғару техникалары болмаған 

күннің өзінде де азиядағы ең жасыл шаһарлардың 

бірі ғана емес, бірегейі болған. ал бүгінде жағдай 

мүлде  басқаша.  Тараз  өзінің  тарихи  көркін 

жоғалтқан жоқ. Дегенмен қаланың  кейбір, кейбір 

тұрмақ  мүйізі  қарағайдай  Тәуке  хан,  Жамбыл 

даңғылы сынды аты дардай көшелердің бойына 

отырғызылған  қарағай  мен  шырша  ағаштары 

бүгінде  бір  тамшы  суға  мұқтаж  болып  отыр. 

Жаз айы басталмай жатып сәнді ағаштарымыз 

сарғайған,  құдды  бір  жапан  далада  жайқала 

алмай  қуарып  қала  берген  ағаштардың  күйін 

кешуде. Қаланың көркі кіре берісінен басталады. 

ал қаланың батыс қақпасын бойлап, Тәуке хан 

көшесінен «Жансая» маңына дейін бір кездері күллі 

жұрттың басын қосып, ел болып жұмыла егілген 

ағаштардың бүгінгі жайы жүрек ауыртар мәселеге 

айналды. XVI ғасырларда қазақ хандығының күш 

қуатын арттырып, бірлігін нығайтқан қабырғалы 

хандарымыздың бірі Тәуке хан мен ғасырдың асылы 

Жамбыл бабамыздың есімдерімен аталған қаланың 

басты көшелерінде қарағайдай қуатты ағаштардың 

қуаруына судың тапшылығы себеп болды дей алмай-

мыз. мәселен, Тәуке хан көшесінің бойында қысы 

жазы ағын су үзілмейтін канал бар. бұл мәселені 

сол аумақтарға қарасты тұрғындар бізге жеткізген 

болатын. мән жайын білуге тырыстық. 

– Наурыз айынан бастап қаланы көгеріштендіру 

жұмыстарымен  тұрақты  түрде  айналысудамыз. 

маған қарасты 15 су таситын көлік бар. Оларға 

күн сайын тапсырмалар беріліп отырады. Таңғы 

сағат 7-ден 11-ге дейін, түс қайта сағат 16 00-

ден  бастап  кешкі  сегіз-тоғызға  дейін  қаланы 

суғарамыз.  Әуежай  аумағынан  бастап  Тәуке 

хан көпіріне дейін, абай, Төле би көшелерінің 

бойы, автобекеттен бастап 105-ші разъезге дейін, 

жалпы қаланың 70 пайызы біздің қарамағымызға 

кіреді. Тек шағын мөлтек аудандар бізге қарасты 

емес. Өзімізге берілген ағаштардың барлығын 

күнделікті  суғарып  отырамыз.  мәселен,  биыл 

«бәйтерек» (13) мөлтек ауданында отырғызылған 

мың түп ағашты суғару біздің мойнымызда. Одан 

бөлек қазір тамшылап суғару жүйесі де жұмыс 

жасауда. Президент саябағы, Төле би көшесінің 

бойындағы қазақ драма театрының маңы, абай 

көшесінің басты бөліктері тамшылап суғарылады.  

биыл  «барысхан»  алқабынан  105-ші  разъезге 

дейін тамшылап суғару жүйесін іске қосу үшін 

жоспар бойынша құбыр орнатылуда. Әрине, бұның 

барлығы  қаржыға  келіп  тіреледі.  Әйтпегенде 

тамшылап  суғару  жүйесі  біз  үшін  тиімді  әрі 

сапалы. ал қарағайлар мәселесіне келсек, 2012 

жылы «Жасыл Әлем Нұры» ЖШс  қалада 1500 

түп  қайың  отырғызды.  Ол  көшеттердің  көбісі 

қурап қалғандықтан, олардың орнына келісімшарт 

бойынша Жамбыл даңғылынан бастап көшенің екі 

жағына қарағай, шырша сынды әр түрлі сәндік 

ағаштарын отырғызған болатын. Енді олардың 

суғарылмай, қуаруына байланысты тұрғындар 

бізге арызданып, шағымдарын айтып келеді. бірақ, 

біз бұл мәселе бойынша облыс әкімдігі жанындағы 

табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу 

басқармасына кейінгі отырғызылған қарағайларға 

күтіп баптау жұмыстарын жүргізу туралы хат та 

жазғанбыз. Әлі ешқандай жауап та, нәтиже де 

жоқ. Олар бізге кейінгі отырғызылған ағаштар 

жөнінде балансты өткізген жоқ. Қазіргі таңда біз 

баланс бойынша жұмыс жасаймыз, - дейді «Жа-

сыл Ел Тараз» ЖШс көгалдандыру учаскесінің 

шебері Гүлнара Оразалина. ал Жамбыл облысы 

әкімдігінің табиғи рестурстар және табиғат пайда-

лануды реттеу басқарма басшысының орынбасары 

Жасұлан Ханалиев: «Канал да, су да қаланың 

меншігінде, біз тек ағаштарды егіп береміз. Олар-

ды күтіп баптаумен тікелей біз айналыспаймыз» 

деп отыр. Не дегенмен жуық арада қарағайларға 

қайыр жоқ. Далада жайқалып өсіп тұрған жерінен 

тамырын қопарып, қала төріне не себепті қуартып 

қойғанын  түсіне  алмай  сарғайған  ағаштарда, 

кейуана бұлтқа алақан жайып, соқыр жаңбырға 

телміруден басқа амал жоқ. Кезінде ата-бабалары-

мыз майданға түссе, ел қорғау үшін адырна, садақ, 

ал бейбіт күнде ағашынан бесік жасап ұрпағын 

тербеткен қарағайлардың бүгінгі жайы осындай... 

Ардагерлер жастармен 

кездесті


 

„

Тараз қалалық химия-технология 



колледжінде «Нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар 

қанатының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар 

сабақтастығы» жобасы аясында «Химия 

саласының қызметкерлері күні» мерекесіне орай 

химия саласының  ардагерлерімен кездесу өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет