Матаса байланысқан сөз тіркесі


Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған баяндауыштар



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі76,5 Kb.
#133028
1   2   3
Байланысты:
Баяндауыш1

Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған баяндауыштар
Сапалық есімдер ( сын есім, сан есімдер) әдетте зат есімдердің әр алуансындық, сандық сапасын білдіріп, көбінше анықтауыш болумен қатар, баяндауыштық та қызметте көп айтылады. Ауа райы жақсы; Білгенің-бір тоғыз, білмегенің-тоқсан тоғыз
Сапалық есімдер тәуелдеулі зат есімнен бастауышы бар сөйлемдердің баяндауышы болып жиі кездеседі. Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа.
Есімдіктер қай сөз табына қатысты сөздердің орнына жүрсе, сол сөзге тән синтаксистік қызмет атқарады. Солай болатындықтан, есімдіктердің бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен бұл қызметте жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі.
Жидебайдағы қыстаудыңең үлкен бөлмесі - осы. Мені қысатын жағдайдың бірі де сол.
Есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Есімшелер баяндауыш қызметінде жұмсалған кезде әрі етістікті тұлға да есімдерде түрленуі арқылы жұмсала береді. Есімшелердің ішінде баяндауыш қызметінде -ған, -ген, -ар, -ер, -р, -атын. -етін, -итін жұрнақты түрлері жұмсалады.
Мысалы: Үстінен қыс киімінің бірі - қалың күпіні тастамаған.
Қимыл есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі - баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені - етістікті баяндауыштар.
Етістіктердің ішінде баяндауыш қызметінде жұмсалуы жағынан өте аз айтылатыны - қимыл есім. Қимыл есімдері таза түрінде келуі арқылы баяндауыш болуы негізінде түбір етістікке тікелей жұрнағы жалғануы немесе түрлі етістіктер де басқа жұрнақты түрлеріне де жалғай береді.
Мысалы: Күн тәртібіндегі мәселе - егіс жоспарын өсіру.
Қимыл есімді етістіктер септеліп келіп те баяндауыш болады. Ондай кезде олар дара күйінде алынып, жатыс септігінде ғана келеді.
Мысалы: Қасқыр аяқтарын серпіп жанталасуда.
Етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола береді.
Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық.
Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады:
Өнер білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.
Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі қолданылады; арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бірталайы көмекші болып жұмсала береді. Олардың өзара көсемше,есімше тұлғалар арқылы байланысқан түйдекті тобының құрамы екі я үш, кейде төрт я бес етістікті болып та келеді. Кітап оқып кетіп бара жатыр едім, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадым деген бір құрмалас сөйлемнің ішіндегі он бір сөздің кітап дегеннен басқалары - түгелімен етістіктер. Олардың алдыңғы сөйлемдегі оқып кетіп бара жатыр едім деген бесеуі біріне-бірі ұласқан бір істің жайын хабарлайтын бір мүше (баяндауыш) болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет