Матаса байланысқан сөз тіркесі



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі76,5 Kb.
#133028
  1   2   3
Байланысты:
Баяндауыш1

Баяндауыштың жасалу жолдары


Орындаған: Себекова Г, Зулпыхарова Қ
X.Басымов: «Баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді»-дейді.
I.Бәйтенов: а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе етістіктен кейін тұрған сөзді «баяндауыш» - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді«баяндауыш» дейміз, б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз «баяндауыш» болады,- деп көрсетеді.
C. Аманжолов: «Бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп айтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз »
М.Балақаев:«Бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем сөйлем мүшесі»-дейді.
Х.Арғынов: "Баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді",-деп тұжырымдайды
Р.Әміров: "Предикативтілік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі"-десе, М.Серғалиев: "Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі,"- деген ұстанымды басшылыққа алады.
Ә.Нұрмаханова: "Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түскен, оның қимылын, іс-әрекетін, күйін білдіреді,"- дейді.
Сол сияқты кейбір түркітанушы ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін келтірейік:
Н.К. Дыренкова: "Баяндауыш бастауыштың әрекетін, амалын білдіретін сөйлем мүшесі,"десе,
Н.А.Кононов:"Баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамдысөйлемнің бас мүшесі"-деген анықтама береді.
А.Жапаров:"Сөйлем бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл-әрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін тағы солар сияқтықасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі,"-деген тұжырым жасаған.
Зат есімнен болған баяндауыш. Зат есімдер түрлі тұлғада, тіпті кейбір септік жалғауларында тұрып та,баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай зат есімдерден болғанбаяндауыштар бастауыштың, негізінде заттың атын-кім, не екенін- білдіреді. Түнергенде-түнмін, күлгенде-күнмін. Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек.
Сонымен қатар зат есімнен болған баяндауыштардың синтаксистік қызметіде ауысады: бастауыш-баяндауыш, бұрынғы баяндауыш-бастауыш болады. Оның дәлелін төмендегі мысалдардан көруге болады. Адамның ішкі сезімінің айнасы-көз.Көз-адамның ішкі сезімінің айнасы;Москва-астанам, Астанам- Москва;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет