Математика. 3-сынып. I тоқсан. Қосу және азайту. 1-нұсқа


Математика. 3-сынып. II тоқсан Көбейту және бөлу. 1-нұсқа



бет3/11
Дата26.12.2023
өлшемі127 Kb.
#143853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Математика. 3-сынып. II тоқсан Көбейту және бөлу. 1-нұсқа.

1.Көбейтумен алмастыруға болатын амалды тап:


А) 6+3+4+2 В) 6+6+6+6 С) 8-8-8+8 Д) 9-2+4-2

2. 3+3+3+3+3 өрнегімен алмастыруға болатын көбейтіндіні белгіле:


А) 3·4 В) 5·5 С) 3·3 Д) 3·5

3. Бұлар қай амалдың компоненттері? Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні:


А) : В) · С) + Д) –

4. Дұрыс анықтаманы белгіле:


А) Егер айырмадан азайғышты алып тастаса, азайтқыш шығады.
В) Егер көбейтіндіні көбейткішке бөлсе, басқа көбейткіш шығады.
С) Егер бөлінгішті бөлгішке бөлсе, онда көбейтінді шығады.
Д) Егер бір қосылғышқа екінші қосылғышты қосса, онда айырма шығады.

5. Мәні 25 болатын өрнекті тап:


А) 2·4+8·3-18:3 В) 5·3+7·2-24:8 С) 4·6+2·3-25:5 Д) 8·3+5·6-42:6

6. Егер бір дәптер 7теңге тұрса, 3дәптер қанша тұрады?


А) 21тг; В) 10тг; С) 15тг; Д) 4тг;

7. 4 люстрада 20 лампа бар болса, 1люстрада неше лампа болады?


А) 16 л В) 24 л С) 4 л Д) 5 л

8. х:9=3 теңдеуіндегі х-тің мәнін тап:


А) х =3 В) х =27 С) х =12 Д) х =6

9. Тура теңдікті тап:


А) (7·9)-7=14 В) 10: (8-6)=5 С) (19-9)+6=4 Д) 24:6+2=3

10. Қай бағанның мәні 389-ға тең?


А) 455+297 В) 900-531 С) 874-485 Д) 508+349

11. Кез-келген санды 0-ге көбейткенде не шығады?


А) 0 В) сол санның өзі С) 1 Д)10

12. Кез-келген санды 1-ге көбейткенде болады?


А) 0 В) сол санның өзі С) 1 Д) 10

13. Қабырғасы 15см болатын шаршының периметрі:


А) 30м В) 45м С) 50м Д)60м

14. Қысқаша есеп шартына сәйкес келетін жауапты белгіле. I -36 ↕ ?есе арт.


II-6
А) 36-6=30(есе) В) 36+6=42(есе) С) 36:6=6(есе) Д) 30+6=36(есе)

15. Асханада 27 бала тамақтанады, ал олардан 3 есе аз ересек адамдар тамақтанады. Асханада тамақтанған ересектердің санын тап.


А) 27:3=9(ер) В) 27-3=24(ер) С) 9·3=27(ер) Д) 27+3=30(ер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет