Математика 3 сынып



Дата02.11.2022
өлшемі23,83 Kb.
#46875

Математика 3 сынып

1.Көбейтіндіні табыңдар : 1 · 2 · 3 · 4 · 5· 6


2. Ғазиза мен Ерасылдың ақшалары бірдей болсын дейік. Ғазизада 200 теңгеліктер, ал Ерасылда 500 теңгеліктер . Егерде Ерасылда осындай теңгеден екеу болса онда Ғазизада 200 теңгеліктен нешеу болады .
3. Семейден Алматыға ұшақ 1сағ 30 минутта ұшады. Алматыдан Семейге 90 минутта ұшады. Бұны қалай түсіндіруге болады?
4. Дөңгелек 10 шабақтан тұратын болса, онда шабақ қанша аралықтан тұрады ?
5. Егер столдың төрт бұрышы бар болса, оның бір бұрышын қиып тастағанда столда қанша бұрыш пайда болады?
6. Бір топтағы шетелден келген қонақтардың саны 6 адам болса, олардың үшеуі тек ғана ағылшын тілінде, ал екеуі француз тілінде сөйлейді . Қанша адам екі тілде сөйлейді?
7. Әділеттің қалтасындағы екі қағаз ақша 700 теңге болады. Сол қағаз ақшаның біреуі 500 теңге емес болса, онда Әділеттің қалтасында қандай қағаз ақшалар бар?
8. 0, 1 және 5 цифрларын пайдаланып, үш таңбалы барлық сандарды жазыңдар . Әрбір санда цифрлар әртүрлі болуы керек.
9. Бағасы 170 теңге тұратын кітапты Мақсат үш әртүрлі тиын ақшаға сатып алды. Мақсатта қандай тиын ақшалар болды ?
10.Қызы 8 жаста, анасы 38 жаста. Анасының жасы қанша жылдан кейін қызынан
3 есе үлкен болады.
11. Теңдеудің шешімін тап. X - 3 * 5=24
А) X = 9 С) X =13 В) X=15 Д) X=39
12. Өлшем бірлікке айналдырып,жауабын тап. 1т – 328кг=
А) 327 С) 782 В) 672кг Д) 772

Эрудит 3 сынып
1.Ең биік,ең салмағы үлкен және ең үлкен жұмыртқа салатын құс
2. Планетамыздағы ең құрғақ жерлер қалай аталады?
3. Ең алғаш сандарды ойлап тапқан Азия тұрғындары?
4. Қай елде бір ай бойы жауын жауып тұрады?
5. Микки Маустың тұрағы қай жер?
6.Ұшу қабілеті бар сүтқоректі қай жануар
7.Ең ақылды жануар
8. Ең ірі қолтырауын- ?
9. Ең ірі адамтектес маймыл- ?
10. Әлемдегі ең ұзын жануар- ?



Дүниетану пәнінен олимпиадалық тапсырмалар 3 сынып
1. Қазақстанның рәміздерін атап жаз .
 2. Өзің туғңан өлкеңнің қандай байлығын білесің ?
3.Кез -келген адам мен жануар денесін салыстыр , ұқсастығы мен айырмашылығын тап .
4.Табиғат перзенті кім ? Жауабыңның астын сыз .
А) жануарлар В) адам С ) ?сімдіктер Д ) ??стар
5. Сен үйден оңтүстік бағытқа қарай кеттің . Үйге қай бағытпен оралуға тиіссің ?
6.Көкжиектің негізгі неше тұсы бар ?
7. Жауыннан кейін жер бетіне жиналған су қай кезде тез кебеді : жазда ма? ,
күзде ме ? Неге ?
8. Алғашқы адамның баспанасы :
А) саяжай В) киіз үй С) үңгірлер Д) там үйлер
 9. Ең жақын планетаның атын білесің бе ?
10. Қай жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алды ?
11. Бір жылда неше ай бар?
А) 12 Ә) 13Б) 14
12. Ұлы Отан соғысы жылдары
А) 1941-1942 Ә) 1941-1945 Б) 1960-1962 В) 1820-1860


Қазақ тілі 3 сынып

1) Қазақ тілінде неше әріп бар?


А) 32 Ә) 45 Б) 42 В) 25
2) Білім күні балалар қайда барады?
А) саяхатқа Ә) мектепке Б) дүкенге В) өзенге
3) Жылқының сүтінен ... жасалады.
А) шұбат Ә) қымыз Б) айран В) ірімшік
4) Үй құстары: ... , ... .
А) қарға, аққу, Ә) бұлбұл, торғай Б) тауық, қаз В) сауысқан, тоқылдақ
5 Сөйлемдегі сөздерді орнына қойып , сөйлем құрастыр :
Биік , балалар , тауларды , тамашалады .
6 . Әріптер жиынтығынан сөз құрастырып , мақалды жаз .
Кптаі – бмілі блғұыа .
7. Екі бағандағы сөздердің мағыналық жағынан тіркестерін тауып жаз .
үлкенге түзеді
қатесін жол берді
досына түйді
қабағын серт берді
8. Төмендегі сөздерден көптік ұғым беретін сөздерді тауып , көшіріп жаз .
Біз , қалам , олар , жүз – жүзден , сен , барлығы , мен , сендер , аталарым .
9. Мынау қандай сөздер,тауып жаз. 7іген, 6бақан, к3ік, 100ік, б2ре.
10. К-ден бастап оқысаң,құс атауы қарашы,Е-ден бастап оқысаң,
жалқау бала бағасы./

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет