«Математика 6» оқулығы жаңа бағдарлама бойынша мектептегі математиканы оқыту концепциясының негізгі элементтерін жүзеге асыру принциптерін сақтай отырып жазылған



бет1/11
Дата22.12.2023
өлшемі65,22 Kb.
#142776
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мазмұны
Түсініктеме 1
Кіріспе 2
Бақылау жұмысы № 1 3
Бақылау жұмысы № 2 4
Бақылау жұмысы № 3 5
Бақылау жұмысы № 4 6
Бақылау жұмысы № 5 7
Бақылау жұмысы № 6 8
Бақылау жұмысы № 7 9
Бақылау жұмысы № 8 10
Бақылау жұмысы № 9 11
Бақылау жұмысы №10 12
Бақылау жұмысы №11 13
Бақылау жұмысы №12 14
Бақылау жұмысы №13 15
Бақылау жұмысы №14 16
Қолданылған әдебиет 17

Түсініктеме


«Математика 6» оқулығы жаңа бағдарлама бойынша мектептегі математиканы оқыту концепциясының негізгі элементтерін жүзеге асыру принциптерін сақтай отырып жазылған.
«Математика 6 » тақырыптары 9 тарауға бөлінген және жылдық қайталауға арнайы жаттығулар берілген.Тараудағы әрбір тақырып құрылымдары:
- өтілетін тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмалары;
- тақырыпқа сәйкес теориялық мағлұматтар;
- тақырыптың негізгі мәселері бойынша қысқаша сұрақтар;
- ауызша есептерге арналған мысалдар;
- тақырыптың негізгі математикалық жүйелі мақсатына сәйкес қарапайымнан күрделіге ауысып отыратын мысалдар және жаттығулар үш деңгеймен берілген.
Бірінші деңгей жаттығулары міндетті түрде игеруге, білуге және үйренуге тиісті оқытудың қажетті мазмұнын қамтамассыз етеді.
Екінші деңгей жаттығулары күрделірек, мазмұны комбинацияланған, берілген тақырыпқа сәйкес білімдік дағдыны жетілдіре түседі.
Үшінші деңгей жаттығулары оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына арналғандықтан, оған шағын дәлелдемелер мен оқушыларды тереңдете ойлауға жетелейтін тапсырмалар мен есептер енгізілген.
Бақылау жұмыстары «Математика -6» оқулығындағы материалдарды оқып үйренудің тақырыптық үлгі жоспар мазмұнына сәйкес дайындалды.
Кіріспе
Бұл жинақтаған материалдар, математика пәнінің бағдарламасына сай, 6 сынып математика курсы: Т. А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов «Математика 6» /Алматы «Атамұра» 2015 / екі бөлімді оқулығының мазмұнына сәйкес құрастырылды. Бақылау жұмыс материалдарының барлығы екі нұсқамен жазылды.Тақырыптағы материалдарды игеруде оқушылардың біліктері мен дағдыларын тексеруге бағытталған бақылау жұмыстары жас мұғалімдерге көмегі болатына сенімдімін.
Оқушы білімін тексерудің негізгі түрі болып саналатын бақылау жұмыстары екенін әр пән мұғалімі біледі . Тақырыптық бақылау жұмыстарының әрқайсысында оқушылардың міндетті түрде білуге тиісті біліктері мен дағдылары бөлініп көрсетілген.
«3» - тік баға алу үшін оқушы тақырыпты бақылау жұмысының міндетті « А » деңгейіндегі тапсырмаларды орындауы керек.
«4» - тік баға алу үшін оқушы тақырыпты бақылау жұмысының міндетті « А » және « В » деңгейіндегі тапсырмаларды орындауы керек.
«5» - тік баға алу үшін оқушы тақырыпты бақылау жұмысының міндетті « А » деңгейдегі тапсырмаларды орындауы мен қатар « В » және « С » деңгейін орындауы керек.
Пән мұғалімі оқушылардың білімі мен біліктілігін, дайындық деңгейін ескере отырып, ұсынылған жұмыстарға өзгерістер енгізе алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет