Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/19
Дата24.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
Мал шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіру және ӛңдеу технологиясы  факультеті 
 
Н.О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
JBHIM - «Жануарлар биохимиясы» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПӘНІНІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ 
(ПОӘК) 
 
5В120200 - Ветеринарлық санитария 
 
Күндізгі бӛлім
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ  2013 

 
Авторлар: 
Салханова С.Н. – химия магистрі, аға оқытушы 
Бәзілбаев С.М. – химия ғылымдарының кандидаты, доцент  
 
 
 
 
 
Пән оқу-әдістемелік кешені 5В120100–«Ветеринариялық медицина» мамандығына  
ҚР МЖМБС негізінде   «Жануарлар биохимиясы» пәнінің типтік (жұмыс) оқу бағдарламасына сай 
дайындалған. 
  
 
 
 
 
 
Пән  оқу-әдістемелік  кешені  Н.О.  Базанова  атындағы  физиология,  морфология  және  биохимия 
кафедрасының мәжілісінде қаралды. 
 
«____»   _________2013 жыл   №____ хаттама 
 
 
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., профессор                                            С. Алданазаров 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пән  оқу-әдістемелік  кешені  Мал  шаруашылығы  ӛнімдерін  ӛндіру  және  ӛңдеу  технологиясы 
факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды. 
 
«____»   _________2013  жыл   №____ хаттама 
 
 
ОӘК тӛрайымы                                                                      Л. Бупебаева 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мазмҧны 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№ 
Қҧжат тҥрлері 

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы 

Пәнді оқытудың студенке арналған бағдарламасы (Syllabus) 

Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен ӛткізудің графигі 

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамассыздану картасы 

Пән бойынша аудиториялық сабақтарды ӛткізудің күнтізбелік-тақырыптық жоспары 

Дәрістік  кешен  (дәріс  тезистері,  иллюстрациялық  және  таратқыш  материалдар, 
ұсынылған әдебиеттер тізімі) 

Лабораториялық-тәжірибелік сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар 

Типтік  есептер,  лабораториялық  және  есептік-графикалық  жұмыстарды  орындау, 
курстық жоба (жұмыс) бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар 

Студенттің ӛзіндік жұмыстарына арналған материалдар 
10 
Студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалауға арналған материалдар 
12 
Білім беруді мультимедиамен және бағдарламамен қамтамасыздандыру 
13 
Пәннен сабақ беруге арналған аудиториялар, кабинеттер және лабораториялар 
14 
Пәннің студентке арналған оқу-әдістемелік кешені 

МАЗМҦНЫ 
 
Тҥсіндірме хат ...............................................................................................................  4 
Кіріспе .................................................................................................................................................  5 
Негізгі бӛлім ................................................................................................................  6 
Зертханалық сабақтар тақырыптары..................................................................................  7 
Тәжірбиелік сабақтар тақырыптары……………………………..........................................  
Студенттердің ӛзіндік жҧмыстарының тақырыптары ………….......................................  
Әдебиеттер тізімі........................................................................................................ .................  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
ТҤСІНДІРМЕ ХАТ 
Биологиялық  химия  жаңа  бағыттағы  физикалық-химиялық  биология  және  биотехнология 
ғылымдарының  негізін  құрайды.  Физикалық-химиялық  биология  мен  биотехнология 
проблемаларын  шешуде  биология,  физика,  химия,  математика  және  басқа  ғылымдардың 
идеялары  мен  әдістері  кеңінен  қолданылады.  Физикалық-химиялық  биология  мал 
шаруашылығы  және  ветеринария  ғылымдары  саласындағы  соңғы  жетістіктерінің  ӛзара 
байланысы мен әсері мал шаруашылығындағы ғылыми прогрестің негізін құрайды. 
Табиғи  қосылыстардың  және  клетканың  құрылымдық  негізгі  элементтері  мен 
ағзадағы  зат  алмасу  процесіне  қатысатын  заттардың  кұрылымын  білу  олардың  белгілі  бір 
жағдайда  қоршаған  ортадағы  химиялық  әсерін  және  биохимиялық  процестерде  табиғи 
қосылыстардың, олардағы функционалдық топтарының ӛзгеруін болжайды. 
Биологиялық химия - тірі организмнің химиялық құрамын және онда жүретін химиялық 
реакцияларды зерттейтін ғылым. Ол тірі материяны жоғары деңгейдегі құрылымында және 
клеткада  жүретін  барлық  құбылыстарды  терең  түсінудің  негізі.  Клеткалық  биология, 
генетика, физиология және т.б. фундаментальды биологиялық пәндерді жете меңгеру мүмкін 
емес.  Сондықтан,  биохимия  жоғары  білікті  мал  дәрігерлерін,  биотехнологтарды, 
селекционерлерді,  мал  шаруашылық  ӛнімдерін  ӛндіру  және  қайта  ӛңдеу  технологтарын 
дайындау үшін негізгі фундаментальдық пән. 
Биологиялық химияны оқытудың мақсаты студенттерге тірі организмнің химиялық құрамы, 
құрылысы, клетканың қасиеттері және ондағы зат пен энергия алмасуы туралы терең білім беру. 
Биологиялық  химияны  оқытудан  бұрын  берілетін  пәндерге:  биофизика, 
бейорганикалық  және  аналитикалық  химия,  биоорганикалық  химия,  физикалық  және 
коллоидтық химия жатады. 
Биологиялық химиямен тығыз байланыста жүргізілетін пәндер - физиология, малдардың 
генетикасы  мен  селекциясы,  биотехнология,  гендік  инженерия,  жалпы  биология  және 
вирусология, микробиология. 
Биологиялық  химия  курсын  ӛткеннен  кейін  студенттер  тірі  организмнің  химиялық 
құрамын,  витаминдердің,  гормондардың  және  ферменттердің  әсер  ету  механизмін,  тірі 
организмдегі  зат  алмасу  мен  энергия  бӛліну  заңдылығын  білуі қажет. Студенттер  қазіргі заманғы 
биохимиялық тәсілдермен қанды, сүтті және басқа да биологиялық активті заттарды зерттеуді 
және алған білімдерін болашақ мамандықтарына қолдана білулері кажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 
Биологиялық химия пәні. Биологиялық химияның атауы «bіоs» - тіршілік, ӛмір деген грек 
сӛзінен  шыққан.  Демек,  ана  тілімізге  аударып  айтатын  болсақ,  биологиялық  химия  -  тіршілік 
химиясы  деген  мағынаны  білдіреді.  Ал  тіршілік  дегеніміз  -  адам  үшін  және  бүкіл  тірі 
организм  үшін  ең  басты,  негізгі  құбылыс.  Сондықтан  да  тіршілік  химиясын  зерттейтін  ғылым 
ӛте қызық және сонымен қатар ӛте күрделі. 
Биологиялық  химия  (қысқаша  биохимия)  XIX  ғасырдың  ортасында  қалыптаса  бастады. 
Ал XX ғасырда іргетасы қаланған дербес ғылым ретінде тез  дамып, қалыптасты. Әсіресе соңғы 
40-50  жыл  ішінде  биохимияда  кӛптеген  жаңалықтар  ашылды,  ал  қазіргі  кезде  ол  молекулалық 
және электрондық деңгейде дамып барады. 
Қазақстанда  биохимия  саласындағы  зерттеу  жұмыстары  республикада  жоғары  оқу 
орындарының  ұйымдастырылуымен  (1928  ж.)  және  Ғылым  академиясының  құрылуымен 
байланысты.  Биохимияға  қатысты  іргелі  зерттеу  жұмыстарын  медицина  саласында  Б.И.  Ильин-
Кокуев,  П.А.  Верболович  атқарды.  Мал  шаруашылығы  сала-сында  В.М.  Красов, 
У.Т.Ташмухамбетов,  3.  С.Сеитов  зерттеу  жүргізді.  Ӛсімдіктер  биохимиясы  саласында 
Қазақстан  Республикасы  Ғылым  академиясының  академиктері  М.И.  Горяев,  Т.Т.  Дарқанбаев, 
М.Ә.  Айтқожин,  республика  академиясының  корреспондент-мүшесі  Л.  К.  Қылышев  және 
басқалар бағалы зерттеу жұмыстарын іске асырды. 
Соңғы  жылдары  елімізде  биохимияның  жоғары  деңгейде  дамуына  академик  Т.Ш. 
Шарманов, жас ғалымдар - академиктер Н.Ә. Айтхожина, Р.И. Берсимбаев, М.К. Гилманов, 
профессорлар  -  О.В.Есырев,  А.Т.  Иващенко,  Р.А.  Кунаева,  С.М.  Плешкова,  А.Б.  Ӛтешев 
және тағы басқалары айтарлықтай үлкен еңбек сіңірді.  
Жоғары квалификациялы мамандар  - адам дәрігерлерін, мал дәрігерлерін, фармацевтерді 
дайындауға  және  университеттерде,  педагогикалық  институттарда  биологтарды  оқытып 
шығаруда  биохимия  негізгі  пәндердің  біріне  жатады.  Биохимияны  білу  арқылы  ғана  басқа 
арнаулы  пәндерді  жете  меңгереді.  Халықты  азық-түлікпен,  ӛнеркәсіпті  шикізатпен  қамтамасыз 
етуде және медицина мен малдәрігерлік саласының түйінді мәселелерін шешуде биохимияның 
қызметі ерекше зор 
Академиктер  М.М.  Шемякин,  Ю.А.  Овчииников,  В.М.  Степанов,  Л.Н.  Бах,  Л.Н. 
Белозерский,  В.А.  Энгельгард  және  Қазақстан  академиктері:  Т.Б.  Дарханбаев,  М.А. 
Айтхожиннің биохимияда ашқан жаңалықтары. 
Биологиялық  химияның 
 
зерттеу  объектілері  мен  әдістері:  хроматография, 
электрофорез,  спектральды  зерттеу  әдістері  -  электрондық,  инфрақызыл  спектро-скопия, 
ядролы магниттік резонанс (ЯМР), масс-спектрокопия, рентгенқұрылымдық анализ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
1.  Физикалық  және  коллоидты  химия  негізгі.  Зат  алмасуының  биологиялық 
реттегіштері. Витаминдер 
1.1 Ерітінділер. Дисперсті жүйелер 
Ерітінділер. Жіктелуі. Еру механизмі.  
Судың  иондануы.  сН  және  рН.  Мал  организміндегі  буферлік  жүйелер.  Әсер  ету 
механизмі. Диффузия. Осмостық қысым. Онкотикалық қысым. 
Химиялық кинетика және катализ. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін 
факторлар.  Активтену  энергиясы.  Химиялық  тепе-теңдік.  Дисперсті  жүйелер.  Коллоидты 
ерітінділердің  қасиеттері.  Жоғары 
молекулалы 
қосылыстар-дың 
қасиеттері 

диссоциациясы,  изоэлектрлік  күйі  және  изоэлектрлік  нүктесі,  электрофорез.  Эмульсия  және 
эмульгаторлар. 
Витаминдер  туралы  ғылымның  даму  тарихы.  Анықтамасы.  Авитаминоз  және 
гиповитаминоз  туралы  түсінік.  Витаминдердің  жіктелуі  және  номенклатурасы:  әріптік, 
химиялық  (халықаралық,  физиологиялық),  биологиялық  аталуы.  Витаминдер-дің  жіктелуі. 
Майда  еритін  витаминдер  -  А,  D,  Е,  К,  F-  химиялық  табиғаты,  биологиялық  маңызы, 
табиғатта  таралуы.  Суда  еритін  витаминдер  -  В
1
,  В
2
,  В
5
,  В
6
,  В
12 
және  С  витаминдерінің 
химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, табиғатта таралуы. 
2. Ферменттер 
Ферменттер  -  биологиялық  катализаторлар  жӛнінде  түсінік.  Ферменттердің  химиялық 
табиғаты. Ферменттерді алу және тазарту принциптері. Коферменттер - НАД, НАДФ, ФАД. 
ФМН,  ТПФ,  пиридоксиндік  және  кобамидтік  коферменттер.  Липой  қышқылы, А-кофермемті, 
металл иондары. Ферменттер арқылы жүретін реакциялардың кинетикасы мен механизмі. Михаэлис-
Ментен  константасы  және  оның  графигі.  Ферменттердің  активті  және  аллостериялық  орталығы. 
Ферменттердің  қасиеттері.  Ферменттердің  номенклатурасы  мен  жіктелуі.  Проферменттер  және 
изоферменттер,  мультиферменттер  туралы  түсінік.  Иммобилденген  ферменттер.  Ферменттердің 
практикалық маңызы. 
3. Гормондар 
Анықтамасы.  Гормондардың  әсер  ету  механизмі.  Гормондар  -  зат  алмасу  процесінің 
стимуляторлары және реттеушілері. Химиялық табиғатына қарай гормондардың топтарға бӛлінуі. 
Гормондар  биосинтезінің  орны  -  эндокриндік  бездері,  олардың  гипер-  және  гипофункциялары. 
Қасиеттері, зат алмасуына әсері. 
Ұйқы  безінің,  қалқанша  безінің,  қалқанша  маңы  безінің,  бүйрек  үсті  безінің  қыртыс 
қабатының және ми қабатының, гипофиздің алдыңғы және артқы бӛліктерінің, жыныс бездерінің, 
гипоталамус  және  гипофиз  гормондары,  простагландиндер,  цАМФ  -  құрылысы,  қасиеттері
биологиялық әсері, маңызы. 
4. Зат және энергия алмасудың метаболиттік жолы 
Зат  және  энергия  алмасу  жӛніндегі  жалпы  түсінік.  Зат  алмасудың  негізгі  кезеңдері. 
Метаболизм.  Катаболизм.  Биологиялық  тотығу.  Қазіргі  заманғы  биологиялық  тотығу 
туралы  түсініктің  тарихи  қалыптасуы.  Тыныстану  тізбегінің  ферменттері.  Фосфорлана 
тотығу процесі.  
5. Кӛмірсулардың метаболизмі  
Кӛмірсулардың  биологиялық  маңызы.  Асқорыту  жолдарында  кӛмірсулардың 
қорытылуы  және  сіңірілуі.  Кӛмірсулардың  қорытылуына  қатысатын  ферменттер.  Күйіс 
қайыратын  малдардаығы  кӛмірсулардың  қорытылу  ерекшеліктері.  Кӛмірсулардың 
анаэробтық  ыдырауы.  Гликолиз.  Гликолиздің  негізгі  сатылары  және  оның  организм  үшін 
маңызы.  Кӛмірсулардың  аэробтық  ыдырауы.  Пируваттың  ацетил-А-коферментіне  дейін 
ыдырауы. Лимон қышқылының циклы, АТФ-ның түзілуі. Кӛмірсулардың пентозалық жолмен 
тотығуы  және  маңызы.  Гликонеогенез.  Кӛмірсулар  алмасуының  нейрогуморальдық  реттелуі. 
Гипогликемия, гипергликемия. 
6. Липидтердің метаболизмі 
Липидтердің  (майлардың,  фосфолипидтердің,  стеридтердің)  асқорыту  жолын-дағы 
биологиялық  маңызы.  Ферменттер:  липаза,  колипаза.  Ӛт  қышқылдары  және  олардың 
липидтер 
алмасуындағы 
маңызы. 
Май 
қышқылдары, 
ӛт 
қышқылдары 
және 
триглицеридтердің  мицеллалар  түзуі  және  бұл  процестің  маңызы.  Липидтердің  ұлпалар  мен 
торшалардағы аралық алмасуы. 

Глицериннің  тотығуы  және  оның  биологиялық  маңызы.  Қаныққан,  қанықпаған  май 
қышқылдарының  тотығуы.  Май  қышқылының  β-тотығу  процесі.  АТФ-ның  түзілуі. 
Триглицеридтер  биосинтезі.  Холестеролдың,  фосфолипипдтердің,  сфинголипидтердің 
алмасуы,  ыдырауы,  биосинтезі  және  маңызы.  Кетоз  құбылысы.    Кетон  денелерінің  түзілуі 
және липидтер алмасуының бұзылуы. 
7. Белоктардың метаболизмі 
Белоктардың  биологиялық  маңызы.  Ауыстырылатын  және  ауыстырылмайтын  амин 
қышқылдары.  Белоктардың  асқазандағы  гидролизі.  Белоктардың  ішектегі  шіруі,  улы 
ӛнімдердің 
залалсыздандырылуы. 
Ұлпалық 
белоктың 
катаболизмі. 
Амин 
қышқылдарының ӛзгеру жолдары (де заминдену, трансаминдену,  декарбоксил-дену). 
Амин 
қышқылдарының 
организмдегі 
биосинтезі. 
Организмдегі 
аммиактың 
залалсыздандырылуы  (мочевинаның,  глутаминнің  және  аспарагиннің  түзілуі).  Жеке  амин 
қышңылдарының  алмасу  ерекшеліктері.  Кӛмірсулар,  майлар  және  белоктар  алмасуының 
бірлігі. Ацетил-КоА-ның түзілу жолдары. 
8.  Нуклеин  қышқылдарының  биохимиясы.  Дезоксирибонуклеии  қышқылы  (ДНҚ) 
және рибонуклеин қышқылдары (РНҚ). 
Нуклеин  қышқылдары  -  жануарлардағы  тұқым  қуалау  негіздері.  Нуклеин 
қышқылдарының  құрамы.  Дезоксирибонуклеии  қышқылы  (ДНҚ),  химиялық  құрамы 
молекулалық  құрылымы,  қасиеттері.  ДНҚ-биосинтезі,  репликациясы.  Геннің  химиялық 
табиғаты.  
Рибонуклеин  қышқылдары  (РНҚ).  Химиялық  құрамы,  құрылымы,  қасиеттері,  биосинтезі. 
РНҚ-ның түрлері. Рибосомалық РНҚ, рибосома құрылымы. Информациялық (ақпарат) РНҚ, 
транспорттық  РНҚ,  олардың  құрамы,  құрылымы,  қызметі.  Транскрипция.  Генетикалық 
мәлімет туралы ұғым, генетикалық код, кодондар. Мутация және оның түрлері. 
9.  Белок  биоситезі  және  оның  жануарлар  торшасындағы  реттелуі.  Оның  негізгі 
сатылары 
Белок  биосинтезі  және  оның  реттелуі.  Белок  синтезінің  негізгі  тӛрт  сатысы. 
Полипептидтік  тізбектің  синтезі  (трансляция).  Белок  молекуласының  конформациясы.  Белок 
биосинтезінің реттелуі. 
10. Минералды заттардың және судың алмасуы 
Судың  организмдегі  мӛлшері,  оның  түрлері.  Минералдық  заттардың  мүшелер  мен 
ұлпалардағы  мӛлшері.  Макро-  және  микроэлементтердің  алмасуы,  олардың  маңызы.  Сүйек 
ұлпасының құрамы және оның қалыптасуы. Минералды заттардың алмасуын реттеу. Макро-
және микроэлементтердің мал шаруашылығындағы маңызы. Қанның биохимиясы.  
 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ 
1.
 
Сутегі иондарын колориметриялық әдіспен анықтау. 
2.
 
Витаминдерге тән сапалық реакция. 
3.
 
Қандағы каталазаның активтілігін анықтау. рН-тың амилазаға әсері. 
4.
 
Гормондарға сапалық реакция. Фолин әдісімен адреналин мӛлшерін анықтау. 
5.
 
Лактозаны рефрактометрия әдісімен анықтау. 
6.
 
Қандағы глюкозаны Сомоджи әдісімен анықтау. 
7.
 
Майдағы йод санын Маргошес әдісімен анықтау. 
8.
 
Белоктардың изоэлектрлік нүктесін анықтау. 
9.
 
Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометрия әдісімен анықтау. 
10.
 
Нуклеопротеидтер гидролизі. 
 
ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ 
1.
 
Осмос,  осмостық  қысым.  Ерітінділер.  Ерітінділер  концентрациясы.  Витаминдер, 
провитаминдер. Коферменттік қызметі. 
2.
 
Ферменттер, қасиеттері, жіктелуі. Ферменттердің әсер ету механизмі. 
3.
 
Ұйқы және қалқанша бездерінің гормондары. Гипоталамус гормондары. 
4.
 
Биологиялық тотығу. Термодинамика заңдары. Энтальпия, энтропия, бос энергия. 
5.
 
Гликолиз және кӛмірсулардың пентозалық тотығу жолы. 
6.
 
Липидтер  химиясы.  Қарапайым  липидтер  және  күрделі  липипдтер  –  фосфолипидтер, 
стеролдар, сфинголипидтер.  

7.
 
Белоктар. Белоктардың кеңістіктік құрылымы. Химиялық  байланыстар. Белоктардың физико-
химиялық  қасиеттері.  Белоктарды  бӛліп  алу  әдістері  (электрофорез,  хромато-графия,  тұнбаға 
түсіру). Белоктар метаболизмі. Хромопротеиндер алмасуы.  
8.
 
Нуклепротеиндер метаболизмі. Нуклеозидтер, нуклеотидтер және нуклеин қышқылдарының 
биосинтизі.  
9.
 
Рибосомдағы белоктың синтезін реттеу. Мутация және мутагендер. 
10.
 
ДНҚ-ның репликациясы. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӚЗІНДІК ЖҦМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 
1.
 
Буферлік жүйелер және олардың әсер ету механизмі. 
2.
 
Дисперсті жүйелер. Коллоидтық ерітінділердің қасиеттері. 
3.
 
Суда еритін витаминдер. 
4.
 
Ферменттер, қасиеттері, жіктелуі. 
5.
 
Жыныс бездері және гипофиз гормондары. 
6.
 
Кӛмірсулардың анаэробты тотығуы. 
7.
 
Май қышқылдары және фосфолипидтер биосинтезі. 
8.
 
Амин қышқылдары және күрделі белоктардың алмасуы. 
9.
 
Қанның биохимиясы. 
10.
 
Судың және минералдық заттардың алмасуы. 
11.
 
Жүйке жүйесінің биохимиясы. 
12.
 
Бүйрек және несеп биохимиясы. 
13.
 
Дәнекер ұлпасының биохимиясы. 
14.
 
Ас  қорыту  жолдарындағы  белоктардың  шіруі  және  бұл  процестердегі  улы  ӛнімді 
залалсыздандыру. 
15.
 
Жануарлар организміндегі зат алмасудың ӛзара байланысы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
Негізгі: 
1.
 
Қайырханов К-К. Жануарлар биохимиясы. Алматы: Ана тілі, 1993. 
2.
 
Қайырханов  К-К.  Жануарлар  биохимиясы.  Алматы:  «Халықаралық  жазылым  Агенттігі» 
ЖШС, 2004. 
3.
 
Сейтембетова Л.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. Алматы: Білім, 1994. 
4.
 
Сеитов З.С. Биологическая химия. - Алматы, Қайнар 1992 (на каз. языке). 
5.
 
Сеитов З.С. Биохимия (на русс. языке). - Алматы, 2001. 
6.
 
Сеитов З.С. Биохимия (на каз. языке). - Алматы, 2007. 
7.
 
Сеитов С.З., Бейсебеков М.К. Физическая и коллоидная кнмня. Алматы, 1993. 
8.
 
Сеитов З.С., Бейсебеков М.К. Физическая и коллоидная химия (на каз.  яз.). - Алматы, 
1993. 
 
Қосымша: 
1.
 
Методические указания к лабораторным заиятиям с основами  физической, коллоидной и 
биологической химии (на казахском и русском яэыках). Колл. авторовАлматы, 1991. 
2.
 
Ленинджер Л. Основы бихимии. - М.: Мир, 1985.  
3.
 
 Чечеткин Л.В, и др. Биохимия животных. - М.: 1982. 
4.
 
Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия ссльскохозяйственных животных. М. 1984. 
5.
 
Кононский А.И. Биохимия животных, Киев, 1980 . 
6.
 
Николаев А.Я. Биологическая химия. - М.: 1991.  
7.      Степаненко Б.М.. Курс органичеекон химии. - М.: Высшая школа, 19 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал