Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым


Үшбұрыштарды шешу тарауын қорытындылау



бет19/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Үшбұрыштарды шешу тарауын қорытындылау

Үшбұрыштарды шешу тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында қорытынды сабағын өткіздім. Алдын ала сынып окушылары төрт топқа бөлінеді. Toп жетекшілері сайланады.


1-топ. «Ойлы орталық» (Әр түрлі сұрақтарға жауап береді, тұжырымдарды дәлелдейді).
2-топ. «Есепкерлер» тобы. (Үшбұрыштарды шешуге байланысты әртүрлі қолданбалы есептерді шығарады).
3-топ. «Тарихшылар» тобы. (Тарихтан мағлұмат береді).
4-топ. «Сәулет» тобы. (Үшбұрыштарды салу, салу есептерін қарастырады). (Әр топ жеке-жеке отырады).
I. Сұрақтар. Мұнда оқушылардың тарау бойынша теориялық білімдері тексеріледі.
1) Үшбұрыш деген не? Элементтері, түрлері.
2) Үшбұрыш бұрышының қосындысы.
3) Косинустар теоремасы.
4) Үшбұрыш теңсіздігі.
5) Синустар теоремасы.
6) Пифагор теоремасы.
7) Пифагор теоремасына кері теорема.
8) ABC үшбұрышында В бұрышы болса, a, b, c қабырғаларының қайсысы үлкен? Неліктен?
9) Егер тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғаларынан кіші болса, онда төбесіндегі бұрышы қандай болады ? Неліктен ?
II. «Дөңгелек үстел». Жүргізуші әр топқа тапсырмалар таратады. Сол бойынша жауаптар алынады.
«Ойлы орталық» тобына берілетін тапсырмалар:
1) Пифагор теоремасы косинустар теоремасынан шыға ма?
2) Пифагор теоремасының кітаптағыдан басқа дәлелдемесін келтір.
3) Қабырғасы а-ға тең ромбының диагональдарының квадраттарының қосындысы неге тең ?
4) Үшбұрыштың тамаша төрт нүктесі.
«Есепкерлер» тобына берілетін тапсырмалар.
1) Ұзындықтары 2 м, 0,8 м, 1,6 м болатын стержендерден ұштарын дәнекерлеу арқылы үшбұрыш құрастыруға болатынын дәлелде және оның бұрыштарын тап.
(Үшбұрыш теңсіздігі: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы басқа екі қабырғасынан ұзындықтарының қосындысынан кіші болады. Сондықтан ұзындықтары берілген стержендерден үшбұрыш құрастыруға болады.
Косинустар, синустар теоремалары бойынша үшбұрыштың бұрыштары табылады).
2) Футбол добы аландағы қақпаның В және С дінгектерінің түбінен 23 м және 24 м қашықтықтағы А нүктесіндe жатыр. Футболшы допты қақпаға қарай тепті. Егер қақпаның ені 7 метрге тең болса, онда доптың кақпаға кіру бұрышы а қандай болады?




1-сурет
(Есептің шешуі косинустар теоремасы арқылы ізделеді).
3) Материалық нүкте арасындағы бұрышы a =50° болатын екі күш
Р =100Н, Q = 200Н әсер етеді. Осы екі күшке тең шамалы күшті табыңдар.




2-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет