Үшбұрыш
Үшбұрыш деп бір түзуде жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қос-қостан қосатын үш кесіндіден тұратын фигураны атайды. Нүктелер үшбұрыштың төбелері, ал кесінділер қабырғалары деп аталады.
1-суретте төбелері А, В, С, ал қабырғалары АВ, ВС, АС болатын үшбұрыш кескінделген. Үшбұрышты төбелері арқылы белгілейді. «Үшбұрыш» деген сөздің орнына кейде таңбасын қолданады.
Мысалы, 1-суреттегі үшбұрыш былай белгіленеді: АВС.
АВС үшбұрышының А төбесіндегі бұрышы деп АВ және АС жарты түзулерімен жасалатын бұрышты айтады. Үшбұрыштың В және С төбелеріндегі бұрыштары да осылай анықталады.
Егер екі кесіндінің ұзындықтары бірдей болса, онда олар тең кесінділер деп аталады. Егер екі бұрыштың градус есебімен бұрыштық шамалары бірдей болса, онда олар тең бұрыштар деп аталады.
Егер үшбұрыштардың сәйкес қабырғалары және сәйкес бұрыштары тең болса, онда олар тең үшбұрыштар деп аталады. Сонда сәйкес бұрыштар сәйкес қабырғаларға қарсы жатуы тиіс.
2-суретте өзара тең АВС және А1В1С1 үшбұрыштары көрсетілген. Бұларда:
АВ = А1В1 , АС = А1С1 , ВС = В1С1 ,
А=А1 , В=В1 , С=С1 .
Сызбада тең кесінділерді, әдетте бір, екі не үш сызықшамен, ал тең бұрыштарды бір, екі не үш кішкене доғамен белгілейді.
Үшбұрыштардың теңдігін көрсету үшін, әдетте теңдік белгісі « = » пайдаланылады. АВС = А1В1С1 жазуы былай оқылады: «АВС үшбұрышы А1В1С1 үшбұрышына тең». Бұл жерде үшбұрыш төбелерінің жазылу ретінің мәні бар. АВС = А1В1С1 теңдігі мынаны білдіреді: А=А1 , В=В1.... Ал, АВС = В1А1 С1 теңдігінің мәнісі мүлде басқаша: А = В1, В = А1
Достарыңызбен бөлісу: |