«Математика» кафедрасы БӨЖ


Ортағасырлық өнер: кескіндеме



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата12.10.2024
өлшемі0,57 Mb.
#147901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ффффф

Ортағасырлық өнер: кескіндеме 
Сол кезде фреска мен картина жасаумен шын таланты бар, сурет салуға 
қажетті қабілеті барлар ғана айналысты. Бұл шығармашылық жұмыс хобби 



немесе ойын-сауық түрі емес еді. Ортағасырлық өнер шеберлерге белгілі 
талаптар қойды. Әрбір картинаның немесе фресканың өз тұтынушысы болды. 
Әдетте, шіркеу қабырғалары, құрбандық үстелі немесе дұға ету бөлмесі 
боялған. Орта ғасырлардағы суретшілерді қолөнершілер деп атауға болады, 
мысалы, ұсталар немесе ұсталар. Сондықтан да олардың көпшілігінің есімдері 
күні бүгінге дейін сақталмаған. Мәселен, етікшілер әр аяқ киімге өз 
қолтаңбасын қоя бермейді. Сонымен қатар, фрескаларды жасау көбінесе 
ұжымдық болды. Суретшілер қоршаған дүниені дәл көшіруді мақсат еткен жоқ. 
Ортағасырлық өнер адамдарға моральдық және эмоционалдық әсер етті. 
Осыдан белгілі бір айтылмаған ережелер қалыптасты:Бір кенепте әр түрлі 
уақыт аралықтарында бір кейіпкерді көрсету (қазіргі комикстерге 
ұқсас).Оқиғаны мүмкіндігінше көрінетін ету үшін адамның нақты өлшемін 
елемеу.Орта ғасырдағы витраж өнері негізінен діни тақырыптарға негізделген. 
Әдетте, олар «Мәсіхтің туған күні», «Айқышқа шегелу», «Мәсіхтің 
құштарлығы», «Мадонна мен бала» және т.б. тақырыптарды салған.2 Көне Грек 
философиясының дамуының салыстырмалы үш кезеңінің өкілдері. 
Сәулет өнері 
XI ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Байыған шіркеулер 
сансыз діндарларды сыйғызу үшін храмдарды ұлғайтты. Қарапайым ағашпен 
жабылған жайдақ төбелерін тас күмбездермен алмастырды. Оны қалың 
қабырғалар ғана көтере алатын еді. Сол уақыттағы құрылысшылар Ежелгі 
Римнің сәулет өнерінен көп үлгі алды, сондықтан да ХІ-ХІІ ғасырлардағы 
ғимараттарды роман( латын сөзі Рома-Рим) ғимараттары деп атады. Роман 
храмы қабырғалары тегіс, биік мұнаралы, алып ғимараттар еді. Күмбездерінде, 
терезелерінде храмның кіре берісінде доға тәрізді аркалар қайталанып 
отырылды. Роман храмдары өзінің сұстылығымен және күрделілігімен қамал 
тәрізденіп, католик шіркеуінің құдыретіне сенім туғызуға тиіс болды. Олар 
үйсіз-күйсіз, қашқан –пысқан халықтарға баспана қызметін де атқарды. ХІІ 
ғасырдың аяғынан бастап мырзалардың өктемдігінен құтылған қала 
тұрғындары сауда үйлерін, ратушалар, соборлар, ауруханалар, қонақүйлерін 
сала бастады. ХІІ-XV ғасырлардағы құрылыстар готикалық деп атала бастады. 
Құрылысшы шеберлігінің одан әрі өсе түсуі ауыр доға тәріздес күмбездерді 
неғұрлым жеңіл, шошақ тәріздес күмбезбен алмастыруға мүмкіндік берді. Енді 
қалың қабырғаның керегі болмай қалды. Қаракөлеңке храмынан өзгешілігі – 
готикалық соборлар үлкен терезелерімен жарқырап көрінеді. Қайталанып 
келетін аркалары, сәнді құрама күмбездері тіреулермен безендірілген биік 
мұнаралары- ослардың бәрі аспанмен тілдескендей мән беретін. Ең үлкен 
готикалық 
мұнараның 
биіктігі 
150 
метрге 
дейін 
жетіп, 
Египет 
пирамидаларынан да асып түсті. Сәнді аса үлкен собордың ішінде діндарлар 
құдіретті Құдай алдында өздерін дәрменсіз және мүсәпір сезінуге өздерінің 
бүкіл ойын сезімін соған арнауға тиіс болды. Сонымен бірге келушілер 
собордың сәулеттілігі мен әсемдігін сүйсіне тамашалады. Ортағасырлық 
ғимараттар қазірдің өзінде де оны жасаушы-шеберлер ой-қиялдарының 
шексіздігімен сүйсіндіреді. Готикалық соборлады салуға көптеген адам , тіпті 



сәулетшілердің, тас қалаушылардың, ағаш шеберлерінің, әйнекшілердің 
бүтіндей ұрпағы қатынасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет