Математика кафедрасы



бет5/7
Дата21.12.2022
өлшемі215,84 Kb.
#58676
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тұрсынова Ақнұр Отчет 2022 тәрбие сағаты жоқ

МІНЕЗДЕМЕ
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ 11 «А» сынып оқушылары. Сыныпта барлығы 25 оқушы білім алады. Оның ішінде 16 қыз, 9 ұл бала бар.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы оқитын балалар саны – 8, орташа оқитын балалар саны –17.
Сынып оқушылары сынып ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепішілік, сынып аралық іс – шараларға сынып толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ.
Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.
Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа, қыс мезгілінде коньки тебуге барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.
Оқушылар маңызды емтиханға дайындалып жүрсе де, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысуға тырысады.
Алдағы уақытта 11 «А» сыныбының оқушылары емтихандарын «жақсы» бағаға тапсыруларына сенемін!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет