Мектеп: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Тұрсынова Ақнұр
Сынып: 11
Қатысқан оқушы саны:25
Қатыспаған оқушы саны:0
Сабақтың тақырыбы
Алғашқы функция және анықталмаған интеграл.
Анықталмаған интеграл қасиеттері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
11.3.1.3 - негізгі анықталмаған интегралдарды
Сабақтың мақсаты:
Алғашқы функцияның анықтамасын және негізгі қасиеттерін қайталайды;
Анықталмаған интегралды табуды үйренеді
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру сәті Амандасу. “Шарлар” әдісі. Мақсаты: топқа бөлу. Оқушылар сандықшадан кезекпен қағазды таңдап алады.
3 оқушы тақтаға шығып бір-бірден шардан жарады. Әр шардан
Туынды
Алғашқы функция
Интеграл
Деген сөздер шығады.
Оқушылар қолдарындағы парақтардағы сөз бойынша өз топтарына бөлінеді, әр қайсысы топ басшысының жанына барады.
Шарды жарған оқушы топ басшысы.
Тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:
«Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашуға түрткі болатын сұрақтар қойылады.-
Алғашқы функция анықтамасы
Алғашқы функцияның негізгі қасиеттері
Алғашқы функцияның геометриялық мағынасы
Алғашқы функцияны табудың ережелері
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Психологиялық ахуал.
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
10 минут
“Есіңде ме, формулалар?”
Ұяшықтар берілген, оқушылар сол ұяшықтардың біреуін тандап жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 балл.
Алғашқы функциясын табу:
Интерактивті тақта
Оқулықпен жұмыс 25 минут
Жұппен жұмыс Тапсырмалар интегралын есептеу:
Бағалау: «+»; «-»; «?» әдісі
Білім алушылар берілген тапсырма бойынша пікірлерін білдіреді.
Топтық тапсырмалар.
Соңы 5 минут
Сабақты бекіту Рефлексия Үйге тапсырма: Сандар сыры туралы мәлімет жинау
Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.
Кері байланыс
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Оқушыларға
“Кеме” кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
“Кеме”
Кері байланыс парағы.
Тәрбие сағаты Өз сабағыма педагогикалық-психологиялық талдау жасау Пәні: Алгебра
Сыныбы: 11 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Иррационал өрнектерді түрлендіру»
Сабақтың мақсаты: Иррационал өрнектерді түрлендіру бойынша есептер шығару. Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу.
Сабақтың тақырыбы: «Иррационал теңдеулерді шешу»
Сабақтыңмақсаттары:Иррационал теңдеулердің анықтамасын және иррационал теңдеулерді шешу әдістерін меңгерту. Теңдеудің екі жақ бөлігін бірдей дәрежеге шығару және жаңа айнымалыны еңгізу әдістерін есеп шығаруда пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтыңміндеттері: Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тұжырымдай отырып, берілген тапсырмаларда формулаларды тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлауға және алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында қолдана білу арқылы ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен шешім қабылдай отырып, жұмыс істеуге және тапсырманы ұқыпты орындауға, жазуға баулу.
Ресурстар: 11 сынып оқулығы, слайд-презентация, таблицалар.
Сабақтың өту әдісі: Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа дайындықтарын бақыладым. “Шар” әдісі арқылы топқа бөлдім. Бірнеше сұрақ беру арқылы өткен сабақты қайталаймыз. «Дұрыс -Бұрыс» стратегиясы арқылы оқушылардың теориялық материалды игеруін тексердім. “Миға шабуыл” әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашатын сұрақтар қойылды.
Сабақта сынып түгел белсене қатысып отырды. Сыныптың сабақты қабылдау деңгейі өте жоғары. Сабақ өткізуде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым.
Сабақ қорытындысы: Сабақтың мақсаты анық қойылды, білім қалыптастыруда түрлі жұмыстар ұйымдастырылып , тапсырмалар түрлендіріліп берілді .Қойылған мақсатқа толығымен жеттім , шынайы, айқын. Оқушылар өздері іздену арқылы, мұғалім көмегі арқылы жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен өз бетінше және ықыласпен оқып үйренді; Тақтада және слайдқа тақырыпты үш тілде жаздым,қазіргі талаптарға сай өзімше сабақты жоспарлағанда үш тілді кіргізгенім дұрыс деп ойладым, өйткені оқушыларға да қызықты болсын дедім.
Мұғалім сабағына педагогикалық-психологиялық талдау жасау Сыныбы: 10 «А»
Мұғалім: Раисова Қаракоз Сериковна
Сабақтың уақыты: 10:25-11:05
Пәні: Алгебра
Сабақтың тақырыбы: Күрделі функция туындысы
Сабақтың мақсаты: Күрделі функцияны құрастыра білу немесе күрделі функцияны элементар функцияларға жіктей білу дағдыларын меңгерту; күрделі функцияның туындысын табу ережесімен таныстырып, оны дұрыс қолдана білу машықтарын қалыптастыру;.
Ресурстар: 8 сынып оқулығы, слайд-презентация, таблицалар, карточкалар.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырма орындату. Сынып оқушыларын түгелдеп, үй тапсырмасын сұрады. Сабақта сынып түгел белсене қатысып отырды. Қаракоз Сериковна сабақты қызықты әрі түсінікті өтті. Сыныптың сабақты қабылдау деңгейі өте жоғары. Қаракоз Сериковна сабақ өтуде әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданды. Мысалы, өткен тақырыпқа шолу жасап, сұрақтар қою арқылы, оқушылардың қызығушылықтарын оятып, сабаққа деген ынта-жігерін арттырды.
Сабақтың параметрлері А. Сыныпты ұйымдастыра білуі;
Ә. Сабақтың біріккен 3 мақсаты және оны жүзеге асуы;
Б. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі;
В. Сабақ құрлымының сақталуы, уақытты тиімді пайдалану деңгейі;
Г. Оқушылардың қызметін ұйымдастыруы;
Ғ. Сабақтағы оқыту үрдісіндегі жүйелік және бірізділік;
Д. Сабақтағы мұғалім рөлі;
Е. Оқыту әдістерінің тиімділігі және мақсатқа сәйкестілігі:
Ж. Оқытудың даралығы;
З. Оқыту, тәрбиелеуде сабақтың соңғы нәтижесіне жетуі;
И. Мұғалім сипаты: сөзінің түсініктілігі, оқушыларға талап қоя білуі,сыртқы көрінісі, қарым – қатынас стилі, т.б;
К. Үй тапсырмасының берілу деңгейі;
Қ. Оқушылар білімінің бағалануы;
Л. Өзіндік талдау.
Қорытынды: Мұғалімнің бұл өткізген сабағында күрделі функцияларды құрастыруды және олардың туындысын табу ережелерін үйретті. Осы сабақ арқылы мұғалім оқушыларға тақырыпты ашып қана қоймай, олардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін дамыту, алгебра пәніне қызығушылығын арттыруға тырысты. Ұсыныс ретінде айтарым, топқа бөлгенде білім деңгейлеріне сай оқушыларды отырғызған дұрыс.