ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
IT ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Педагогикалық (үзіліссіз) іс-тәжірибе бойынша
ЕСЕБІ
Білім алушының аты-жөні: Тұрсынова Ақнұр
Жоғары мектебі: IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
Білім беру бағдарламасы шифры, атауы - 6В01508 «Математика-физика»
Курс- 3, күндізгі оқу түрі
Іс-тәжірибені өту орны-Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ
Мекемедегі іс-тәжірибе жетекшісі Шаяхметова А.О
Іс-тәжірибе жетекшісі (оқу орнынан) Жаксылыкова Ж.Р
Өскемен қаласы, 2022ж.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ (үзіліссіз) ІС—ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП
Мен, Тұрсынова Ақнұр Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Математика» мамандығының 3 курс студенті 2022 жылдың 5 – қырқүйегі мен 16 - желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ – де педагогикалық (үзіліссіз) іс-тәжірибеден өтуге жіберілдім.
Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында жоспарланған нақты міндеттер:
Мектеп және сынып ұжымымен танысу;
Математика пәні мұғалімі мен сынып жетекшісі және олардың нақты алдағы мақсат - міндеттерімен, жоспарларымен танысу;
Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен танысу, талдап, зерттеу;
Сынып ұжымының бас құжаттары, күнделіктері, сынып журналы, математика пәні бойынша дәптерлерімен танысу;
Математика пәні мұғалімінің іс-әрекетімен танысу;
Оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, кәсіптік пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
Оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау;
Әр оқушымен жеке, дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жасау;
Бекітілген сыныптың сабағына қатысу;
Балалармен, оқушылардың жеке топтарымен қарым-қатынас жасау;
Оқу жоспарымен, пән мұғалімінің күнтізбелік жоспарымен танысу;
Педагогикалық практиканың алғашқы күнінде пән мұғалімі Шаяхметова Айсулу Оралтаевна мектеп әкімшілігімен, оқушылармен таныстырды. Мекеменің жұмыс бағыттарын атап өтті. Өзінің құзырлығындағы екі студентті сыныптарға бекітті. Педагогикалық іс- тәжірибеден өту үшін маған 11 «А» сыныбы бекітілді. Іс-тәжірибе жетекшісі оқу мекемесінің біртұтас педагогикалық процесін басқару жүйесін таныстырды. Сабақта қолданылатын әдістер мен ұйымдастыру формулалары туралы таныстырды.
Мекемедегі іс- тәжірибе жетекшім Шаяхметова Айсулу Оралтаевнаның оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімнің сабақ жоспарлары, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін құжаттармен танысып, зерттеу жүргіздім.Сонымен қатар 11 «А» сыныбы туралы, сынып құрамы туралы толық мәлімет алдым.
Мұғалімнің сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгеру және тәжірибе жинақтау мақсатымен пән мұғалімінің және Айсулу Оралтаевнаның құзырлығындағы студенттердің жүргізген сабақтарына қатыстым.
Қысқа мерзімдік жоспар бойынша 11 «А» сыныбына «Алгебра» пәнінен жаңа тақырыптарды оқушыларға өтіп, әртүрлі әдіс-тәсілерді, көрнекіліктерді қолдана отырып оқушыларға есептер шығарттым. Күнделікті сабаққа дайындалып, оқушылардың дәптерлерін жинап алу арқылы үй жұмыстарын тексердім. Сабақ аяқталғаннан кейін міндетті түрде пән мұғалімі өткізген сабақтарыма қатысты талдау жүргізіп отырды. Талдаудың мен үшін маңызы зор болды, себебі әр сабақта айтылған кемшіліктерім мен қателіктерімнен сабақ алып, келесі сабақта ондай қателік жібермеуге тырыстым.
Сабақтар өткізе жүріп іс-тәжірибе жетекшімнен сабақ жүргізудің көптеген әдіс- тәсілдерін үйрендім.
Практика барысында пән мұғалімі Шаяхметова Айсулу Оралтаевнаға пән бойынша қысқа мерзімді жоспарлар, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған қосымша тапсырмалар құрастыруға, оқушылардың үй тапсырмаларын тексеруге көмектестім. Оқушылардың үй жұмыстарын тексеріп, қателескен жерлерін түзеп, түсіндіріп беріп отырдым.
Осы педагогикалық іс-тәжірибе барысында 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б» сыныптарының математика сабағына, 8 «А» - сыныбының алгебра және геометрия сабақтарына қатыстым. Сабақ өту барысында мұғалім алдымен оқушылармен жылы сәлемдесіп және сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудырып алды.Содан кейін оқушыларды түгендеді де, оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрады.Алгебра және геометрия пәні бойынша БЖБ, ТЖБ жұмыстарын тексеруге, бағалауға, қорытындылауға қатыстым.
Іс-тәжірибе барысында оқушыларды мұқият бақылап жүрдім. Сыныптағы оқушылардың құжаттарымен танысып, мінездеме жасауға кірістім. Зертеу барысындағы мәліметтерді жинақтап, талдап мінездеме жаздым. Барлық материалдарды жинақтап практика есебіне қостым. Қорытынды іс-тәжірибе есебін дайындап, қажетті материалдарды түгендедім. Іс-тәжірибе есебін жетекшіге өткізіп, талдадым.
Математика пәні мұғалімінің маған психологиялық - педагогикалық терең білімі, өз пәнін өте жақсы білетіндігі, балалармен сабырлы қарым – қатынасы, кез – келген мәселені ақылмен, байсалдылықпен шешетіні және үнемі бәріне үлгеріп жүретіндігі, жұмыстағы тиянақтылығы мен құжаттарының реттілігі өте қатты ұнады. Наурыз мерекесіне байланысты сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Айсулу Оралтаевна маған педагогикалық іс – тәжірибе жинауыма үлкен көмегін тигізді. 11 «А» сыныбымен жақынырақ таныстым.
Осы педагогикалық іс-тәжірибе барысында өзіме үлкен тәжірибе жинақтадым және бұл болашаққа жасаған қадамдарымның алғашқысы деп есептеймін. Жоғары оқу орнында алған теориялық білімді осы іс-тәжірибенің арқасында практика жүзінде қолдана білдім. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін ескеруде және оқушылармен қарым -қатынас жасау барысында педагогика мен психология пәні өте үлкен көмегін тигізді.
Балалармен жақын араласып, мұғалімдік мамандықтың қиын да қызық әрі асқан жауапкершілікті қажет ететін мамандық екенін түсіндім. Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері – оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Тұтастай педагогикалық қарым- қатынас орнату ең маңызды мәселе. Осы мәселені шешу осы іс-тәжірибе арқылы жүзеге асты.
Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибеден өткен уақыт аралықтарында мен мұғалімнің бойынан табылуға тиісті қасиеттер мен сабақ беру әдістемесін үйрендім. Осы өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе барысында пән мұғалімінен жақсы үлгі алып, өз білімімді толықтырып,шыңдадым.
Қорытындылай келе, осы іс-тәжірибеден өту барысында қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы- жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат деген ойға келдім. Сонымен қатар, мұғалім тек өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, педагог әрі психолог болу керек екендігін түсіндім.
Іс-тәжірибеден өтуші: _______ Тұрсынова Ақнұр
қолы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ –нің 11 «А» сыныбына
Достарыңызбен бөлісу: |