Іс-тәжірибеден өтуші студент: Тұрсынова Ақнұр
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ –нің 11 «А» сынып оқушысы Алимжанов Нурсултанға
МІНЕЗДЕМЕ Алимжанов Нурсултан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ-нің 11 «А» сынып оқушысы. Ұлты – қазақ. Нурсултан - оқу озаты, үлгілі оқушы. Мектептегі негізгі пәндердің барлығын сүйіп оқиды. Нурсултан сыныптастарының арасында беделді оқушы. Нурсултан өте ізденімпаз, дарынды оқушы, әрдайым тек кітапта берілген есептермен шектелмей, басқа кітаптардан қосымша есептер шығарып, үнемі алға қарай ұмтылып жүреді. Сонымен қатар оның оқу іскерлігі өте жақсы дамыған, өз бетінше көптеген күрделі есептерді шығарып, білмегенін сұрап, үнемі талпынып отырады. Сабырлы, парасатты және салмақты мінезімен ерекшеленеді. Нурсултанның бойынан бүкіл жақсы қасиеттерді байқауға болады: адал, мейірімді, кішіпейіл, қарапайым, өте ұқыпты әрі тиянақты, еңбекқор.
Сыныппен қарым – қатынасы өте жақсы, мінезі ашық, тәрбиелі, бәрімен тез араласып кетеді және достары да өте көп. Сабақты ешқашанда себепсіз босатқан емес.
Үй тапсырмаларын жүйелі,тиянақты түрде орындайды.Есте сақтау қабілеті өте жоғары, оқу материалдарын өте жылдам меңгеріп, тез қабылдайды. Әсіресе, математика-жаратылыстану пәндеріне қызығушылығы өте жоғары. Математика пәні бойынша өткен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздармен марапатталған.
Нурсултан тек сабақты жақсы оқып қана қоймай,сонымен қатар қоғамдық іс -шараларға да белсене қатысады.
Мен алдағы уақытта Нурсултанның болашағынан зор үміт күттіретін, болашағы жарқын тұлға болатындығына кәміл сенемін. Нурсултан осы қалпынан таймай, үнемі мақсаттарына қарай ұмытылатын болса, талай белестерді бағындырары даусыз.