ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4(76), 2021 г.
12
көрсетілген. Жалпы айтқанда Ә.Н. Шыныбеков ж.б авторлығында жазылған
оқулықта әр тақырып
аясында табиғаттағы құбылыстарға қолданылуы берілген; геометриялық,
физикалық маңыздылығы
көрсетілген; қосымша электронды ресурстар ұсынылған. Әр екі оқулықтың да артықшылықтарын
ескеріп, 10-сыныптарда сабақ өту барысында DEAL және Джигсо әдістерінен кеңінен пайдаланып,
оқушылардың топтағы белсенділігі және өз бетімен зерттеушілік қабілеттері қалыптастырылды.
Ізденіс-зерттеушілік тапсырмалар - бұл шешімді оқыту барысында
шығармашылық ойлау
компоненттерін қалыптастыруды ұйымдастыруға болатын проблемалық тапсырмалардың бір
түрі [14]. Проблемалар қою дегеніміз – оқушылардың есеп шығару үшін проблеманы қоя білу
қабілеті. Бұл математиканы интегративті оқытуда оқушыларға ғылыми
зерттеушілік іс-әрекетпен
айналысу қажет екендігіне байланысты [15].
2020-2021 оқу жылы жалпы орта мектеп бітіру емтиханында 11-сыныптың жаратылыстану-
математикалық бағытында 1-нұсқада: «
𝑦 = 2𝑥 − 𝑥
2
функциясының графигімен,
осы функцияға
абсциссасы х=2 болатын нүктеде жүргізілген жанамамен және ордината осімен шектелген фигураның
ауданын табыңыз», 2-нұсқада: «
𝑦 = −𝑥
2
− 2𝑥
функциясының графигімен, осы функцияға абсциссасы
х=-2 болатын нүктеде жүргізілген жанамамен және ординат осімен шектелген фигураның ауданын
табыңыз» есептер берілген. Есептерді шығару үшін оқушылар 6-сынып
математика пәніндегі
сызықты функцияның графигін салу, 8-сыныптағы квадрат функцияның графигін салу, 10-сыныптағы
жанама
теңдеуін табу, 11-сыныптағы функция графиктерімен шектелген қисық сызықты
трапецияның ауданы тақырыптарының барлығын меңгерген болуы керек. Осындай есептерді
оқушыларға ТЖБ кезінде бере отырып, олардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту керек.
Достарыңызбен бөлісу: