Математика пәні бойынша жазба жұмыстары: математикалық диктант, өзіндік жұмысы, тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары. Математика курсының мазмұны жыл бойы тірек білім, білік және дағдыларды белсендіруді көздейді
Түсініктеме Математика пәні бойынша жазба жұмыстары: математикалық диктант, өзіндік жұмысы, тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары. Математика курсының мазмұны жыл бойы тірек білім, білік және дағдыларды белсендіруді көздейді. Бұрынғы өтілген материалдарды бекіту негізінде жаңа мәліметтерді енгізу арқылы оны үнемі дамыту жүзеге асырылады. Бұл өз кезеңінде оқытылатын ұғымдар арасында жаңа байланысты салыстыруға, жалпылауға, тағайындауға, логикалық байланыстарды жүйелеуге мүмкіндік береді.
Тоқсан
Бақылау жұмысы
І
2
ІІ
2
ІІІ
3
ІV
3
Барлығы
10
2-сыныптарға арналған математика пәнінен жазба жұмыстарының нормасы. Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері «5» - барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған: «4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3 өрескел емес қателер жіберілсе; «3» - 5-ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателерболса; «2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе; Бақылау жұмыстарының көлемі 2 сыныптың І жартыжылдығында 20 минутқа негізделген. 2 сыныптың ІІ жарты жылдығында 30 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеруі тиіс.