«Математика» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Математика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар қазақ тілінде ұсынылған.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Магистратураға түсуші талапкерлердің білімін бақылауға арналған Математика курсы бойынша тесттер жинағы. «А» деңгейіндегі тапсырмалар математикалық талдау, алгебра, аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер және ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың негізгі іргелі ұғымдарын тексеруге бағытталған. «В» және «С» деңгейлерінің тапсырмаларын орындау үшін әртүрлі мәселелерді шешуде математикалық талдау, алгебра, аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер және ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін қолдану мүмкіндігін талап етеді.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:
жеңіл (A) – 9тапсырма (30%);
орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
7. Тапсырмаформасы: Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Темірғалиев Н.Т. Математикалық анализ 1 том. Алматы: 1977.
Беклемишов Д.В. Курс аналитической геометрии и линейной алгебры. 10-е изд., испр. –М.: Физматлит, 2005.
Бадаев С.А. Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия: оқу құралы.- Аламты: 2010.
Флиппов А.Ф. Сборник задач по дифференциальным уравнениям. М.: Наука, 1975.
Жаңбырбаев Б.С., Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері, Аламты: 2006.