Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі: сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану; жазықтықтың жалпы теңдеуін (ax+by+cz+d=0) нормаль вектор және осы жазықтықтағы нүкте бойынша құрастыра білу; түзудің канондық теңдеуін құрастыру; түзу теңдеуінің канондық түрінен параметрлік түріне көше алу; берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін құру;
Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы:нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану; түзулер арасындағы бұрышты (түзулердің теңдеулері бойынша) табу; координаталардағы түзулердің параллельдігі мен перпендикулярлығы шартын есептер шығаруда қолдану;
Тізбектер: арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;
арифметикалық немесе геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару; шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін қолдану; геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару;
Тригонометрия:тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу; тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу әдісін білу; арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу; кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін білу; тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше білу; тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше білу; біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше білу; тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық функциялардың дәрежесін төмендету формулалары арқылы шеше білу; тригонометриялық теңдеулерді қосымша аргумент енгізу әдісі арқылы шеше білу; тригонометриялық теңдеулерді универсал алмастыру арқылы шеше білу; тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу; қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу; тригонометриялық функциялардың анықтамаларын білу; бірлік шеңбердегі нүктелердің координаталары мен тригонометриялық функциялардың өзара байланысын білу; келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану; бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану; тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;