Мәтінді есептерді шығару: қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану; мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу; мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару; пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару; шамаларды берілген қатынаста бөлу; шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу; мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;
Комбинаторика элементтері:комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері); қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу; қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару; оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру; ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығару үшін оны қолдану; ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу;
Кеңістіктегі, жазықтықтағы перпендикулярлық:түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық анықтамасын, белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану; үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану; нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу; түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу; жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу; жазықтықтардың перпендикулярлық белгісі мен қасиетін білу және оларды есептер шығаруда қолдану; призма, пирамида (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
Көпжақтар:призма, пирамида (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
Айналу денелері және олардың элементтері: айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар, сфера) элементтерін табуға есептер шығару; айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар, сфера) элементтерін табуға есептер шығару; конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану; қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандары формуларына есептер шығару; пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану; цилиндр көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану; конус және қиық конус көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану; шар және оның бөліктері көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есеп шығаруда қолдану; көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу; геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару;