Математика пәнінен оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту әдістері.- Ақтөбе: ред.-баспа бөлімі «Өрлеу» БАҰО филиалы – 2019. –80б.
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
Оқушының математикалық дағдысын дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс.
©АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Алғы сөз
Бала қызыққыш, әр нәрсеге құмар келеді. Көрсем екен, ұстасам екен, жұмбақ дүниенің сырын біле қойсам екен, деген талапта болады. Шәкірттер психологиясында «білмеймін» деу сирек кездеседі. Ал, осындай ынтаны, талапты мұғалім жандандыра түсуі керек. Білуге деген «ұшқынды» жалындата білу мұғалімнің тәжрибесі мен творчестволық шеберлігіне байланысты . Әрине, бұл бағытта көп оқу көп іздену, әр сабақтың жүйесін толғанып, ойланып шешу қажет. Мұны жүзеге асыруда әрбір оқу пәнінің өзіндік мүмкіндіктері бар. Осы тұрғыдан алғанда әсіресе, математиканың орны ерекше. Өйткені математиканың әрбір жаттығуы ой жұмысын қажет етеді. Тіпті ең қарапайым жаттығуларының өзі-ақ шәкірттердің ақыл ойын, логикалық ойлау қабілетін ұштай түседі. Алайда оқушылардың қызығуы, белсенділігінің артуы, жан-жақты ойлана ізденуі, жалпы алғанда, өздігінен жұмыс жасауға еңбектенуге дағдылануы өзінен-өзі келетін қасиет емес. Ол арнайы ұйымдастырылып, дәйектілікпен үнемі жүргізілетін жұмыс жүйесіне, оның мазмұны мен түрлеріне байланысты. Осы саладағы қандай да болсын жетістік – творчествалық еңбектің, үздіксіз ізденістің жемісі.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда математика сабағы ерекше орын алады. Өйткені оның әрбір жаттығуы ой жұмысын қажет етеді. Сондықтан мұғалімнің сабақты оқушыларға бұрыннан таныс ережедегі, берілген жаттығулардан бастап, бірте-бірте күрделендіру бағытында құрған дұрыс. Математика сабағында оқушыларға, математикалық таблицаларды және терминдерді жақсы меңгертудің үлкен мәні бар. Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту шамаларды салыстыру, есеп шығаруға жоспар құру, есеп құрастыру, шығарылған есептерді талдау, түсініктемелер жазу, сондай-ақ, ауызша есептеу арқылы жүзеге асады.
Күндегі дағды бойынша ауызша мысалдар мен сұрақтарға жауап алғаннан кейін сабақтың жүрісін мүлде өзгертіп 2 оқушыны тақтаға шақырдым. Және бір оқушыны соңынан шығардым. «Алдымен тақтаға неше оқушы шықты? Соңынан неше оқушы щықты? Барлығы қанша болды?» сұрақтарын бердім.
Тақтаға бір оқушы 2+1=3 деп жазды. Оқушыларды орындарына отырғызып, бір оқушыға тақта сүрткіздім де, оған екі оқушыны көмекке жібердім. Енді тақтадағы оқушыларға жоғарыдағы сұрақтарды қойып 1+2=3 мысалын жаздырдым. Оқушыларға осы екі мысалдағы айырмашылықты табыңдар деп, оларды ойландыра сұрақ қойдым. Оқушылардың жауаптарынан қосылғыштардың орны ауысып тұрғаны анықталды . Қосынды неге бірдей?» деген сұраққа оқушылар: 1-ге 2-ні қосқанда да ,2-ге 1-ді қосқанда да, 3 шығады деп жауап берді. Бұдан оқушылар орындары ауысқан қосылғышқа бола қосынды өзгермейді деген ұғымға келіп , ереже қорытты. Міне осындай жұмыстың түрлері оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға үлкен септігін тигізері анық.
Сондай-ақ сабақта оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға бала табиғатына сай дайындалған көрнекіліктің орны рекше. Оны тиімді, жүйелі нақтылы пайдалану керек. Өз тәжірибемде мынадай көрнекі оқу-құрал жабдықтарын жиі пайдаланамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану – оқушылар белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі. Өйткені, оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте құмар келеді. Орынды ұйымдастырылған ойын процесінде балалар тез серігіп, тапсырманы шапшаң және дәл орындайтын болады
Сабақта қарастырылған мәселе бойынша келтірілетін түсіндірменің және соның барысында орындалатын ой жүйесінің үлгілерін жетешкі сұрақтар арқылы бағыттау да оқушылардың ойлау қабілеттерін артттырады және сол материалды саналы игеруге негіз жасайды.
Тәжірибеде оқушылардың ойлау белсенділігін арттырудың бұдан да басқа жолдары белгілі. Ол балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына, олардың оқу еңбегінің қарапайым дағдыларын игеруіне, қарастырылған мәселенің мән-мазмұнын саналы игеруіне зор ықпал жасайды. Сондықтан оны іске асыру жолында іздену ұстаздар қауымының негізгі міндеттерінің бірі демекпін.
Достарыңызбен бөлісу: |