Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуда ұстаздар алдына мынадай шарттар қойылады: Қызығушылығын дамыту шарттары:
Интеллектуалдық өсуіне жағдай туғызу;
Танымдық іс – əрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;
Өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;
Оқушылардың бастамалары мен өзіндік жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау;
Оқушының логикалық ойлауын дамыту шарттары: Еркін ойлауға жол ашу;
Жұмыс істеу барысында оқушының зейінін тұрақтандырып, логикалық ойға шоғырландыру;
Қиял-əрекетіне еркіндік бере отырып қолдану;
Логикалық ойлау əрекетіне бағыт- бағдар беру;
Белсенділікті дамыту шарттары: Əр оқушының еркін дамуына жағдай жасау;
Əр оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету;
Білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің мазмұнын өзгертетін жұмыстарды іске асыру (топтық, жеке, жұппен).
Танымдық қызығушылықтарын дамытатын жаттығуларды дидактикалық ойындар арқылы математика пəнінде терең меңгертіп, оны жетілдіру əр ұстаздың шығармашылық ізденісіне байланысты.
Математика сабағында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытатын дидактикалық ойындар:
Таңертеңгі сағат 9-да балық аулауға барған бала кешкі 8-де қайтып келеды. Бала балық аулауға қанша уақыт жіберген?
Қыста үйде тұрған екі жылқыға 20 кг жем осындай мөлшермен беріледі. Осындай мөлшермен 7 сиырға қанша килограмм жем беріледі?
Ажардың ағасы əрқайсысы 3 кг болатын 3 шортан балығын алып келді. Ол барлығы неше килограмм балық əкелді?
Диастың апасы əрқайсысы 6 килограммнан 18 кг табан балық əкелді. Ол неше балық əкелді?
Алты – жеті айлық əр ботаға күніне орта есеппен 6 кг пішен беріледі. Күніне 3 ботаға неше килограмм пішен беріледі?
Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал төрт жұмыртқа неше минутта піседі?
Атыраудан Қарағандыға дейін поезбен 24 сағатта, ал ұшақпен одан 6 сағат бұрын жетуге болады. Автобус неше сағат жүреді?
Шұғыланың апасы 18 кг бірінші сортты, одан 16 килограмм артық жоғары сортты ұн сатып алды. Шұғыланың апасы барлығы неше килограмм ұн сатып алды?