Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар


Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде бастауыш мектеп мұғалімінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруының



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі110 Kb.
#16313
түріСабақ
1   2   3   4
1.2. Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде бастауыш мектеп мұғалімінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруының

өзіндік ерекшелігі.

Талабы таудай, қабілет қарымы мол ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қоыс жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.

Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты бағыты жүйеленген әдістемелері немесе тәсілдері жоқ. Дарындылықты дамыту ұстаздарға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға байланысты. Осы орайда құрылған дарын мектеп-интернаттарының негізгі міндеті: қала облыс көлемінде ерекше қабілетті балаларды іздеу, қабілеттілігінің бағытын анықтау және оны әрі қарай дамыта түсу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру. Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:

1-кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау жүйесін құру.

2-кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау жүйесін құру.

3-кезең. Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы оның білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамыта түсу жүйесін құру.

Дарындылықтың дамуы, нәтижелі болуы біріншіден мұғалім еңбегінің көрінісі, ал екіншіден оқу жоспарының дұрыс құрылып, жүйелі түрде іске асырылуында. Мұғалімнің оқу -тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагогикалық шеберлігінің маңызы зор. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше түрі бар. Мұғалім ең алдымен ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып-үйренуі тиіс. Өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті , әрі нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстанымдылығына байланысты. Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. Кейбір мұғалімдер баланың қабілеттілігін, оның оқу материалдарын тез ұға алушылығымен. ғана байланыстырады. Бұл жерде мұғалімнің аса сезімталдығы қажет. Өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттернне байланысты табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетіен балаларда аз емес. Осындай баяу лйланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл идеоглогиялық тұрғыдан өрескел қате болып есептеледі.

Бала дарындылығын тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұларды нақты жағдайларға оқушылардың жас және дара ерекшеліктері, туған жері мен отбасы жағдайына байланысты жүргізе білу әрбәр мүғалімнің жеке шығармашылық ісі.

Әдетте, дарынды балалардың қабілеті басқа оқушылардан ерекше болады. Дарынды балалардың қабілеттерін ойдағыдай дамыту үшін қабілеттерінің қандай дәрежеде қалыптасқанына зер салғаны абзал.

Мұғалімнің оқу –тәрбие жұмысындағы әдіс – тәсілдердінің қай – қайсысы болсын, оқушылардың сана – сезімін. Ақыл – ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан дарынды оқушылардың ерекшеліктерін біліп, санасып отыру керек. Қазіргі таңда Векслер Равиннің интелектуалды зерттеуге арналған тестісі бойынша түрлі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дарынды оқушылар мен жұмыс жүргізуде олардың жеке ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан бірнеше бөлікке бөліа қарастырады. Оның құрамындағы ең басты бөлік – оның бағыты (өмірлік позициясы, сенім, талғамы, қызығуы);

Екінші бөлік – жеке адамның танымдық – психикалық қасеттері (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял).

Үшінші бөлік – оқушының сезімі мен ергі.

Төртінші бөлік – оқушының темпераменті.

Бесінші бөлік – оқушының қабілеті (іс - әрекет мүмкіншілігі).

Дарынды оқушыларды таңдау барысында мына ерекшеліктерге баса назар аударылады:

Бірінші – дарынды бала өзгеше ойлайды және шапшаң ойлайды. Яғни, көп көлемде білім меңгереді және оларды ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

Екінші – дарынды балалардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі. Өте сезімтал, толыққандылық, ықылас қойған нәрсенің тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.

Үшінші – дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеу жиі – жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.

Төртінші – әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болу, достық әзілдік сезімнің басым түсуі.

Дарынды оқушы бұл 4 топтың бірінде өте жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін. Егер осы қасиетті, ізгілікті жерде жақсы бір тағаммен ұштасып жатса, жылдар өте келе бұл балалардан үлкен кемеңгер шығуы ғажап емес. Дарынды балалардың қабілетінің арта түсуі мақсатында мұғалім сыныпта мынадай жұмыстар жүргізеді:



  1. Сыныпта дарынды балалар туралы мәлімет жинау және қай пәннен дарынды екенін анықтау;

  2. Дарынды балаларға түрлі зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесінде мінездеме жазу.

Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет