Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту. Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктері: ойын тақырыбына байланысты плакат, математикаға байланысты нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар,интерактивті тақта.
1-Кезең «Таныстыру»
1-топ «Тапқырлар» 2-топ «Біліктілер»
2-Кезең «ғалымдар сұрауы»
1-топ «Тапқырлар»
1.«Математика-ғылымдар патшасы» деген сөзді айтқан математик.
2.Ноль қай елдің сөзі және қандай мағынаны білдіреді.
3. Цифр қай елдің сөзі.
4.Оң және теріс сандарға түсінік беріп,координаталар жазықтығын енгізген ғалым.
5.Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан.
2-топ «Біліктілер»
1. «Негіздер» кітабының авторы кім.
2. «Дөңгелекті өлшеу» еңбегінің авторы
3. Қазіргі геометрия оқулығы қай математиктің еңбегіне негізделіп жасалған.
4.Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім?
5. 1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик
3-Кезең «Танымдық ойындар»
«Сөзжұмбақ»
1-топ «Тапқырлар»
2-топ «Біліктілер»
4-Кезең «Кім Жылдам?»
Жауабын тап!
1-топ «Тапқырлар»
Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» – деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы,1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»-деп жауап берген. Неше оқушы?
2-топ «Біліктілер»
Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсы»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?