Тақырыбы:“Математика кафесі” атты сайыс.
Мақсаты: -Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
-Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту.оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ойын тақырыбына байланысты плакат, математикаға байланысты нақыл сөздер,математик ғалымдардың портреттері, үлестірмелі карточкалар.
Пәнаралық байланыс:Тарих,бейнелеу,логика, қазақ тілі
Ойын барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.
II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары:
Ас мәзірі: 1. Сусын «Кока-кола», «Миринда» «Спрайт»
2. Салат «Рагу»
3. Салат «Математикалық винегрет»
4. Торт «Мадонна»
5. «Нан корзинасы»
III. Жеңістерді анықтау, марапаттау.
Сайыс барысы:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке бүгінгі кеште орын бар.
Олай болса, бұл не тұрыс,
Кешімізді біз бастайық.Сіздерден кафеге жайғасуларыңызды сұраймыз!
Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!
Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп
Мектебімізде өтіліп жатқан «Математикалық кафеге» қош келдіңіздер демекпін! Біздің кафемізде бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдерімен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар!
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе,
ортаға «Геометрия» тобының оқушыларын шақырамыз
Қол соғып қарсы алайық!
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсатын.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты – деп
«Алгебра» тобын ортаға шақырамыз!
Қандай сынақ болса дағы беріспе
Әрқашанда үміткерсіз жеңіске-дей келе
Ортаға «Математика» тобын шақырамыз
Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар.
Сондай – ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің кафенің таңсық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Кафе мәзірінен колориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге біздің кафеде өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар мен бармендер әрқашан да сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!
Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы өтемексіздер!
Ас мәзірі: