Математикалық сауаттылық Нұсқау



Дата04.09.2023
өлшемі141,06 Kb.
#105992
Байланысты:
Matematikaly -sauattyly -I-n s a (2) 2


МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ


Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.
1. Eгер логикалық амал мына түрде 𝑛𝑛 ⋈ 𝑚𝑚 = (𝑛𝑛 − 𝑚𝑚)(𝑛𝑛 + 𝑚𝑚) берілсе, 7 ⋈ 2
өрнегінің мәнін табыңыз

  1. 25

  2. 35

  3. 15

  4. 45

  5. 14

  1. Kөбейтіндісі 210 болатын тізбектелген екі натурал санның үлкенін табу үшін құрылған теңдеу

A) х∙(х+2)=210
B) х∙(х–1)=210
C) (х+1):х=210
D) х:(х+1)=210
E) х:(х–1)=210

  1. Жазықтықта кез келген үшеуі бір түзудің бойында жатпайтын жеті нүкте берілген. Осы жеті нүкте кесінді ұштары болатындай етіп жүргізуге болатын

барлық мүмкін кесінділер саны

    1. 40

    2. 21

    3. 42

    4. 20

    5. 35

  1. Cандар белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды анықтаңыз



    1. 52

    2. 42

    3. 53

    4. 36

    5. 45

  1. Kестеде Күн жүйесіндегі планеталардың сипаттамасы берілген

Планеталар

Күннен алшақтығы

млн. км

Жер

149,6

Сатурн

1427,0

Меркурий

57,9

Нептун

4496,6

Шолпан

108,2

Марс

227,9

Юпитер

778,3

Уран

2869,6

Плутон

5900

Жер мен Нептунның арақашықтығы

    1. 4337 млн. км

    2. 4247 млн. км

    3. 4437 млн. км

    4. 4347 млн. км

    5. 4447 млн. км

  1. Cаяна, Нұргүл, Жанкүміс, Айнұр суретте көрсетілгендей орындарда тұр. Егер Саяна мен Нұргүлдің арақашықтығы 7 м болса, онда Айнұр мен Жанкүмістің арақашықтығын анықтаңыз



    1. 10 м

    2. 8 м

    3. 7 м

    4. 9 м

    5. 6 м

  1. Берілген сурет бойынша ОА=2м, ОВ=4 м. Қасиет үлкен шеңбер бойымен үш айналым, ал Самал кіші шеңбер бойымен төрт айналым жүгірген болса, онда Қасиеттің барлық жүрген жолы Самалдың барлық жүрген жолынан қаншаға артық екенін көрсетіңіз. Мұндағы 𝜋𝜋 ≈ 3

    1. 24 м

    2. 25 м

    3. 16 м

    4. 18 м

    5. 20 м

  2. 112 т жүкті үш жүк машинасына артты. Сонда екінші машинада біріншіге қарағанда 4 т жүк кем, ал үшіншіге қарағанда 6 т жүк артық болды. Екінші машинада қанша жүк болғанын табу үшін құрылған теңдеу

A) (х+4)+х+(х–6)=112
B) (х–4)+х+(х+6)=112
C) (х–4)+х+(х–6)=112
D) (х+4)+х+(х+6)=112
E) (х–4)+х–(х+6)=112

  1. Қораптағы шарлар саны бағанды диаграммада көрсетілген. Қара түсті шар қораптағы барлық шардың неше процентін құрайтынын анықтаңыз


A) 25%
B) 21%
C) 15%
D) 20%
E) 16%
10. 12,2; 5,3; 13,2; 9,7; 7,9; 5,0; 6,5; 8,7; 5,6; 13,0 сандары облыс көлеміндегі шаруашылықтардың 2020 жылы дәнді дақылдардың бір гектарынан алынған өнімділігін береді. Берілген сандардың өзгеріс ауқымын табыңыз
A) 10,2
B) 6,2
C) 8,2
D) 9,2
E) 7,2

  1. 24 тонна жүкті 120 км ұзақтықтағы жерге тасымалдау керек. Екі тасымалдау фирмасының біреуінің қызметін пайдалануға болады. Төмендегі кестеде тасымалдаудың бағалары көрсетілген. Бағасына қарай арзан нұсқаны таңдап, тасымалдау бағасын анықтаңыз.

Тасымалдаушы фирма

Қашықтыққа қарай тасымалдау бағасы
(10 км үшін, теңге)

Жүк салмағына қарай тасымалдау бағасы
(1 тонна үшін, теңге)

Озат

1500

700

Көмек

1400

800

A) 30200 тг
B) 36000 тг
C) 34800 тг
D) 32400 тг
E) 33500 тг

  1. 1-суретте берілген цилиндр пішінді ыдыс толығымен суға толып тұр. Биіктігі мен табан радиусы цилиндрдікімен бірдей болатын конус 2- суреттегідей

цилиндр ішіне төңкерілгенде ыдыстағы біршама су төгіліп қалды. Ыдыс ішінде қалған су көлемін табыңыз


A) 9750𝜋𝜋 см3
B) 11250𝜋𝜋 см3
C) 9000𝜋𝜋 см3
D) 3750𝜋𝜋 см3
E) 7500𝜋𝜋 см3

  1. Tрактор бригадасы егістік жерді жоспар бойынша 14 күнде жыртып болуы керек еді. Бригада күн сайын жоспардағыдан 5 га артық жыртқандықтан, жер жыртуды екі күн бұрын аяқтады. Егістік жердің ауданын табыңыз.

    1. 400 га

    2. 430 га

    3. 350 га

    4. 250 га

    5. 420 га

  2. Берілген кестеде заттың саны мен оларға төленген ақшасы көрсетілген. Бірінші заттың бағасы екінші заттың бағасының қандай пайызын құрайтынын анықтаңыз.

Зат

Саны

Төленген ақша
(теңге)

I-ші

11

165

II-ші

27

540

A) 35%
B) 75%
C) 65%
D) 45%
E) 55%

  1. Tөмендегі сурет бойынша аудандары тең шамалас фигураларды табыңыз



    1. 3 пен 5

    2. 2 мен 4

    3. 1 мен 3

    4. 4 пен 5

    5. 3 пен 4


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет