3-есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.
АВС үшбұрышының В төбесіндегі бұрыш 48°-қа тең, ал С бұрышымен сыбайлас бұрыш – 102°.
1-сұрақ. АСВ бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .
2-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Үшбұрыштың А төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
4-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
4-есеп. Қозғалыс.
Бірінші пойыздың жылдамдығы 70км/сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан 5км/сағ-қа кем.
1-сұрақ. 5 сағ-та әр пойыз қанша километр жол жүреді? Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Егер ұзындығы 270 км жолда пойыздар бір-біріне қарама-қарсы бағытта бір мезетте қозғалатын болса, онда қанша сағаттан кейін кездеседі? Жауабы: ________ .
5- есеп. Көпбұрыштар. Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген (22-сурет). Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
22-сурет
1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген? Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген?
Жауабы: ___________.
4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген?
Жауабы: ___________.
6- есеп. Фигураның ауданы.
Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып табылатын төртбұрыш іштей сызылған (20-сурет).
20-сурет
1-сұрақ. Боялған фигураның ауданы неге тең? Жауабы: ________ .
2-сұрақ. Боялған фигураның өлшемдері қандай? Жауабы: ________ .
3-сұрақ. Боялған фигураның периметрі неге тең? Жауабы: ________ .
4-сұрақ. Боялған фигураның ауданы берілген тіктөртбұрыштың ауданынан қанша пайыз кем?
Жауабы: ________ .
7-есеп. Жанармай.
2016 жылы 1 литр бензиннің бағасы 125 тг. Ал 2007 жылы 1 литр бензиннің бағасы 23,2%-ға арзан болған.
1-сұрақ: 1 литр бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай?
Жауабы: __________
2-сұрақ: 2016 жылығы 1 литр бензиннің бағасы 2007 жылмен салыстырғанда қанша теңгеге қымбат?
Жауабы: __________
8-есеп. Қозғалыс.
Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/с жылдамдықпен жүрді.
1-сұрақ. Жолды 0,5 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс жылдамдығын қаншаға арттыруы керек?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Жолды 20 км/с жылдамдықпен жүрсе, онда уақыт қалай өзгереді? Жауабы: ___________.
9- есеп. Санау.
Егер газеттің ашылған парағының сол жақ беті он сегізінші деп, ал оң жағы
– отыз алтыншы деп нөмірленсе, онда осы газетте неше бет болғаны? Жауабы: ___________.
Достарыңызбен бөлісу: |