Математикалық сауаттылық


Жауабы: Қызанақ №23.Квадрат қабырғасын неше пайызға кеміткенде оның ауданы 36%-ға  кемиді? Шешуі



Pdf көрінісі
бет31/43
Дата02.02.2023
өлшемі2,13 Mb.
#64534
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
ҰБТ

Жауабы: Қызанақ
№23.Квадрат қабырғасын неше пайызға кеміткенде оның ауданы 36%-ға 
кемиді?
Шешуі: Квадраттың бастапқы ауданының 100 – 36 = 64 %-і қалған. 
0,64 = (0,8)
2
, онда қабырғасы 1-0.8 = 0.2 = 20%- ке кеміген. 
Жауабы: 20% 
№24. 30% -ы 60 санының 90%- ын құрайтын санды табыңыз.
Шешуі: 60 сананын 90%-ы 60*0,9=54 болады. 30% -ы 54-ке тен. 
Санда табу үшін 54 –і 0,3 –ке бөлеміз. 54: 0,3 = 180. 
Жауабы: 180 
120
150
100
80
110
90
120
77
60
77
0
20
40
60
80
100
120
140
160


2.2 . Өзбетімен шығаруға арналған есептер. 
1. Қарбыздың 98%-і су. 5 кг қарбызда қанша су бар?
Жауабы: 4,9 кг
2. Әсеттің массасы 35 кг. Адам массасының 65%-і су. Әсеттің денесінде неше 
кг су бар?
Жауабы: 22,75 кг 
3. Тік төртбұрыштың ұзындығы 15 дм, ауданы 90дм
2
. Оның ені 
ұзындығының неше проценті?
Жауабы: 40%.
4. Бұйымның бағасы 12%-ке арзағанда, 440 теңге болды. Бұйымның алғашқы 
бағасы неше теңге болған?
Жауабы: 500 
5. Атай жинақ кассасына жылына 10%-тік өсіммен 
мың теңге ақша салды. 
Атайдың ақшасы 1 жылдан соң қанша теңге болады?
Жауабы: 40,04 мың теңге
6. Алманың бағасы қаңтар айының барысында 30%-ке, ал ақпан айының 
барысында 20%-ке көтерілді. Осы екі айдың ішінде баға қанша процентке 
көтерілді?
Жауабы: 56% 
7. Фирма жарнама агенттеріне заказ құнының 5%-ін төлейді. 200 теңге табу 
үшін, заказдың құны қанша болу керек?
8. Фотоаппараттың бағасы бір айдың ішінде бірінші 18%-ке, одан кейін 20%-
ке төмендеді, соңында 1640 теңге болды. Фотоаппараттың бастапқы бағасын 
табыңыз:
Жауабы: 2500 теңге
9. Жұмысшы еңбек ақысын орындағын нормасы бойынша алады. Айдың 
аяғында нормасын 20%-ке асырса орындағаны үшін 8400 теңге алды. Оған 
осы айда қосымша есептелген ақшасын табыңыз. Жауабы: 1400 теңге
Жауабы: 1400 теңге


10. Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4%-ке арттырмақ. 
Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын 
табыңыз.
Жауабы: 1248 теңге
11. Май заводы күніне 50ц сүт қабылдап, оның 59%-ін май дайындайтын 
цехқа жібереді. Онда қабылданған сүттің 16%-індей май алынады. Завод 
күніне неше центнер май дайындайтынын табыңыз.
Жауабы: 47,2 ц 
12. Машина бір қала мен екінші қаланың арасын 3 күн жүрді. Ол бірінші күні 
52,8км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта барлық жүругі тиісті жолдың 12%-ін, 
екінші күні қалған жолдың 60%-ін жүрді. Машина үшінші күні қанша жол 
жүруге тиісті екенін табыңыз. 
Жауабы: 619,52 км 
13. Қоймада 100 кг жидек бар еді. Тексере келгенде жидек құрамының 99%-і 
су екен. Біраз уақыт өткеннен кейін жидектегі су мөлшері 98%-ке дейін 
азайды. Сонда қалған жидек массасының қанша екенін табыңыз.
Жауабы: 50 кг 
14. Тауардың бағасын алдымен 20%-ке, ал содан кейін жаңа бағасын тағы да 
25%-ке кемітті. Тауардың бастапқы бағасын барлығы неше процент 
кеміткен? 
Жауабы: 40% 
15. Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. 
Ағылшын тіліндегі кітаптар шет тіліндегі кітаптардың 40%-ін, француз 
тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап-неміс 
тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде қанша кітап бар?
Жауабы: 700 
16. Тік төртбұрыштың ені оның ұзындығының 75%-ін құрайды. Осы тік 
төртбұрыштың ауданы 48м
2
болса, оның периметрін табыңыз.
Жауабы: 28 м


17. 1 кг май 80 теңге тұратын, ал бір жылдан кейін 360 теңге болды. Май 
қанша процентке қымбаттады?
Жауабы: 350% 
18. 14 т капуста магазинге әкелінді. Барлық капустаның 30%-і сатылды. 
Магазинде қанша капуста қалды?
Жауабы: 9,8 т
19.Ракета бір сағаттың ішінде жанармайдың 15%-ін жағады. Егер ракета 
ұшырылғаннан бір сағаттан соң онда 170 тонна жанармай қалса, 
жанармайдың бастапқы шамасы қандай болғаны?
Жауабы: 200 т 
20. Товар 1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Товардың өзіндік 
құнын анықтаңыз.
Жауабы: 1260 мың теңге
21. 56 санының 25% табыңыз.
Жауабы: 14 
22. 55 санының 20% табыңыз.
Жауабы: 11 
23. 45 санының 30% табыңыз.
Жауабы: 13,5 
24. 65 санының 40% табыңыз.
Жауабы: 26 
25.Бүлдіргеннің 6% құмшекер болады. 27 кг бүлдіргеннің неше құмшекер 
болады.
Жауабы: 1,26 
26. 200 санының 5%-ін табыңыз.
Жауабы: 10 
27. 900 санының 12%-ін табыңыз.
Жауабы: 108 
28. 
5
1
3
санының 25%-ін табыңыз.
Жауабы: 
5
4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет