№14. Дүкен «Математика» оқулығын жаппай
сатылымнан біреуін
400 тг-ден алады және 30% үстеме қосып сатады. 2000 теңгеге осы
дүкеннен ең көп дегенде неше «Математика»
оқулығын сатып алуға
болады?
Шешуі: 30% үстеме қосқандағы кітап бағасы 400 *1,3 = 520 тг. 2000
теңгеге осы дүкеннен ең көп дегенде 2000 : 520 = 3 ( қалдық 440 тг )
«Математика» оқулығын сатып алуға болады.
Жауабы:_3._№15._Пойызға_билет_2000_тг._тұрады._Билет_15%-ке_қымбаттағаннан_кейін_9800_теңгеге_ең_көп_дегенде_неше_билет_сатып_алуға_болады_Шешуі'>Жауабы: 3.
№15. Пойызға билет 2000 тг. тұрады. Билет 15%-ке қымбаттағаннан
кейін 9800 теңгеге ең көп дегенде неше билет сатып алуға болады?
Шешуі: 15% -ке қымбаттағаннан кейін билет бағасы 2000 * 1,15
=2300 тг. 9800 теңгеге ең көп дегенде 9800: 2300 = 4 ( қалдық 600 тг)
билет сатып алуға болады.
Жауабы: 4
№16. Жазда куртка бағасы 8000 тг.ал қыста 10 000 тг. Куртканың
қыстағы бағасы жаздағы бағасынан неше процентке қымбат ?
Шешуі: Куртканың қыстағы бағасы жаздағы бағасынан 10 000 –
8000=2000
теңгеге қымбат, ол 8000 теңгенің 25%-ы.
Жауабы: 25%
№17. Заттың жаңа бағасы ескі бағасын 25% -ке көтергеннен алынады.
Заттың ескі бағасының жаңа бағасына қатынасын табыңыз.
Шешуі: Заттың ескі бағасы х болсын. Онда жаңа бағасы 1,25х
болады. х:1,25х = 0,8 .
Жауабы: 0,8
№18. Кішкентай дүкендегі балмұздақ бағасы 150 тг. Негізінде оның
бағасы 195 тг. Балмұздақты өз бағасымен сату үшін
қазіргі бағасын неше
пайызға көтеру керек?
Достарыңызбен бөлісу: