Логикалық есептер сайысы
9 сыныптар
1-ші бөлім. Қызықты жұмбақ есептерді шешу.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай (1асық)
7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
1/10 санының кері саны? (10)
Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)
Жарты түзу. (сәуле)
Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
225 нешенің квадраты (15)
Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
Ең үлкен хорда. (диаметр)
2-ші бөлім. Сиқырлы мозайка.Кестадегі әріптерден сөздерді табу.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай (1асық)
3-ші бөлім. Адасқан әріптерді табу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай (1асық)
1. апрцетяи -трапеция
2. еңшреб – шеңбер
3. еомгтоитя-гомотетия
1. шұбршүы - үшбұрыш
2. трұбышрөт-төртбұрыш
3.тоглаоьрон-ортогональ
1. рвадкат – квадрат
2.ирнцилд-цилиндр
3.тикстатаис-статистика
4-ші бөлім. Ойымды жалғастыр. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай (1асық)
1.Жеті жұрттың тілін біл, …………………….( жеті түрлі білім іл)
2.Білікті бірді жығар, ……………………….(білімді мыңды жығар)
3.Екі жақсы қас болмас, ………………………(екі жаман дос болмас)
4.Досыңды үш күн сынама, ………………………(үш жыл сына)
5.Бір елі ауызға- …………………….(екі елі қақпақ)
6.Жүз сомың болғанша, …………………(жүз досың болсын)
7.Отыз тістен шыққан сөз, ……………………..(отыз елге тарайды)
8.Білгенің бір тоғыз, …………………..(білмегенің тоқсан тоғыз)
9.Бір кісі қазған құдықтан, ………………….(мың кісі су ішеді)
10.Алты жасар бала келсе, ……………….(алпыстаға қария келіп сәлем берер) * 11.Білгенің бір тоғыз,.................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)
12.Батыр бір рет өледі,.................................(Қорқақ мың рет өледі)
13.Екі аяқтыда құрдас тату,..................................(Төрт аяқтыда бота тату)
14.Жалғыз ағаш үй болмас,...................................(Жалғыз жігіт би болмас)
15.Ақылсыз достан мың сақтан......................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)
5-ші бөлім. Логикалық есептер. Шығармашылық тапсырма. Сұрақты оқушылар келесі топқа қойып, жауаптарын тексереді. Әр топ 5 логикалық есеп. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай (1асық).
6-шы бөлім. Ең көп логикалық есеп жинаған сынып .
(30 ұпай 3 асық, 20 ұпай 2 асық,10 ұпай 1 асық).
Әр топтың жинаған ұпайларын жинап, есептеп жеңімпаз топты, яғни, жеңімпаз сыныпты анықтау,марапаттау.
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет!- дей отырып, бүгінгі сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |