Математикалық сауаттылық



бет2/6
Дата15.11.2023
өлшемі51,15 Kb.
#122645
1   2   3   4   5   6
Бағдарламаның өзектілігі: математикалық сауаттылық курсы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, оларға практикалық мазмұнды есептердің мағынасын түсіне отырып шешудің тиімді тәсілдерін үйренуге мүмкіндік береді. Күрделі және стандартты емес есептерді шешудің оңтайлы жолдарын меңгере отырып, мазмұнды есептерді шешуде өмірмен байланыстыра алады.
Мәтінді және логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттері ғана емес, математикалық сауаттылықтары артады.
Бағдарламаның мақсаты: математика пәні бойынша оқушылардың сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, математиканы күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қолдану, мәселелерді шешудің тиімді жолын үйрену, күрделі, стандартты емес есептерді шешуді дағдыландыру.
Бағдарламаның міндеттері: -әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, практикалық мазмұнды есептерді шешу;
-теориялық алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, қолдана білу; -есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында нақты іс-тәжірибені қолдану; -нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетy, толықтыру.
Күтілетін нәтижелер: -күрделі практикалық мазмұнды есептерді өмірмен байланыстыра отырып шеше алады; -стандартты емес есептерді шешудің маңыздылығын ұғынады; -оқушылар есептер шешудің негізгі әдістерін меңгереді.


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
І тарау. Сандар теориясы (7 сағ)
Жоғарғы дәрежелі санның соңғы цифрын анықтауға берілген есептер. Адам жасын анықтауға берілген есептер. Белгілі бір заңдылықты анықтау арқылы белгісіз санды табу.
ІІ тарау. Мәтінді есептер (10 сағ)
Пайыз.Пропорция. Концентрацияға берілген есептер. Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептер. Қозғалысқа берілген есептер.
IV Тарау.Геометриялық мағынадағы есептер (15 сағ)
Бұрыштар мен үшбұрыштарға берілген есептер. Квадрат. Тік төртбұрыш. Параллелограмм. Ромб. Трапеция. Көпбұрыштар. Шеңбер және дөңгелек. Шеңберге іштей сызылған бұрыштар және олардың қасиеттері. Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы туралы теорема.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет